Асқа арнау
Тұлпарлар топқа келіп дүрліккендей, Қалың ел қанатты сөз жыр күткендей. Ассалаумағалейкум арда қазақ, Жаратқан ынтымақ пен бірлік бергей. Ағайын пейілдерің ыстық екен Ертістің қатқан мұзын жібіткендей.
Алаштың арысына жыр арнайды, Кеудесін шабыт керген жігіт мендей. Бұл жерден талай мықты шыққан екен Бір басын арман, қиял, үміт керней.
Солардың бірегейі Перуаш бабам Жүрегін жұрты үшін жұлып бергей. Келгендер шындық ойды аршып айтып Болмайық ақиқатты іріккендей.
Малтабар ердің тойын жасап жатыр, Ақсарбас көк қасқасын жығып терлей. Дүркіреп той өткізген текті ұрпағы Тарихын бабасының тірілткендей.
Ақын қалай ақиқатқа бойламайды, Шын асыл шың басына ой қалайды. Безбүйрек кері кеткен кер қоғамда Аспандағы аяулы жойған айды.
Тарихта Махамбеттің басын кесіп Арсыздар шімірікпей сойды Абайды. Сібірге арыстарды айдап салып, Қазақты апармады қайда қайғы.
Арландай арға берік Перуаш ер, Ойламаған қара басы, пайда жайлы. Жұлдыздай ағып өткен жасын ғұмыр Жиырма үш жасқа келіп тайғанайды. Есімін жаңғыртайын ел алдында Тілімді бүгін ешкім байламайды.
Бір ғасырлық батырдың тойын көріп Қалайша бұлбұл көмей сайрамайды.
Тұрамын елім барда жаси неден, Кеудемде қара Ертістей тасиды өлең. Тағдырдың тақсіретін естігенде, Іштен тынып күрсініп рас именем.
Атылған арыстарды еске алғанда Жаутаңдап жанарына жас үйді өрен. Бөрідей өз жарасын емдеп жазған, Бабалардан тектілікті рас игерем.
Атамыздың өмірі үлгі өнеге Қорғақтық қорлануға бас имеген. Ұлты үшін бəйге қылып алтын басын Тұлпар ед тұяғымен тас илеген.
Жан баба айғайыңнан мұңыңды ұқтым, Болашақ ұрпағыңнан дүбір күттің Ардақты ұстаз болып шəкірттерге
Білімнің кəусарынан тұнық жұттың. Бірлігін Алашымның арман еттің, Шындығын түру үшін шымылдықтың. Ұранын Алашымның тұғыр қылдың, Кесілгенін қаламай туырлықтың.
Түнерген қара аспан, қара тұман Елім деген ерлердің тілін жұттың. Түрмеде сүтпен жазып өлмес жырды,
Қалдырған асыл жарға сырыңды ұқтым Арасынан нұр сəуле төктің елге Қаптаған қара түнек зұлымдықтың.
Еркін елміз атып тұр таңдар алдан, Ерлер барда өткенбіз бар қамалдан. Бүгінде шындықты іздер мұрағатта Құпия құжаттар көп қордаланған. Ібілістер қаптаған сұр заманда Түнекке əділдік пен ар қамалған.
Арыстар азаттық деп құлаш ұрып Қорықпаған тамұқ менен жандаралдан. Алаштың өр тұлғалы асылдары-ай Ұлтым деп ақ алмасын қанға малған.
Дəл біздей ұрпақтармен жалғасады Бабалар артындағы қалған арман.
Құт жайлап қазағымның кер даласын, Білетін абыз елміз төр бағасын.
Айбынын өр Алаштың асқақтатып Дүрілдеген той өтті Арқада шын. Ерейментау төрінде мерейленіп Азаматтар ой айтып шалқаласын. Әлихан, Ахмет пен Міржақыптай Тамырын жалғандықтың балталасын. Біртуар Кəрімұлы Перуашты Толықтай танып жатыр алты Алашым. Тұрлыбектей өр ұлдың орны бөлек, Әкедей биік қойған ар бағасын.
Азаттай ағамызға алғыс айтам Тəңірім жамандықтан қалқаласын. Атқарған сауапты ісін көрген кезде Кеңейіп сала берді арқа, басым.
Ақ Жолыңыз ақ жолдан айнымасын, Мойындатқан қазақтың бар қаласын. Тірлігің текті жұртым баянды боп, Бірлігің мен берекең тарқамасын.