АЛАШ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒЫТЫ: КЕШЕ ЖӘНЕ БҮГІН
Түйін: Автор ХХ ғасырдың басындағы Алаш қозғалысы қайраткерлерінің экономикалық көзқарастары мен экономи- ка дамуының кезеңдері туралы тұжымдарын зерттейді. Алаш қозғалысының экономикалық тұжырымдары тек қана теориялық ілім ретінде ғана емес, Алаш партиясы мен Алаш Орда үкіметі өмір сүрген жылдары жəне Жаңа экономикалық саясат кезін- де жүзеге асырылғанын айтады. ХХІ ғасырда Алаш қозғалысы қайраткерлерінің экономикалық тұжырымдарының маңызы арта түскендігі туралы қорытынды жасаған.
Кілт сөздер: Алаш қозғалысы, ХХ ғасырдың басы, экономикалық ойлардың тарихы.
Алаш қозғалысы зиялыларының «экономика» туралы түсінігі
«Экономика» ұғымы шаруашылықты жүргізу ережелерінің жиынтығы, білімі, өнері деген мағына беретін — «ойкос» (үй, шаруашылық) жəне «номос» (білемін, заң) деген сөздерден тұрады.
«Экономика» сөзін б.з.б. VI ғасырда грек ақыны Геспод алғаш рет қолданса, ғылыми айналымға грек ойшылдары Ксенофонт жəне Аристотель енгізді.
Қазіргі кезде «экономика» ұғымының кеңінен таралған бір- неше анықтамасы қалыптасты. Олардың бірінде, экономика – қоғамның шаруашылық əрекеті, сонымен қоса адамдардың ара- сында өндіру, бөлу, айырбастау, тұтыну жүйесінде қалыптасқан қатынастардың жиынтығы десе, екінші бір анықтамада, «экономи- ка» — адамның өмірлік игіліктерді жасау жолымен қажеттіліктерін қанағаттандыру бағытында шаруашылық жүргізу əдістері мен тəсілдерін зерттейтін ғылым саласы деген түсінік береді.
ХХ ғасырдың басында Алаш қозғалысының зиялылары «эко- номика» ұғымына мынадай анықтамалар берді: «шаруашылық» деп дүниелік жиюды айтамыз, дүниелік деп адам баласының тір- шілігіне керекті айтамыз деп жазса, сонымен қоса дүниелікті табу, ұқсату, сақтау жүзіндегі адам баласының істейтін ісін шаруашылық дейміз дейді [1].
Алаш қозғалысы зиялыларының «экономика» ұғымына берген анықтамаларына назар аударсақ, экономика ұғымының қазақша ба- ламасы ретінде қазақ тіліндегі «шаруашылық» сөзін қолданғанын, сонымен қоса қазіргі кезде қалыптасқан əрі мойындалған ғылыми анықтамалармен мəндес келіп, қарапайым жəне жеңіл тілмен жазылғандығына көзіміз жетеді.
Алаш қозғалысы зиялыларының экономиканың даму кезеңдері туралы тұжырымы
Экономика тарихының даму кезеңдерін қарастырғанда, Алаш зиялылары негізінен неміс мектебі ғалымдарының көзқарастарын басшылыққа алды. Олар негізінен неміс экономист-ғалымдары Ф.Лист жəне К.Бюхердің еңбектері болып табылады.
Алаш қозғалысының зиялылары К. Бюхер экономиканың дамуын кезеңдеуде сауданы негізге алғанын дəйектейді: «Бұл шаруашылық өзгерістің негізіне сауданы алып, сауда жолы кеңіп, ұлғайған сайын, шаруашылық арасындағы тіркесу күшейіп, қалай тұтасып келіп, осы күйге жеткенін көрсетеді», — деп, ол кезеңдерге жеке-жеке тоқталып, түсініктеме берді:
- Үй-үйдің шаруашылығы өзінен аспаған заман. Әр үй өзіне керегін өзі тауып, өзгеге ауыспай, өзіне тұтынған заман. Бұл за- ман адам баласының өмірінде ұзақ болған заман.
- Қала-қаланың шаруашылығы өзінен аспаған заман. Әр қала, өзінде жасаған нәрселерін өз маңайындағы ауылдардан келген нәрсеге айырбастап, онда да алған нәрселер екінші бір жаққа жіберу үшін емес. Сол қаланың я ауылдың өзінде тұтыну үшін ғана айырбасталады. Бұл әркім өзінде барының артығын өзінде жоққа айырбастап, сауда жүрген заман. Бірақ сауда қаладағы мен ауылдағы адамдардың арасынан алысқа ұзамаған заман.
- Ұлт-ұлттың шаруашылығы тұтасып шаруашылығы ұлғайған заман. Әр ұлт өзі ұқсатып шығарған шаруашылық жүзіндегі нәрселерін өз арасынан басқа жаққа асырмай я асыр- са, маңайындағы жақын сыбай ұлттарға ғана асырған заман. Бір ұлттың нәрсесі екінші ұлтқа аспаса да, оннан кемшілік келіп қысылмаған заман.
- Бүкіл дүние шаруашылығы тұтасып, бір ұлттың шаруашылығы басқа ұлттардың шаруашылығына қараған біздің осы заман» [2].
К.Бюхердің «Халық шаруашылығының пайда болуы» еңбе- гімен танысып қоймай, мынадай дербес тұжырымдар жасалған: ХІХ ғасырдан бастап əлем елдерінің шаруашылығы жаңа даму кезеңіне аяқ басты, мемлекеттердің арасында өзара ынтымақ- тастық орнады. Егер де, мемлекет оқшаулану саясатын жүргізсе, онда ол мемлекеттің шаруашылығы құлдырайды, халқының əлеуметтік жағдайы нашарлайды.
ХХ ғасырдың басында Алаш қозғалысының зиялылары жасаған экономикалық тұжырымдар – ХХІ ғасырда аксиомаға айналды. Бүгінгі тəуелсіз Қазақстанның саяси-экономикалық бағдарламаларының өзегі болып қаланды. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы экономикалық ынтымақтастықтарды қолдайтын ба- стамашыл бағытын ХХ ғасырда қазақ зиялылары анықтап берген еді.
Неміс экономика мектебінің өкілі Ф.Листтің «Саяси экономияның ұлттық жүйесі» еңбегімен танысып, экономиканың дамуында шешуші рөль атқарған кезеңдерді атап көрсетеді жəне экономика дамуының əрбір кезеңіне сипаттама берді:
- Екпеген жердің жемісін теріп, бақпаған хайуандарды ау- лап, алып жеп, адам баласы аңшылықпен, балықшылықпен күн көрген кездегі шаруашылық қырқасы.
- Хайуанды үйір қылып, үйрете біліп, мал жиған, малмен күн көрген бақташылық кездегі шаруашылық қырқасы.
- Жерден терген жемісті егіп шығарса да болатындығын байқап, егінмен тамақ асырап күн көрген кездегі шаруашылық қырқасы.
- Жоғары кәсіптердің үстіне қолөнерін кәсіп қылып, со- нымен мал тауып, тамақ асырап, дүниелік жия білген кездегі шаруашылық қырқасы.
- Қолөнері күшейіп, бұрынғы кәсіптердің үстіне айырбас келіп, яғни сауда келіп қосылады. Бұл егін, қолөнері, сауда кәсіптері толысқан кездегі шаруашылық қырқасы.
- Машина шығып, кәсіптердің көбі машина арқылы істеліп, жүріс-тұрыс, хабарласу-қатынасу жолы жеңілдеген осы кездегі шаруашылық [2, 245].
Экономика тарихы бағытындағы тұжырымдар 1915 жылы
«Қазақ» газетінің бетінде «Шаруашылық өзгерісі» деген атпен басылған мақалалар сериясында айқындалды. Бұл мақалалар сериясын А.Байтұрсынұлы мен Ә.Бөкейхан жазды деген пікір қонымды болып келеді. «Шаруашылық өзгерісі» мақалаларының экономикалық ғылыми теориясын Ұлт көсемі Ә.Бөкейхан жаз- са, Ұлт-ұстазы, қазақ ағартушысы А.Байтұрсынұлы экономи- ка ғылымын қазақ тілінде сөйлетті, экономика ғылымында қалыптасқан халықаралық ғылыми ұғымдарды қазақ тілінде жет- кізді. Экономика ғылымының қазақ тіліндегі ғылыми тілінің не- гізін қалады. Қазіргі кезде, біз кеңінен қолданылатын, кəсіпорын, қолөнер т.б. сөздерді А.Байтұрсынұлы осы мақалада тұңғыш рет жазып, жариялағанын біле бермейміз.
Неміс-ғалымы Ф.Лист еңбегін зерттеп, мынадай тұжырым- дарға тоқталды:
Экономика үнемі бірқалыпты дамымайды, өзгеріп отырады, уақыт өткен сайын əлем шаруашылығы ұлғая түседі;
Ұлт шаруашылығына 10 фактор əсер етеді: 1. Табиғат; 2. Тек;
- Ел жиілігі; 4. Шеберлік; 5. Басқа елді алу; 6. Салт, саясат, заң;
- Дін, мінез, құлық; 8. Білім һəм оның көп-аз таралуы; 9. Өнер;
- Мемлекет мақсаты. Осы тұжырымдары қарастыра отырып, қозғалыстың өкілдерінде, макроэкономика жəне гиперэкономика туралы түсніктері болған деген қорытынды жасаймыз.
Ұлт шаруашылығын дамыту үшін өндірістік қатынастарды нығайту керек жəне оның дұрыс басқарылуын қамтамасыз етіп, білім беру, ағартушылыққа көп мəн берудің маңызын ашты.
Алаш Орда үкіметінің төрағасы Ә.Бөкейханның жəне қазақ тіл білімінің академигі А.Байтұрсынұлының экономика тари- хы бойынша зерттеулерін М.Тұрғанбай жалғастырды. Алаш қозғалысының зиялысы М.Тұрғанбай экономика тарихы бойын- ша зерттеулер жүргізіп, нəтижесінде, Алаш көсемдерінің жетек- шелігімен экономиканы кезеңдеудің Алаштық тұжырымдамасын жасады. Алаштық тұжырымдама 1918 жылы «Абай» журналында
«Шаруашылық» деген атпен жарияланды.
М.Тұрғанбай «Шаруашылықта» шаруаның көптігіне, түрлілігіне, қарап, көңілге төмендегідей сауалдар келеді: Ша- руаны не нəрсе туғызған? Неге əртүрлі болған? Біз бұл жолғы мақаламызда осы екі сауалға жауап беріп өтпекпіз. Дүниеде нендей шаруашылық болса, бəрінде «мұқтаждық» деген нəрсе туғызған деп жазды [3]. Осыған дейін Еуропа ғалымдары шаруашылық дамуын кезеңдеуде шаруашылыққа əсер ететін факторларды негізге алып келсе, ұлттық-демократиялық қазақ зиялылары экономикалық дамудың басты қозғаушы күші, адамды əрекетке итермелеуші күші – «қажеттілікті» негізге алып, шаруашылық да- муын мынадай кезеңдерге бөліп, оның дамуын былай түсіндіреді:
«Кісі әуелде тоғай арасында, тауда басқа хайуандар секіл- ді Тәңірінің жаратқан әзір қоректерін жеп ғұмыр сүрді. Бұл тұрмыспен тұра беруге қорқынышты, зиянды хайуандар тыныштық бермеді. Олармен қарсыласарлық қару кісінің өз де- несінде болмады, сондықтан қорғауға мұқтаждық түсті. Бұл мұқтаждық кісіні ойландырды. Ақырында, Тәңірдің артықша берген ақылы тасты құрал етіп жан қорғауды тауып бер- ді. Осы тастан құрал жасап алуымен кісі шаруашылықтың бірінші басқышына шықты, — деп, аңшылық кəсіптің пайда бо- луын түсіндіре келе, аңшылық кəсіптен мал шаруашылығы пай- да болуына тоқталады: — Аң кісінің аулауына үнемі табылып дайын тұрмайтын болды, сондықтан кісі жуасырақ аңдарды құралдармен қорқытып, өздеріне үйір қылып асырайтын болды. Осы ретпен мал өсіру деген шаруашылық туды» [3 ].
Егін шаруашылығы пайда болуын былай деп сабақтайды:
«Кісінің бұрыннан жеп үйренген дайын тамақтары жеулері- не қолайлы өсімдіктер еді. Бас құрап отырып, ол көбейген соң маңайындағы өсімдік азайып, тыбылуы қиындады. Бұл мұқтаждық кісіні егін салып, жеміс егуге үйретті. Осымен егін- шілік, бақшашылық шаруашысы шықты» – деп, шаруашылықтың келесі даму сатыларына тоқталады: «Кісінің біреуі мал өсірген көшпелі, біреуі егін салып, бақша отырғызған отырықшы болған соң бірінің мұқтажы болған нәрсесі екіншісінен табылатын болды. Сонан ет, май, тері, жүн, астық, жеміс, сүт секілді нәрселерді айырбас қылып керектерін тауып алуға кірісті. Осы айырбас қылулары сауданың алғашқы басқышы еді» дейді де, сауданың дамуы жаңа кəсіп – қолөнердің пайда болуына ықпал еткені туралы жазады: — Айырбас сауда басталған соң ісмерлер өзіне керегінен артық нәрселерді жасап басқа мұқтаж болатын нәрселеріне айырбас қылатын болды. Сонан, өнердің жолы ашы- лып, түрлі өнершілер шыға бастады».
Сауда тауар қатынастарын дамытты, алайда оның абсалютті дамуы мынадай қиындықтарға тап болғанын айтады: «Айырбас сауданың өзінің жүретін нәрселерде бір өлшеуіштің жоқтығы үлкен қиындық туғызды. Ағаш, тері, мыс, күміс, алтын секілді нәрселердің бағасына өлшеуіш қылса да шатақтан құтыла ал- мады. Өлшеп бергенде, алып жүргенде, қиындық, алдау көп та- былатын болды. Бұл мұқтаждық нәрселердің бағасына өлшеуіш қылып «ақшаны» шығарды» [3].
Ақша қатынастары негізінде капитализм кезеңі басталып, бұл адамзат баласының жаңа даму жағдайы – өркениеттік жолын бастағандығын былай деп сабақтайды: «Ақша дүниеге шыққан соң, сауда жұмысы өте дәуірлеп жөнелді. Ақшаға сатылмайтын нәрсе жоқ, жалғыз-ақ ақша табу керек болып қалды. Ақша бола- тын нәрсені әркім істеуге жұмылған соң, өнердің есігі ашылып мәдениет дәурені басталды» [3 ].
Алаш қозғалысының зиялысы М.Тұрғанбай ақша қатынастары демократияның туындайына негіз болып, ақша қатынастарын жəне қолөнердің дамуына ықпал етіп, өндірістік қатынастардың индустриалдық кезеңінің басталуына алғышарт болды деп қорытынды жасайды.
Алаш қозғалысының зиялылары формациялық теорияның шаруашылық дамуын кезеңдеуінен қарағанда, анағұрлым тиімді жүйелей алғанын көреміз. Шаруашылықты кезеңдеуде, өндірістік қатынастарды нəтиже ретінде қарастырып, нəтиженің əртүрлі болатындығын ескеріп, шаруашылық дамуының басты қозғаушы күші ретінде адамның «мұқтаждықтары» (қажеттіліктері) не- гізінде бөлгендігін байқаймыз. Егер де, Алаш зиялылары айтқандай талаптарды ескерсек, онда қазіргі кезге дейін формациялық тео- рия түсіндіре алмай келе жатқан Азиялық өндіріс тəсілі сияқты ұғымдарды айқын түсіндіре аламыз. Өркениеттік теорияның аясында ашыла бермейтін өндірістік қатынастардың қоғамның мəдени даму аясына ықпалы туралы түсніктерді де аша аламыз.
Ең қызықтысы, экономиканың даму кезеңдерін зерттеуге арналған еңбектерінде К.Маркс негіздеген формациялық теория- ны қарастырмайды. Ұлт көсемі Ә.Бөкейхан мен А.Байтұрсынұлы формациялық теорияның кемшіліктерін түсінген, себебі формациялық теория қоғам дамуының ұлттық құнлықтары жəне мəдени ерекшеліктері туралы аспектілерді мойындамайды. Ал жоғарыда байқағанымыздай, Алаш зиялылары қажеттіліктер не- гізінде тек қана экономикалық жағдай, өндірістік қатынастар ғана емес, сонымен қоса мəдениет, психология қалыптасады де- ген тұжырымдар жасады. Олар еуропа ғалымдары сияқты мал шаруашылығы мен егін шаруашылығын жеке кезең ретінде емес, экономикалық дамуының бір кезеңінде қатар дамыған əртүрлі шаруашылық ретінде қарастырды. Адамдар қажеттіліктеріне қарай өзіндік шаруашылықты жасайтынын тұжырымдады. Сонда, қоғам дамуы барысында екі шаруашылық бір -бірін толықтырып, жаңа экономикалық даму кезеңіне жетелеген деген түйінге тоқталды. Егерде қоғам дамуын осы тұрғыдан қарастырсақ, онда бізде азиялық өндіріс əдісі сияқты теориялар маңызын жояды. Алаш зиялыларының бұл тұжырымдары бүгінгі Қазақстан үшін де маңызды, себебі қазіргі əлемдік тəжірибені тура сол қалпында емес, Қазақстандық қажеттілік, ұлттық ерекшелікке қарай ендіру қағидасын басшылыққа алуға жетелейді жəне бұл өте өміршең қағида. Осы қағида белгілі бір мемлекеттерде тиімді болып, өте жақсы нəтижелер көрсеткен болса, екінші мемлекеттерде ешқандай нəтиже бермеуін түсіндіре алады.
Алаш қозғалысының аға буыны Ә.Бөкейхан мен А.Байтұр- сынұлы, М.Дулатұлы, Т.Тыныштықбайұлы, М.Боштаев, Х.Лекеров бастаған бір топ қазақ зиялылары ұлттың жағдайын жалпыхалықтық деңгейде көтерді жəне талқыға салды. ХХ ғасырдың 20-жылдарында Алаш қозғалысының келесі буыны С.Садуақас, М.Тұрғанбай бастаған бір топ қазақ зиялылары аға буынның басшылығымен ізденістерін жалғастырды. Олар еуро- па ғалымдарының тұжырымдарын қарастырып, Алаштық дербес тұжырымдар жасады. Әлемдік тəжірибені ұлттық негізде бейім- деу, экономикалық реформаларды революциялық емес, табиғи жолмен жүргізу бағытындағы қағилардың негізін қалады.
Микроэкономика
ХІХ ғасырдың ортасынан қазақ шаруашылығы Ресей экономи- касына интеграциялана бастады, бұған əкімшілік реформары көп ықпал етті. Әкімшілік реформалары қазақ шаруашылығына көп өзгерістер əкелуге бағытталса да, дəстүрлі қазақ шаруашылығына кері ықпал етті. Өйткені, реформаларды жүргізгенде, жер- гілікті дəстүрлі қазақ шаруашылығының ерекшелігі ескеріл- меді. Міне, осының салдарынан ХХ ғасырдың басында дəстүрлі қазақ шаруашылығының көптеген мəселелері жинақталды. Осы мəселелерді шешуді ұлт зиялылары басты міндеттірінің бірі етіп қойып, шаруашылықты дамыту үшін табанды ізденістер жүргізді, қазақтың ұлттық сана-сезімін оятуға бағытталған қызметтерін белсендіре түсті.
Алаш қозғалысының экономикалық тұжырымдарын анықтауда, ұлт көсемі Ә.Бөкейхан басты рөл атқарды. Ол — ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы Ресейдің экономикалық да- муынан жақсы хабардар, əрі еуропалық экономикалық білімді терең меңгерген, тəжірибелі экономист-ғалым еді. Ұлт-көсемі Ә.Бөкейхан Ресейдің маңызды экономикалық жобаларына қатысып, Ресейдің жəне оның ұлттық аймақтары, оның ішінде қазақ ұлтының шаруашылық жағдайымен толыққанды таныс еді, сондықтан оның қазақтың шаруашылық мəселелерін тұңғыш бо- лып көтеруі заңды құбылыс болып табылады.
Ресейдің орталық аймағы мен оның ұлттық аймақтарының шаруашылықтары арасында теңсіздік жағдайы жəне оның сал-
дары туралы Ә.Бөкейхан «Игілік іс» мақаласында толыққанды ашып берді: «Бар малды атқа шақса, 20 ат болса, осындай байлық қазынасы бар қазақты статистика ғылымы орта шару- алы қазақ үйі-шаңырағы дейді. Бай мұнан жоғары, кедей мұнан төмен. Төмен қазақ малын шаңыраққа есеп қылса, бір шаңыраққа 20 ат есебі мал қазынасы келеді. Бұл 20 ат орта қазақ байлығы ғылым жолының қарауылы. Бұл қарауыл атқаратын қызметі кездеме кездегендегі кез, бидай пұттағандағы пұт қызметі», — дей келе, бір отбасының жылдық табысын көрсетеді: — Орта мал қазыналы қазақ үй басы бір жылда 100 сомға мал, жүн, тері са- тады. Киімнің жартысы бір жылда жаңаласа 50-60 сомға пұл, 24 сомға шай, қант алады. Бұл есептен бір жылғы бір үйдің алып- саттығы орысша обороты 17 400 сом болады. Бір ауылнай қазақ 100 үй болса, бұл ауылдың алып-саттығы 17 мың 400 сом болады. Ана Бөрте қазағы бастаған игілік ісіне ауыл болып кіріссе, 17 мың 400 сом үстінде жүрген пайда халыққа қалады… Игілік ісі болған бір ауыл халықтың қалтасында аз дегенде 1 мың 740 сом қалады» [4]. Ұлт көсемі Ресей мен қазақ шаруашылығы арасында теңсіздік орын алғанын жəне оның тонаушылық сипатын ашық көрсетеді. Ол қазақтың əлеуметтік жағдайы нашарлап, орта шаруашылықтары азайғанын ашына айтып, одан дағдарыстан шығу үшін «коопера- цияны» дамыту жолын ұсынды.
Ұлт көсемі Ә.Бөкейхан шаруашылықты коопера- ция жолымен жүргізу бағытындағы бастамасын көтерді. Алаш қозғалысы зиялыларының аға буыны М.Дулатұлы, Т.Тыныштықбайұлы, М.Боштабай, Х.Лекерлер қолдап, жан- жақты қарастырды. ХХ ғасырдың 20-жылдары толыққанды тұжырымдамасын жасады. Олардың қатарында, алашшыл С.Садуақасты ерекше атап айтуға болады. Кооперация туралы макроэкономикалық тұжырымдар Алаш Орда үкіметі құрылғанан кейін жүзеге асырылды. Оның жеке мысалдары «Бірлік», «Қазақ» болып табылады. Кеңестік кезеңде жүзе асуына жəне талдауына жаңа экономикалық саясат мүмкіндік берді.
Алаш қозғалысының жаңа буыны болып табылған С.Садуақасұлының еуропа ғылымының озық экономикалық ой- ларымен еңбегімен таныстығы, оның еуропа ғалымдары туралы жазған сөздерінен анық көрінеді: «Алғашқы кооперация ұйымы
Англия патшалығында ашылды. Ашқан кісінің аты Роберт Оуэн деген еді. Роберт Оуэн әуелде кедейдің баласы болған екен. Жас күнінен көргені мұндық, мұқтаждық болыпты… Роберт Оуэннің өсе келе бар күші, бар қайраты саудагерлерге қарсы жұмсалды. Роберт Оуэннің айтуынша саудагер еңбегі жаңа бұйым туғызбайды. Бұл сөздің мағынасы – түсінікті қылып айтқанда былай: … Біреу мал бағады. Ол малды суарады, шөп шабады. Қора салады. Қыс боғын күрейді. Жазғұтұрым сиыр бұзаулайды. Адам еңбегінің арқасында бір сиыр екі сиыр болды. Бұл секілді өсімді де жаңа бұйым деп атайды. Бұл да еңбектің арқасында болады.
Роберт Оуэннің айтуынша саудагер жаңа бұйым туғызбайды дедік. Бұлай деудің себебі: саудагер бір нәрсені екі қылмайды. Егер саудагер біреуден қырық тиыннан елу пұт бидай сатып алса, ол бидайды екінші жерге апарып, 70 тиыннан сатады. Пұт басы 30 тиыннан пайда қылады. Саудагер 50 пұттан 15 теңге ақша туғызды. Осы 15 теңге жаңа бұйым деуге келе ме, жоқ па? — деп сауал қояды. С.Садуақасұлы еуропа ғалымының кооперацияны ашудағы ішкі мотивін түсіндіріп отыр, бірақ ғалым оның бастапқы туындауының нарыққа сəйкес келе бермейтін тұжырымдарын ескергенін байқаймыз. Әсіресе, бұл аспектіні ғалымның кооперацияның мəнісін ашып көрсеткен кезде анық көреміз. Ол
«Бірінші һəм ең əуелгі шыққан кооперация түрі – ұйым дүкені де- ген. Ұйым дүкені орысшалап айтқанда: «потребитель» дейді. «По- требитель» ең əуелі Англияда шыққан. Англияда Рождель деген кішкене қала бар. Сол қалада он шақты жұмыскер жиылып, кісі басы елу тиыннан ақша жинап, сауда ашады… Нəрсе неғұрлым көп саудагердің қолынан өтсе, соғұрлым бағасы қымбаттайды. Себебі, бір қолдан алады да, бір қолдан сатады. Екі ортада сау- дагерлер кірісе алмайды. Сондықтан оларға төленетін артық баға ұйым дүкенінің өз қолында қалады. Ұйым дүкені халықтың өз ұйымы болғандықтан, əрине, нəрсенің бағасын халық арзан қояды. Өйткені, бəрібір ол дүкен пайдасы да айналып келіп халық қалтасына құяды» деп түсіндіреді. Ұйым дүкендері кəсіпорын мен тұтынушы арасында тікелей байланыс орнатады. Ұйым дүкені ұжымдық бизнеске жатады жəне ол демократиялық, бостандық негізінде құрылады, оңай реттеледі. Баға нарықтық бағадан өссе, табыс түспейді. Қаржы болмағандықтан, серіктестер үлестерін
бөліп алып, тарап кетеді, сондықтан қызметкерлер сұранысты төмендетпеуге тырысады.
Алаш қозғалысының зиялысы С.Садуақасұлы қазаққа қажетті кооперация түрлеріне тоқталады:
«Мал шаруасының байлығын дұрыстап ұқсату. Қазақта мыңдаған тері бар. Қазақстан жылына мыңдаған тері сата- ды. Осының бәрі көбінесе саудагердің қолында. Міне, осынан кооперацияның жолымен сату керек. Бұл – бір.
Екінші: қазақ жұрты өзінде фабрик-зауытсыз болса күн көре алмайды. Қазақтың үстіне киіп отырған киімі, ыдыс-аяқ, құрал-сайман – осының бәрі де фабрик-зауытта істеліп шыққан нәрселер. Бұл нәрселер қазақ ішінде үш қол, төрт қол, кейде бес- алты қол болып өтіп барады. Әрине, екі ортада ірі саудагер пайда қылады. Ақырында қазақтың қолына нәрсе өз бағасынан әлденеше артыққа түседі. Осы нәрселерді кооперация жолымен сатып ала- тын қылу керек. Бұл –екі.
Үшінші: жалпы нашар көбейді. Нашардың көбісі еңбектейін десе, еңбекке кірісерлік мұршасы жоқ. Біреу егін салайын десе, аты жоқ. Біреудің тұқымы бар, жер жыртатын құрал-сайманы жоқ. Мал бағатын нашардың халі де осылай. Нашардың жалғыз халі де осылай. Нашардың жалғыз сиыры жұттан өледі. Нашар жалғыз сиырына шөп шауып бере алмайды. Мұнын себебі не? На- шарда шөп шабатын шалғы жоқ, шалғысы болса, шөп таситын арбасы жоқ. Арбасы болса, көлігі жоқ. Нашарға шаруасын түзету үшін қарыз ақша керек. Ол ақшаны нашардың алатын жері жоқ. Амалсыз нашар байға еңбегін сатады. Нашар өз бетімен еңбегін жүргізу үшін оған қарызды арзан бағамен беру керек. Мұны істей- тін кооперация. Міне, бұл – кооперацияның үшінші жұмысы» [5]. 1922 жылы Қазақстанда 479 кооперация ұйымы болған. Ұйым дүкендерінің ішінде 25 қазақ арасында ашылған. 1917 жылы Ақмола губерниясындағы Атбасар уезінде жүзден аса ұйым дүкендері жұмыс жасаған. Барлық ұйымдардың ортасынан «Бір- лік» атты кіндік ұйым ашылады. Ол 1920 жылға дейін жұмыс жасаған. Бірақ, оның қызметі аса жоғары бағаланбайды. «Қазақ» кооперациясының жұмысына жоғары баға береді. «Қазақ» коопе- рациясы «Бірлік» кіндік ұйымындағыдай кооперация аштық де- гендерге тауар үлестірмеді. Тауарды ұйым өзі таратты. «Қазақ» əр
дүкенге өз приказчигін қойды. Ол шаруашылықты жүргізіп, елдің мұқтаждықтарын біліп тұрды.
Алаш зиялылары Кеңес үкіметі орнағанға дейінгі кезеңдегі ко- операция тəжірибесін ескере келе, төмендегідей түйіндер жасайды:
Ұйым ауыл арасында емес, болыс басына салынуы керек.
Ұйымның жері орнықты болуы шарт, яғни тұрақты бір жерде орналастыру.
Ұйымның ішкі жұмыстарын қатаң есепке алу: нəрсені қалай сату керек, есепті қалай жүргізу керек
Ұйым жұмысына сауатты, оқыған азаматтар керек, оларды, əзірше, мұғалімдер атқарады.
Макроэкономика
ХХ ғасырдың басында ұлттық өндірісті дамытудың бірқатар қиындықтары бар еді: біріншіден, өндіргіш күштер өте əлсіз болса, екіншіден, осы күнге дейін жер қауымдық негі- зде пайдаланылды, онымен қоймай қазына есебіне алынып, мал шаруашылығы да құлдырауда болды, үшіншіден, капиталистік қатынастар тұрмақ, тауар-ақша қатынастарының өзі өте əлсіз еді.
ХХ ғасырдың басындағы терең зерттеулер нəтижесінде Алаш қозғалысы зиялылары ұлттық экономиканың тоқырауын мына жағдайға байланысты деп анықтады: «Ауыл шаруасының ілгері басатын шарттарының бірі – айырбас, яки осы күнгі халықтың тілімен айтқанда, сауда-саттық… Бұрын қазақ шаруасы қанша молайғанмен оның алыс-берісі онша зор емес еді. Қандай ауқатты қазақ қойының жүнін сатып, сиырының сүтін сатып пайда та- бушы еді… Ақшаға айырбасталмайтын нәрсе жоқ. Дүниенің бәрін ақшамен алуға болады. Сондықтан жұрт ең әуелі өз нәрсесін ақшаға сатады да, содан кейін ақшасына керек нәрсесін алады. Нәрсеге ақшаны айырбастағандықты сауда дейді… Егін салушы қазақ егінін сатып пайда көрмесе, ешкім онан астық сатып алма- са, оның еңбектенген жұмысынан ешнәрсе шықпайды. Онда ол ең көп болғанда өзіне ішермендік шашып, одан артық еңбектенбейді. Артық еңбектенбесе, әрине, шаруа да ұлғаймайды. Қазақтың
мал шаруасы көбінесе санын көбейту. Қазақ малынан тиісті пайда ала алмайды. Қазақ жылқысының, түйесінің, сиырының,
қойының сүті, майы, өз жеуінен артылмайды. Сондықтан қазақ шаруасы ілгері баспайды».
Алашқозғалысыныңқайраткерлеріжекеменшікқатаныстардың дамымағандығын, жергілікті шаруашылықтар шаруашылығын қауымдық негізде жүргізіп отырғандығын ескеріп, өндірістік қатынастарды кооперативтендіру жолымен дамытуды халық на- зарына ұсынды. Кооперацияны ауыл шаруашылығынан бастаған дұрыс деп санап, ет-сүт өнімдерін өндіретін, тері илейтін, жүн тоқитын тағы басқа кəсіпорын түрлерін ашуға шақырды.
Ұлт көсемі Ә.Бөкейхан мал шаруашылығын асылдандыру, оның өндірістік негіздерін қалыптастыру бағытында жарияланған еңбектерін жазудағы мақсаты осы идеядан туындағанын көрсетеді. Ұлт көсемі Ә.Бөкейхан малды асылдандыру арқылы дамыту қажеттілігін күн тəртібіне қойды. Ол малды асылдандыру жəне ауыл шаруашылығының өндірістік күшін ұлғайту үшін са- уда қатынастарын дамытудың маңызын жақсы түсінді жəне осы бағытта қозғалыстың өкілдеріне зерттеу жүргізу үшін тапсырма- лар беріп, оларға жетекшілік етіп отырды.
Ұлттық экономиканы дамытуда сауда қатынастарын ынталан- дыру жəне ішкі саудада ұлттық басымдықты күшейтуге үгіттеу 1915 жылдан басталды десек, қателеспейміз. «Қазақ» газетінің бетінде А.Асылбековтың «Ұйым керек» атты мақаласы басыл- ды: «Осы кезде біздің жұрт тамағын өзі істеп, киімін өзі тоқып киіп отырған жоқ. Қолындағы азды-көпті барын беріп, сырттан айырбас қылып, саудамен алып отыр. … байқап қарасақ, дүние керегінің бәрін қолдағы алтынымызды беріп, бәрін сырттан алып отырмыз. Халық қолындағы жақсысын жаманға, қымбатын арзанға айырбастаса, кедейлікке жол ашық, — дей келе, Біздің Қарқаралы уезінде высотски шайы қорда шай атанса да, өтуі тамаша. Біздің бір болыс ел жылына 50-60 мың шамалы пұл өткізіп береді. Бұл қазақтың сауда ретінде қолы жеткен жақсы жұмысының бірі: Фабриканттан араға кісі жалдамай өзі алып отыр. Көбінесе халықтың қолы фабрикантқа жете бермей- ді. Бірін бірі ұштастырып тұратын арадағы уақ саудагерлер. Бұлардың қызметі қазаққа арзан келмейді. Сомына 50 процент десек, асырып айтқан болмаспыз. Осы күнгі сауда-саттық реті халықты құрт жалағандай қылуға айналып барады. Көзі ашық азаматтар бірігіп, жол көрсетіп, халықты қорғау міндет. Қазаққа
ұрымтал қалалардың, қоныс реті келісті елдердің бәрінде сауда серіктестігі, әлеумет дүкендерін ашу қажет. Пұл алса да, мал сатса да, бірігіп іс қылып, басқаға жем болмау жағын көздерлік уақыт жетті», — деп тауар-ақша қатынастарын тереңдете түсуге шақырады [ 2, 164].
Ұлт-көсемі Ә.Бөкеханов бастаған қазақ зиялылары ішкі сау- даны қолға алып, шағын кəсіпкерлікті дамытуды ұсынды, қазіргі тілмен айтқанда «франчайзингтік» бизнесте ұлттық басымдықты күшейтіп, ұлттық сауда буржуазиясын қалыптастыру қажеттілігін көтерді. Олар сауда буржуазиясы қалыптасса, бастапқы қорлану үрдісі жүріп, бірітіндеп өндірістік буржуазия туындайтынын жақсы түсінді.
Шағын кəсіпкерлікті қолдау үшін шағын қарыз серіктіктерін ашуға насихаттады. Алаш арыстары ауыл шаруашылығын жаңа өндірістік қатынастарға бағыттап, тауар жасап, нарыққа өткізіп, ауылға капиталистік қатынастарды енгізуді көздеді.
Ә.Бөкейхан жетекшілігімен ұлттық өндірісті дамыту жолда- рын жан-жақты қарастырып, оның мəселелерін шешудің жолда- рын ұсынып, көп еңбек сіңірген М.Боштабаев еді [2, 148]. Ол ауыл шаруашылығын бірігіп жүргізуге, құрал-жабдықтар алып, мал өнімін өндіріп, тауар жасап, нарыққа шығаруға шақырды.
Қазақ зиялылары ХХ ғасырдың басында ұлттық шаруашылықтың потенциалын білді. Ұлттық шаруашылықтың мүмкіндіктері шектеулі болғандығын М.Дулатовтың мына сөздерін анық байқауымызға болады: «завод, фабрика ашу, әрі сауда мен магазин иесі болу жеке-жеке әрқайсымыздың қолымыздан келмесе де, бірігіп қолдан келерлік кем-кетіктерге пайдалы істер коопера- ция, яғни бірігіп іс жүргізу, мысалы уақ қарыз серіктігі» [6].
Алаш қозғалысының зиялылары зауыт-фабрика ашуға мамандардың-кəсіпкерлердің жетпейтінін сезінді. Олар «Қазақ» газеті ашылған бетте-ақ, ағартушылық қызметіне кірісіп, төтесінен қойып, жастардың білім алуына көп мəн берді жəне оның маңызын жақсы түсінді. Білім мен ғылымның ұлттық экономикаға тікелей ықпалы туралы М.Дулатов 1913 жылы «Қазақ жайы» мақаласында ашық жазды: «Бізде ғылым жоқ, өнер жоқ, кәсіп жоқ. Бұлардың бұрынан жоқтығы керегі болмағаннан еді. Енді де керек емес пе? Бұларды енді керек қылмасақ күні бұрын өзімізді құдайға атаған малдай, басқалардың есігіне арнап қою керек. Оқымаған, өнерсіз,
кәсіпке ебі жоқ адам басқаларға жалданғаннан басқа неге жарай- ды? Өзінде ғылым жоқ, өнер жоқ, кәсіп жоқ жұртқа малайлыққа жалданғаннан басқа қолынан келері жоқ. Оның шет жағасын байқаған адамдар көріп отыр. Неге басқалардан қазақ есігін- де жүріп малай болушылар аз, басқалардың есігінде қазақтан жалшылықта жүрушілер көп. Бұл басқалар ісінің үстемдігін көрсетеді. Осыған осы бастан көз салып, ойланарға керек. Бұл жеңіл-желпі қарай, көздің қырын салып қана өтетін емес көп тоқтап қарап, мықтап ойланатын нәрсе» [2, 31].
Алаш қозғалысының зиялылары білім мен ғылым ұлтты жаңа сапаға көтеретінін, жаңа мамандықтар дайындайтынын, ұлтқа жаңа мінез-құлық, сипат беретінін жақсы түсінді, жан-жақты ағартушылық қызметін жүргізуі де осы себепке байланысты еді.
Алаш арыстары ұлттық өндірісті дамытудың төмендегідей қағидаларын анықтады: біріншіден, қазақ өндірісінің дамуын бірітіндеп, табиғи жолмен жүргізуді дұрыс деп шешсе, екіншіден, барлық субьектілердің құқықтары тең дəрежеде қорғалып, адал, ашық жұмыс істеуі шарт деп есептеді. Бұл бағдар артынан Алаш партиясының бағдарламасында көрініс тапты.
Алаш қайраткерлерінің ұлттық өндірісті дамыту бағытындағы ойлары мен ұсыныстары, артынан, Алаш партиясының бағдар- ламасында тұжырымдалды.
Алаш партиясы бағдарламасының үшінші бөлімінде барлық адамның жеке бас бостандықтары мен құқықтарының теңдігі атап көрсетіліп, əр азамат ұйым ашуға, кəсіпкерлікпен шұғылдануға толық құқығы бар екендігі айтылған жəне адам мен азаматтардың құқықтарының сақталуын, қорғалуын мемлекет толық кепілден- діретіні, қоғамдық қатынастар заң негізінде ғана реттелені жа- зылды: «Руссия республикасында дінге, қанға қарамай, еркек-әйел демей адам баласы тең болу. Жиылыс жасауға, қауым ашуға, жария сөйлерге, газет шығаруға, кітап бастыруға еркіншілік. Үкімет қызметшілері, иесінен рұқсатсыз ешкім табалдырығын аттамаушылық. Законсыз жолмен ешкімді үкімет адамдары ұстамаушылық» [7].
Алаш партиясы барлық кəсіпорындар мен шаруашылықтар салықты табысына қарай төлейтінін жазды: «Салық мал-ауқат, табысқа қарай байға байша, кедейге кедейше ғаділ жолмен та- ратылу [7].
Барлық жер ресурстары мемлекеттік меншік деп жарияланды, оның игерілуін мемлекет реттеп отыратынын айқындады: «Жер законында жер сату деген болмау, әркім өзі пайдалану. Пайдасы- нан артық жер сатылмай, земствоға алыну. Жердің кені, астығы, байлығы қазынаныкі болып, билігі земство қолында болу» [ 7].
Ә.Бөкейхан бастаған қазақ зиялылары ақпан революци- ясынан кейін ұлттық шаруашылықты земтво арқылы дам- тытуды ойластырды, сондықтан Бірінші жалпы қазақ си- езінде қазақ облыстарында земство мəжіліс-мекемелерін ашу- ды қаулы етті» [8]. Алаш бағадарламасында жергілікті өзін-өзі басқаруды земство негізінде жүргізілу көзделді. Ә.Бөкейханов пен оның жақтастарының шаруашылық теориясынша өзін-өзі басқару дегеніміз, ол «мемлекеттік басқару емес, ол қауымдастықтың істерін меңгеру. Өзін-өзі басқарудың органдары мемлекеттік ор- гандар болып табылмайды, бірақ заңды тұлға ретінде мемлекет- тік басқару функциясын атқарады» [9].
Земство – қазақ қоғамының жергілікті өзін-өзі басқару қызметін атқаратын сайланбалы үкіметтік емес мəжіліс-мекеме. Земство үш негізгі қызмет атқарды: білім беру, денсаулық сақтау, шаруашылықты дамыту.
Ә.Бөкейханов земство мəжіліс-мекемені қазақ мемлекетінің егін шаруашылығын, мал шаруашылығын дамытып, индус- триаландыруға бастайтын қызметін атап айтқан: «Земство қойма- склад жасап, жұртқа арзан егін оратын, пішен шабатын сайман алып береді. Соқасыз, шалғысыз, машинасыз қазақ болмайды. Көп земство қосылып, күрмеліп, союз болып завод ашпақ. Керек- жарақты осы заводта істетпек» » [2, 399]. Земство жергілікті өзін-өзі басқару қызметін атқаратын сайланбалы мекеме болып табылды, сондықтан қызметіне адал, елшіл қызметкерлердің келуін қамтамасыз етіп, жемқорлықты шектеді. Бұл өз кезе- гінде, экономиканы модернизациялау мен ұлттық өнеркəсіпті қалыптастыруды кепілдендіретін тетік ретінде қарастырылды. Земство жергілікті өзін-өзі басқару қызметін атқарып қоймайды, сонымен қоса мемлекеттің бюджетін қалыптастырушы қызметті қоса атқаратын тетік ретінде қарастырылды, себебі земство халықтан жиналған салықты жергілікті қажеттіктерді қамтамасыз ететін соммадан артылған қаржыны ғана мемлекеттік бюджет- ке жіберді. Бұл өз кезегінде, салық ретінде халықтан жиналған
қаржының екі жақты бақылауда болуын қамтамасыз етті. Земство жергілікті қажеттіліктерге қажетті қаржы соммасын үкімет алдын- да дəлелдеуді көздесе, үкімет республикалық бюжеттің неғұрлым толықтыра түсуін, земствоның қаржыны тиімді жұмсалуына мүдделі болып, оның қызметін толық қадағалады.
Алаш арыстары қазіргі кезде біздің мемлекеттік бағдар- ламаларымызда жазылған мақсаттарымызға қол жеткізудің кон- цепциясын сол кездің өзінде жасап бергенін көсетеді. Егерде Қазақстан Республикасында да жергілікті өзін-өзі басқару ин- стуттары күшейтілсе, экономиканы модернизациялауға бөлінген қаржының тиімді жұмсалуына мұрындық болатын еді.
1917 жылы шілде айында Бірінші жалпы қазақ сиезі өтіп, Алаш партиясы құрылса, желтоқсан айында Екінші жал- пы қазақ сиезі өтіп, Алаш орда үкіметі құрылды, ал Алаш орда өзінің егемендігін 1918 жылы 11 маусымда жариялап, ресми түрде өзінің қарамағындағы барлық земство мəжіліс- мекемелерінің толық жұмыс жасай бастағанын мəлімдеді [8, 379]. Осылайша, Алаш қозғалысы қазақ шаруашылығын дамытудың теориялық негізін ғана жасап қойған жоқ, оны белгілі бір дəрежеде іс жүзінде жүзеге асыра білді. Бұл Алаш ұл-азаттық қозғалысы – ХХ ғасырдың басында-ақ елдің əлеуметтік-экономикалық жағдайы ескерілген, халықтың əл-ауқатын арттыртуға бағытталған, өміршең, əрі ғылыми экономикалық бағдарламалар жасауға толық мүмкіндігі бар буржуазиялық-либералдық сипаттағы қозғалыс болғандығын көрсетеді жəне бұл бағдар сол кезеңін өзінде жүзеге аса бастап, тіпті бүгінгі күні де маңызын, өзектілігін жойған жоқ дегіміз келеді.
Мегаэкономика
ХХ ғасырдың басында Алаш қозғалысының зиялылары халықаралық экономикалық жүйе қалыптасып, əлем елдерінің өзара қарым-қатынастары тереңдей түскенін, ынтымақтасқан мемлекеттің ұтып, оқшауланған мемлекеттің ұтылатынын айқындады. «Шаруашылық өзгерісі» деген мақаласында, əр мемлекеттің өз қол астында бір қолдан екінші қолға өткен сауда сомасынан гөрі басқа мемлекеттермен алыс-беріс қылған сауда со- масы артық болған заман. Жылына сол алыс-беріс болып тұрмаса,
мемлекет шаруашылығы күйзеліп, түрлі кəсіптер сынбақшы, халық апатқа ұшырамақшы. Мысалы, Англияға басқа мемлекеттерден астық бармаса, халықтың үштен екісі аштан қырылмақшы. Россия астығын басқа мемлекеттерге жібере алмаса, Россия шаруашылығы күйзеліп, мемлекет байлығы сынбақшы деп дəлелдер келтере оты- рып анықтап береді [2, 245].
Алаш қозғалысының зиялылары мемлекеттің экономикасы неғұрлым дамыған сайын, сыртқы сауданың маңызы нығайып, кəсіпорындардың табысын ұлғайта түсу үшін ұлттық саудамен ғана емес, басқа мемлекеттердің жеріне де тауарларын өткізу арқылы мүмкіндіктерін ұлғайта алатынын жақсы білді.
Қазақ зиялыларының жаһандық экономика кеңістігіне кірігудің маңызын бетбұрысты кезеңдерде қабылдаған құжаттарында көрініс тапты.
1917 жылы 2-8 сəуір аралығында Торғай облыстық сиезінде қабылданған қаулының 12 бөлімінде «Бостандықты нығайту үшін жауды жеңуге қазақ халқы қолынан келгенше жəрдем етпек: мал, азық-түлік бермек» деп жазды [10], себебі Ресей халықаралық са- удадан оқшауланса, Алаш Орда да оқшауланатын еді. Алаш Орда халықаралық қатынастардан оқшауланса, өндірістік қатынастарды дамытатын мүмкіндіктерден айырылып қалатын еді. Ең бірін- шісі, ол əрине, əлем нарығы, олар бүкіл əлемге сапалы мал шаруашылығы өнімдерін өткізуді ойластырды. Екіншісі, ол инновациялық жаңалықтарды ұлттық өндіріске ендіру мүмкіндігі. Үшіншісі, ұлттық өндірістік қатынастарды дамытатын ғылым мен білім мүмкіндіктерінен айылып қалу қаупі. Ресей халықаралық шарт талаптарын орындамаған жағдайда, оқшалануына əкелетін еді, сондықтан бұл жағдайды болдырмауға тырысып бақты.
Алаш Орда ұлттық үкіметін құрды. Үкімет 25 адамнан тұрды. Оның 15 орны жергілікті халыққа бөлінсе, 10 орны азшылық болып табылатын халықтарға арналды. Үкіметті бұлайша құрудың аста- рында тек қана саяси мақсат қана жатқан жоқ, кемел болашақты болжай білген көрегендік жатыр.
Алаш зиялылары Алаш елін демократиялық мемлекет етіп, барлық ұлттардың құқықтары мен бостандықтарын теңестіру арқылы саяси тұрақтылықты қамтамасыз етеді, оны инвестициялық тұрғыдан тартымды етіп құрады. Үкімет құрамынан басқа этностарға орын берілуі, шет мемлекеттерден жоғары дəрежелі
мамандардың да келуін жəне қызығушылығын тудыратын, се- бебі олар Алаш елінде қызметтік жəне бизнестік ірі жетістік- терге жетіп, оның сақталуына сенімділік берді. Бұл өз кезегінде трансұлттық компаниялардың құрылуына да ықпал етіп келді. Қазіргі күні, мысалы, ұлттық өндірісті қызғыштай қорғайтын Еуроодақ мемлекеттерінің барлық өндірістік қуаты АҚШ өндірістік қуатымен салыстыруға келмейді. АҚШ-тың тұрақты табысы өте жоғары болып келеді, себебі онда трансұлттық компанияларға басымдық беріледі.
ӘДЕБИЕТТЕР:
- Шаруашылық өзгерісі // «Қазақ» газеті 1915, №
- «Қазақ» газеті / Бас редакторы Ә. Нысанбаев. – Алматы:
«Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998. – 245 б.
- Тұрғанбай М. Шаруашылық // Абай №1, 4 ақпан.
- Бөкейхан Ә. Қыр баласы. Игілік іс. // «Қазақ» газеті 1915,
№107, 25 ақпан
- Садуақасұлы С. Кооперация һəм қазақ шаруасы // Садуақасұлы С. Үш томдық шығармалар жинағы. Т.2. Құраст. Д. Қамзабекұлы – Астана: «Нұра-Астана», 2013. 86-85 бб.
- Дулатов М. Бес томдық шығармалар жинағы. Екінші том: Көсемсөз, əдеби-сын жəне зерттеу мақалалары. // Құраст: Дулатова Г., Иманбаева С. – Алматы: «Мектеп баспасы» ЖАҚ, 2003. – 183 б.
- «Алаш» партиясы программасының жобасы // «Қазақ» га- зеті 1917, №251, 21 қараша
- Алаш. Алашорда. Энциклопедия / Құраст.: Ғ.Әнес, С.Смағұлова. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2009. – 444 б.
- Табанов С.А., Оразова А.Ә. Күрделі заманның өтпелі кезеңдеріндегі қазақ қоғамы Ата заңдарының (Конституция- ларының) тарихи-құқықтық сабақтастығы. – Алматы: Жеті жарғы, 2005, – 23 б.
- История Западного отделения Алаш-Орды. Сборник доку- ментов и материалов. / Под общей редакцией М.Н. Сдыкова Т.1., Уральск, – 38 б.