АЛАШ АПТАЛЫҒЫ
ХХ ғасырдағы бүкіл қазақ қоғамының көшбастаушысы болған аса ірі мемлекетшіл ұлттық қозғалыс – Алашты тану
«Ақ жол» партиясының басты бағыттарының бірі болып та- былады. Алаш мұраты мен мұрасына адалдықпен батыл көңіл бөліп отырған партия ағымдағы жылдың 5 желтоқсаны күні елордамыз Астана қаласында халқымыздың абыройын асы- рып, рухын көтеретін бір биік межесі — «Алаш апталығын» ба- стады. Бұдан бұрын партияның белсенділері 2012 жылдың 5-13 желтоқсаны аралығында Алаш ұлт-азаттық қозғалысының, Алаш партиясының, Алаш Орда үкіметінің жəне Алаш автономиясының құрылғанына 95 жыл толуын ұлықтау үшін, Отанымыздың іргелі мекендерінің бірі саналатын қазақ ақыл ойының əзиз бесігі, кезінде «Алаш қаласы» атанған -Се- мей шаhарында қалалық əкімдікпен бірлесе отырып, тұңғыш рет «Алаш апталығын» өткізген болатын. Биылғы жылы Алаш ұлт-азаттық қозғалысының 97 жылдығы құрметіне орай иман- ды да, ғибраты мол жобаға бұқаралық сипат беру мақсатымен республика көлемінде іске асыруды қолға алды. Аталмыш іс-шара Шығыс Қазақстан облысының Семей, Оңтүстік
Қазақстан облысының Шымкент, Маңғыстау облысының Ақтау қалаларында да жалғасын табуда. «Алаш апталығын» келесі жылдан бастап, барлық облыс орталықтарындағы партиямыздың филиалдары дəстүрлі түрде өткізетін болады. Ең маңыздысы, апталықтың жұмыстарын жүргізуге ғалымдар қауымының мүдделі болып, басшылық жасап отырғандығының өзі бір ерекше абырой.
Кітапты құрастырушылардың фототүсініктемесі.
Алаш апталығының ресми түрде басталғанын, Алаш апталығының бірінші күніне жиналғандардың «Қараөткел қорымында жерленген Кенесары ханның 255 сарбазы мен Алаш арысы Смағұл Сәдуақасұлының» бейітіне зиярат етуінен кейін, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің гуманитарлық институтының директоры, Тарихшылардың Ұлттық Конгресінің ғылыми хатшы- сы Зиябек Қабылдинов пен ЕҰУ-нің «Алаш» мәдениет және рухани даму институтының директоры Сұлтан Хан Жүсіп жария етті.