Алаш идеясының құрбаны – Перуаш Кәрімұлының рухына бағыштаймын.

БАС БӘЙГЕ

Серік ТҰРҒЫНБЕКҰЛЫ,

Халықаралық «Алаш» əдеби  сыйлығының лауреаты,

ҚР еңбек сіңірген қайраткері АЗАТТЫҚ АЛАШЫМНЫҢ АРМАНЫ ЕДІ…

(Поэмадан үзінді)

 

Алаш идеясының құрбаны – Перуаш Кәрімұлының рухына бағыштаймын.

 

Ерейментау ертегісі

 

Ежелден Ерейментау ел – мекені, Шежіресін шертіп қалсаң шер кетеді… Шырқырап,

Құлагердің құлын даусы – Ақанның ащы зары тербетеді.

 

Ақынның айтар болсаң қиялымен, Бір сəтке сыр бөліссең зиялымен. Тарихы бұл даланың тасқа түскен – Бөгенбай тұлпарының тұяғымен.

 

Үдеген уақыттың қарқынымен, Айтылып арман сөзі ар тілімен.

 

Түскен жыр ақ қағазға, Қалам емес,

Бөгенбай қылышының жарқылымен.

 

Батырдың бет қаратпас сұсыменен, Басқаның бəрін басып мысыменен. Түскен жыр ақ қағазға,

Қалам емес,

Бөгенбай найзасының ұшыменен.

 

Жазған жыр Ақан сері мұңыменен, Өлшенбес құлагердің құныменен. Талай жыл ұйқтап жатқан Ерейментау, Оянған Иманжүсіп үніменен.

 

Болмаған батыр бекер, ақын ада, Ерліктің кір келтірмей атына да. Астында Абылайдың ақ туының, Тамызған тілдің майын Тəтіқара.

 

Қуат бар батырлардың ұранында, Ойнаған тұлпарлардың құлағында. Әлихан – əлем жүгін арқалаған, Шербина шеруінің құрамында.

 

Осыған куə мынау қиыр далам, Кеудесі кербез жердің күй ұрлаған. Ежелгі Ерейменнің əр шоқысын, Алаштың арыстары шиырлаған.

 

Ақтарып, ақ қағазға сызып өлең, Жырлардың назар салып жүзіменен. Көрейін мен де жерін,

Кел, оқушым –

Перуаш Кəрімұлы ізіменен.

 

Перуаш – Алаш перзенті

 

Дүниенің кім білмейді жалғандығын, Байдан да, патшадан да қалғандығын. Пеураш күні-түні еңбек етті,

Көтеріп иығымен арман жүгін.

 

Өзі де қасиетті жердің дəні,

Кеудесі – шешілмеген шер құндағы. Алаштың арманына үлес қосып, Күні-түн ойлағаны елдің қамы.

 

Деді де, не болса да халқым үшін, Бар күшін аямады, бар тынысын. Мал бағып,

Маң далада жүре бермей, Қалады –

Оқу-білім талпынысын.

 

Осылай өркенді істі өзі бастап, Ұстаздық ұлы жолды етті мақсат. Білімнің биігіне шығып алып, Өнердің өлмейміз деп, отын жақсақ.

 

Ерінбей елдің ішін аралады, Кедергі, қиындыққа қарамады. Жұмсады білек емес, жүрек күшін, Батырдай жалғыз өзі даладағы.

 

Кірді де комсомолдың қатарына, Арманның түсіп кетті сапарына. Сенді ол,

Туған елде нұрлы таңның Жарқырап бір күндері атарына.

 

Етпеді ісін онша дау-дабыра,

Сөз емес қар, жаңбырдың жауғаны да.

 

Салдырды талай мектеп өз қолымен, Ақмола – Еркіншілік ауданына.

 

Шиырлап туған жерді əрлі-бері, Қаумалап,

Қадірледі қауым елі.

Атақты арғы атасы – Ер Бөгенбай, Әкесі – Әміреұлы Кəрім еді.

 

Ереймен тауларындай өркеші ірі, Қашаннан берік еді ер кесімі.

Тұрлыбек – жаңа туған жас сəбиі, Үйінде жан жары бар,

Ерке – есімі.

 

Алаштың таңдаған соң нұрлы жолын, Үзген жоқ болашақтан бір күдерін.

Иесі шаңырақтың болады деп, Төкен деп еркелетті Тұрлыбегін.

 

Ол кезде еңбек еті ауыр еді, Сонда да ел көңілін тауып еді.

…Соңына түсті бір күн НКВД, Аралап жүргенінде ауыл-елді.

 

Ісінде болмаса да ағат, кінə, Талғамай шортанды да, шабақты да. Елі үшін еңіреген есіл ерді,

Апарып тықты ақыры абақтыға.

 

 

Хаттар сөйледі

 

Сəбиін, жарын сағынды, Жүректің сырын жасырмай. Түрмеден хаттар ағылды, Төгілген көздің жасындай.

 

Сарғайып жатып түрмеде, Жанары талған кезі бар.

«Алданып қалып жүрме!» деп, Жарына жазған сөзі бар.

 

Заманның зауал түрі бар, Бұл күнде мұлде жол басқа. Онан да оқып біліп ал, Қатарыңнан қалмасқа.

 

Сылтау ғой, Көзім көрсе деп,

Толқыды талай ой тағы.

«Шашымды алып берсе» деп, Әкеге сəлем айтады.

 

Жеткенше қалам қарымы, Жазады көзден жас тамып. Көзінің нұры – жарығы, Төкенін жиі еске алып.

 

Кеткендей бойдан бір еркі, Төкені жанға тыныс боп:

— Жөргегін маған жіберші, Жатайын жастап иіскеп.

 

Өзінше ойнап бетімен,

Күн бойы таппай тынымын. Қоштаса алмай кетіп ем, Нағып жүр екен құлыным?!

 

Жақсыға жоры мұны тек, Көңілге қаяу салмашы.

Құдайдан тіле, үміт ет, Ұрпақ қой – өмір жалғасы!

 

Қараймын жиі қақпаға,

 

Осындай күйде нар көкең. Ақмола…

Қайран Ақмола,

Көретін күнім бар ма екен?!

 

Төкенім, өзің барсың деп, Сол ғана үміт-арманым. Әуелі жаным қалсын деп, Көрерміз сосын, қалғанын.

 

Осылай хаттар тізіліп, Төгілген көздің жасындай.

…Бұл күнде соның өзі үміт, Атадан қалған асылдай.

 

Мен – келемін!

 

Бауырлар!

Бəріңді де тең көремін, Тек қана сəл шыдаңдар, Мен – келемін.

Даланың еліменен амандасып, Даланың желіменен емделемін. Бауырлар, сəл шыдаңдар,

Мен – келемін!

 

Жанына жамандықты жолатпаған, Адаммын көңілге күй қонақтаған. Жолдағы бəле-жала бəрі қалып, Суындай таза бұлақ –

Әлі ақталам.

 

Алдымда қуанышым, Бақ – таланым,

Бойымда – сағынышым сақтағаным. Бауырлар!

Сəл шыдаңдар, тағат тауып,

 

Мен ертең, көп ұзамай ақталамын.

 

Шыдаңдар, тағат тауып, мен ақталам, Қырандай қия-шыңға қанат қағам.

Өлімім шаһит болса арманым жоқ, Алайда өмір сүру керек маған.

 

Ел үшін өмір сүрем, балам үшін, Әке үшін, асыл текті – анам үшін. Сағыныш жырын толғап жаза берем, Сынғанша қолымдағы қаламұшым.

 

Сендерді жыр жазамын жоқтап қанша, Кеудемді жалын қаулап, от қапқанша. Сағыныш жырын толғап жаза берем, Соғуын сүйген жүрек тоқтатпаса!

 

Сеніңдер бұл сөзіме, шын келемін, Көтеріп жеткізеді күн дерегін.

Бақыт боп, Махаббат боп, Абырой боп –

Мен əлі-ақ, алдарыңа мың келемін.

 

Өзімді алдамаймын, өзгені де, Сеніңдер адал айтқан сөздеріме. Атаның өзі болып, көзі болып, Ұрпақ боп ораламын өздеріңе!

 

 

Азаттық – Алашымның арманы еді…

 

Азаттық – Алла берген əміріндей, Келіп тұр сымбаты мен сəні бірдей. Ортада Ақорда боп орнап қалған, Астана – Сарыарқаның тəңіріндей.

 

Астана –

Азаттықтың нақ тұрағы,

Дос түгіл үйренгендей жат құлағы. Айналып тұғырына еркіндіктің, Қанатын қырандардың қақтырады.

 

Өмірде ғажайыптар аз ба мына, Оралдым өз мекенім, өз бағыма. Ажары Астананың айқындалды, Алаштың түскеннен соң ақ жолына!

 

Тұрғандай бой көтеріп Бəйтерегі, Таңданып жау да басын шайқар еді. Өзгеріп өткен күннің өне-бойы, Жаһанның жанданғандай қайта реңі.

 

Тілегін туған елдің қабыл алып, Ашады Астананың бағын əлі.

Қазақтың кереметін көрі үшін,

Ел ертең «ЭКСПО»-ға да ағылады.

 

Нұр тарап Сарыарқаның аймағына, Есілдің тасып-толқып қайнары да. Бар əлем Астанаға көз тігеді, Қызығып Қазақстан байрағына.

 

Ақынның мен де бүгін ардагері, Дауысым бар əлемді шарлап еді. Келеміз Рухымен өмір сүріп, Азаттық – Алашымның арманы еді. Тарихтың жазып кеткен хаты ғажап, Қуанып жер жүзінде заты қазақ.

Алаштың арманымен өсіп-өнген, Жасасын, Тəуелсіздік,

Аты – Азат!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *