АЛАШТЫҢ АЙТУЛЫ АЗАМАТЫ ӘНИЯР МОЛДАБАЕВ ЖӘНЕ «АЛАШ АРЫСТАРЫ-МҰХТАР ӘУЕЗОВ» МҰРАЖАЙЫ

АЛАШТЫҢ АЙТУЛЫ АЗАМАТЫ ӘНИЯР МОЛДАБАЕВ ЖӘНЕ «АЛАШ АРЫСТАРЫ-МҰХТАР ӘУЕЗОВ» МҰРАЖАЙЫ

 

Кез-келген мемлекеттің негізгі мақсаты — ұлттық рухы биік тұлғаларды қалыптастыру болып саналады. Ұлттық рухы биік жан тұлғалық деңгейге жетіп игілік пен ізгіліктің шапағатын өз айнала- сына тигізіп қана қоймайды, ұлтын өрге сүйрейді, келер ұрпақтың есті болып жетілуіне өзіндік үлесін қосады. Ұлттық рухы биік тұлғаны қалыптастыру үшін өткен тарих даналығына зер саламыз. ХХ ғасырдың басында қазақ қоғамындағы түрлі қызметімен халыққа жақсы танымал болған осындай айтулы тұлғалардың бірі- Әнияр Молдабаев еді. Ол елге есімі белгілі оқымысты, шенеунік,

мемлекеттік банк қызметкері дəрежесіне көтерілген адам.

Әнияр Молдабаев 1856-1934 жылдары аралығында өмір сүрген, Абай ауылының азаматы, Шыңғыс болысы, Тобықты ішін- де Әнет руынан, əкесі Қожабай ағаштан түйін түйген бесаспап ше- бер болған.

Әнияр ұлы Абайдың тəрбиесін көрген адам. Ақын бала Әниярды Семей қаласына əкеліп, «Русско-киргизское училищесі- не» оқуға табыс етеді. Бұл оқу орнын ХІХ ғасырдың орта тұсынан бастап қазақ балаларын оқытуға үкімет əдейі арнап ашқан. Патшаның кеңселеріне керек тілмаштар мен көмекшілер, ұсақ ше- неуніктерді қазақтың өзінен сол школдар əзірлеген.

 

Әйгілі жазушы Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман- эпопеясындағы Әниярдың прототипі Данияр Қондыбаев деген ат- пен көрсетілген. Мұнда Абайдың бірнеше жетім балаларды оқуға түсіргендігі туралы, соның ішінде Әнияр туралы да айтылған.

«Осы жолы өз балаларының ғана оқуы емес, тағы бірнеше жетім жастарды Абай өз талабымен, оқуға бергізді. Бұл балалар- ды көршілес жатақтарынан арнаулы кісілермен алғызған. Соның бірі, Ералы жатағындағы Әнет-Молдабай баласы Данияр деген жетім бала. Бұның оқуға түсуі-өрескел бір күйден туған. Соңғы

 

екі жыл бойында корпус пен Семей жандаралы тарапынан шыққан бір бұйрықта, қазақтан болыс басы бір бала орысша оқуға берілсін делінген. Сол бұйрық Тобықты болыстарына барса, əкесі бар ба- ланы ешбір ауыл қимаған да, бермеген. Берсе жетім берілсін деп, ол жетімдерге жəне де иелер табылып, құнын төлемесе берме- стей болған. Осы жайында бір күні Абайға Михайлов сөз кылып, күйінішпен күліп отырып, «бар Семипалат уезі жиылып, бір бала- сын оқуға беруге қимайды. Осының не шарасы бар?» деп сұраған. Сол хабарды білісімен Абай, Тобықтының өзі білген, тілін алады дейтін адамдарының барлығына, қалада жатып хат жазған. Шыңғыс болысының есебінен деп, жатақ баласы Даниярды қалаға алғызып кеп, интернатқа бергізді. Молдабайға сəлем айтып, Шағаннан тапқаны- сол ел ішінде отырған, аз үйлы қырғыздың жетім баласы Омарбек. Оны да орысша оқуға бергізді. Тəкежанға хат жазып, Қызыладырдан жəне бір жетім баланы- Құрманбай дегенді алғызды. Ералы жатағына бұдан тыс жəне бір екі баланы оқуға бергізді.Олар Абайдың өзінің аталас елі емес, Мамайдан шыққан, жатақ балалары. Екі жетім, Садуақас пен Қасен деген ба- лалар болатын. Бұл екеуін Абай мұсылманша оқуға бергізді» деп

автор өзінің əйгілі романында суреттейді.

Әнияр данышпан ақынның көмегімен Семей қаласында алған орысша бес сыныптық бастауыш білімін Ташкент қаласында жалғастырады. Содан екі жылдай Ташкентте, үш жыл бойы Марғұланда патшалық кеңселерде қызмет етті. Өзбектің Афтап атты қызына үйленіп, отбасын құрады да елге көшіп келеді.

Осыдан кейінгі оның өмірі мен қоғамдық қызметі тікелей Се- мей қаласында өтеді.

Әнияр Молдабаев сол кездегі мемлекеттік банктің қазақ ара- сынан шыққан тұңғыш қызметкері. Әдетте, Әнияр Молдабаевтың қоғамдық қызметі туралы айтқанда, алдымен оның банк саласындағы жұмысы ауызға ілінетіні анық. Мысалы, сондай бір дерек- 1915 жылғы «Қазақ» газетінде: «Семей. 1913 жылы Семей- де Общество взаймный кредит банкысы ашылып еді. Сол банктың қазір 301 члені, 41 мың 820 сом капиталы болды. Биылдан бастап бұл банкке ақша салғандарға салған сомасынан 10 есе артық кре- дит ашылатын болды. Бұл банктің учетный комитетіне 12 кісі сай- ланды, мұның екеуі -қазақ. Государственный банкте көп жылдан

 

бері қызмет етуші Әнияр Молдабаев Һəм Заречный слободка сау- дагері Ғабдулрахман Юсіпұғылы (Абдрахман Жүсіпов). Бұл екеуі де халық жайын жақсы білетін адамдар…» деп берілген. Бұл бан- кті қазақтар «Уақ-қарыз» серіктігі деп атаған. Егерде 1918 жылы

«Абай» журналын бастырушы «Уақ-қарыз» серіктігі екенін ескер- сек, онда Әнияр Молдабаевтың да бұл іске қатысы болған деп ой- лаймыз. Ал, Абдрахман Жүсіповтың үйінде орналасқан «Жəрдем» баспасынан «Абай» журналы мен «Сарыарқа» газеттері шығып тұрған.

Алаш ұлт-азаттық қозғалысы жылдары Әлихан Бөкейханның басшылығымен «Алаш» партиясының Семей облыстық комитеті құрылған кезде Әнияр Молдабаев бірауыздан оның қазынашысы болып бекиді. Әрине, партияның мүшелік жарнасын жинау, жалпы партиялық қаржы мəселесі секілді жауапты істер кім көрінгенге сеніп тапсырыла бермегені түсінікті.

Осы жылдарыол Шəкерім Құдайбердіұлы, Көкбай Жанатайұлы, Нəзипа Құлжанова, Турағұл Абайұлы, Халел Ғаббасов, Әлімхан Ермеков, Райымжан Мəрсеков, Ахметжан Қозыбағаров, Биахмет Сəрсенов тəрізді тағы басқадай ұлт зиялыларымен бірге Земство басқармасының мүшесі болып енеді.

Әниярдың өз заманында көрнекті қазақ интеллигенттерімен тығыз байланыста болғандығына тағы бір дəлел жазушы жəне қоғам қайраткері Сəкен Сейфуллиннің былай деп жазып келтіруі:

  • « Семейде областной «Алаш» партиясының ашылған хаба- рын жазған едік. «Сарыарқаның» соңғы нөмірінде бұл туралы мы- надай мақала басылды: «Алаш» партиясының Семейде уақытша областной комитеті ашылды. Комитетке кірген кісілер:
  • Әлімхан Ермекұлы, Райымжан Мəрсекұлы, Имам Әлімбекұлы, Ахметжан Қозыбағарұлы, Турағұл Құнанбайұлы, Сыдық Дүйсенбайұлы, Данияр (Әнияр) Молдабайұлы т.б. Комитет председателі Халел Ғаббасұлы, секретары Сыдық Дүйсенбайұлы, қазынашысы (казначей) Әнияр Молдабайұлы, құрметті председа- телі Әлихан Бөкейханұлы делінген. (Сəкен Сейфуллин «Тар жол, тайғақ кешу» 1960 жыл басылған).

Әнияр Молдабаев, шынында ұлы ақынның  қамқорлығын  көп көрген адам. Тіпті қаржы жағынан да көмектесіп, Семейден Москвин деген көпестің үйін сатып əперген де Абайдың өзі жəне

 

балалары еді. Бұл үйге Кəкітай, Шəкерім, Мағауия, Ақылбай, Турағұлдар жиі келіп жүрген. Кезінде Мұхтар Әуезов те осы үйде пəтерде тұрған.

 
   

 

Әнияр Молдабайұлының үйі Семей

 

1904 жылы тамыз айының орта шенінде, Семей қаласындағы Әнияр Молдабаевтың үйінде Абайдың қырқы беріледі де, тап сол күні түнде араға қырық күн салып қатты қайғы болып отырған оқиға тағы жалғасып, Мағауия мен Абай, яғни əке мен бала қазасынан кейін Әниярдай қамқор аға үйінде ұлы ақынның үлкен баласы Ақылбай жүрегі соғысын тоқтатады.

Сөйтіп, кейінде Семейдегі бұрынғыша — Комиссар көшесі, қазіргіше -Бөгенбай батыр 132 үйде Абайды жақын білген ел зия- лылары, алаш азаматтары Әнияр ағаларына сəлем беріп, жиналып тұрады. Кеңес өкіметі орнағаннан кейін, яғни, 1923-1930 жылдар мөлшерінде Әнияр қарт Шыңғыстауға ел ішіне көшіп, Шəкерім қажы ауылдарымен қатар қоныста отырады. Алапат ашаршылық, саяси төңкеріс кезең тұсында көненің көзі Әнияр қарт баласы

 

Сапарғалиға тастап кеткен Семейдегі тарихи үйіне қайтып барып, кей деректе 1932 жылы, кей жерлерде 1934 жылы қаңтар айында жарық жалғанмен қош айтысады. Сүйегі Семей мұсылман зираты- на қойылған.

Осы орайда, Әнияр Молдабаевтың баласы Сапарғалидің Абайдың əдеби-мемориалдық мұражайы қорында қолжазба ретін- де сақталған естелік əңгімесіне назар аударайық. Онда:

  • ХІХ ғасырдың ІІ-ші жартысында Ресей патшалығы өзіне кадр (тілмаш) орысша оқытуға əрбір болыс елден екі баладан алатын болған. Әнияр Тобықты Әнет деген рудың Қожабай де- ген кедей шаруаның баласы. Қожабай төсек, жүкаяқ, тағы басқа заттарға сүйектен ойып əшекей жасайтын қолы шебер адам болып- ты. Сол өнерін көрген Абай Қожабайды ауылына көшіріп алып, ұсақ жұмыстар істетіп жүргенде Қожабай өліп, одан үш жетім бала қалады. Соның кішісі 8 жасар Әнияр болады.

Әнияр жасынан өжет, пысық болыпты. Жоғарыда айтылған орысша оқуға, Абайдың елі «Күшік-Тобықты» болысынан екі бала жібер деп, бұйрық келгенде Абай көршісі Қожабайдың əйелін үгіттеп көндіріп Әниярды Семейдегі «Интернатқа» оқуға жібер- теді. Оны апарып тапсырып келуге Қожабайдың бірге туысқан інісі Молдабайды қосады. Молдабай Әниярды өз атына жаздырып, тапсырып қайтады. Әнияр Семейден төрт жыл орысша жақсы оқып елге келгенде, Абай оның талабы барлығын байқап, Ташкент қаласындағы орта білім беретін бір оқуға жібереді. Әнияр сол оқу орнында оқып, онан кейін Әндижан деген қалаға барып, қызмет істей жүріп, бір өзбектің қызына үйленеді.

1892 жылы Шыңғыстағы еліне қайтып келеді. Сол жылы жаз елде болып, күздікүні Абайдың көмегімен Семейге келіп, «Госу- дарственный банк»-қа переводчик болып қызметке орналасады.

1893 жылы май айында Әнияр аз күнге демалыс алып, Ақшоқыдағы Ысқақ ауылына келеді. Ертеңіне Абайға сəлем бе- ремін деп, Ақшоқының сыртындағы «Көк-үйірім» деген бұлақта отырған Абай ауылына бармақшы болады. Қасына Кəкітай жəне оның үлкен ұлы Архам Ысқақов еріп келіпті.

Абай үйге сəлем беріп, кіріп келген Әниярға қарайды да:

  • Қызмет қандай, меңгере алдың ба?

Әнияр банкте переводчик болып жатқанын айтқанда,

 

  • Айлық еңбегің қанша?- дейді.
  • 30 сом.
  • Өз үйің бар ма?-дегенде:
  • Маған үй қайда Абай аға! Татардың бір кішкене үйінде ақша төлеп жалдап алып тұрып жатырмын. Енді Абай Әниярдан көзін аударады да, төменгі жақта отырған Мағауия, Кəкітай, Ғабидуллаларға қарап:
  • Сендер ақылдасып, мына Әниярға бір үй сатып əперіңдер, бас қосып, мал үлесіп жисаңдар көпке ауырлық түспейді,-дейді.

Сонда Мағауия:

  • Әнияр аға, Семейде өзіңізге қолайлы сатылатын үй барын білмедіңіз бе? – дегенде. Әнияр:
  • Шаған еліндегі саудагер ноғай Ахметжан Ғаббасов «Мос- квин деген байға берешегін өтей алмаған соң, басындағы үйін беріпті. Сол үйді Москвин сатамын деп еді, бірақ бағасы қымбат 500 сом сұрайды, деді.

Оған қанша мал керек десіп есептегенде 30 бесті, яғни 200 қойдың бағасы екен десіпті.

Абай Кəкітайға:

  • Қолыңа қағаз, қарындаш ал, ал менің айтқанымды жаз,- деді де, Мағауия 5 бесті, Кəкітай 3 бесті, Ғабидулла 5 бесті, Абайдың өзі 7 бесті тағы өз қоғамындағы адамдардың шама-шарқына қарай айтып, жазғызып есептегенде 35 бесті болыпты.

Ысқақтың баласы Кəкітайға осы жиналған малды қалаға апа- рып сатып, түскен қаражатты Әниярдың қолына беруді тапсырады. Абайдың сол əмірі айтқан мерзімінде орындалып, осы үй сатып алынды деп, өзімнің туған əкем Әнияр сан рет айтып отыратын. Сол сияқты Архам ағам да сан рет айтқанды.

Бұл үй алғашқы алғанда астылы-үстілі екі бөлмеден тұратын төрт бөлмелі болған. Әнияр оған жалғастырып, үлкейтті. Абай, Мағауия, Кəкітайлар Семейде болған уақытында жататын мекен жасады. Әсіресе, Абай жиі келіп, айлап, тіпті жылдап жататын.

Мен – Сапарғали Әниярұлы 1890 жылы туыппын. Менің 8 жа- стар шамасына келгенде Абай атам, кəзіргі музейдің «Мемориаль- ный залы» болып тұрған бөлмеде, ортасына кілем, сырмақ, көрпе салғызып қойып, қолтығының астына екі-үш жастықты қойып, дөңгелек үстелдің үсті толы кітапты оқып, жазу жазып шынтақтап,

 

жантайып жатушы еді. Менің шешем Абайдың ішетін тағамын дайындап, шайын құйып беріп, сол бөлмені Абайға арнап, таза ұстап отыратын. Абайды арнайы басқа жерден іздеп келушілерді, осы үйде қабылдап отыратын.

Мен –Сапарғали ол кезде жаспын. Ол кісінің не сөйлесіп, не айтып жатқанына мен мəн бере алмайтын кезім, сондықтан, Абай мынадай сөздер айтып еді деп, айта алмаймын. Тек менің есімде қалғаны, Абай отырған бөлмеге кейде ойнап жүріп кіре қалсам, ей, қарапұшық бала бері кел деп, шақырып, қасына отырғызатын. Дөңгелек бет, толық, қараторы, денелі адам еді.

Әкем Әнияр 1919 жылдар болуы керек банктен пенсияға шығады. 1910 жылдан мен өзім де сол банкте қызмет істей баста- дым. Кредитное товариществодан бастап системный государствен- ный банкке повышение алып, əкемнің қызмет орнына отырдым.

Әкем Әнияр 1934 жылы 21 январьда таңертеңгі сағат 4-те сол өзіміздің үйдің астыңғы этажында қайтыс болды. Әкем көзінің тірісінде бұл үйді банкке өткізіпті. Өзім көп жыл осы банкте істедім. Үйімді банктің балансына беремін деп беріп кеткен екен. Осы күні банк архивінде əкем Әниярдың қолжазбасы бар. Абай му- зейі біздің үйде орналасқанда Абайдың өзі жататын бөлмесіндегі біздің үйдің мүліктері Абай пайдаланған мүліктер ретінде сол үйде қалды. Ол мүліктер мыналар еді:

  1. Айна, ортасынан сынып жарылған;
  2. Жазу столы, кресло орындығымен;
  3. Көкегі бар кішкене ағаш сағат;
  4. Кітаптар салатын шкаф;
  5. Ағаш төсек.

Менің əкем Әнияр, маған Кəкітайдың қызы Қабиданы алып берді. Ол кісімен 38 жыл бірге тұрдым. Қабидадан бір қыз, бір ұлым болды. Қызым Күлəш 1953 жылы қайтыс болды. Ұлым- Мұқыш, қазірде тірі, ауырып больницада жатыр,-делінген.

Әниярдың үйі демекші, Абайдың тұңғыш өлеңдер жинағы бас- падан шығар алдында, осында Кəкітайдың араласуымен бірталай жұмыстар атқарылған. Жəне осы жинақ шығаратын И.Бораганский

«Восточная электропечатная» баспаханасы бір баспа табақ қағаз басып, Семейдегі Әнияр Молдабаевтың үйіне жіберіп тұратын бол- ды. Әнияр болса бұл қағаздарды Кəкітайға жеткізіп тұрды. Кəкітай

 

оның қатесін түзеп, қайта Петербургке жіберетін болды, одан тағы басылып келіп қайтып отыратын еді. Осындай сергелдеңмен жүріп, Абайдың бірінші өлең жинағы 1909 жылы, яғни, үш жылда зорға жарыққа шықты.

Сол сияқты Әнияр Молдабаевтың үйінде азаматтық қарсыласу жылдары Алащорда басшылары Әлихан Бөкейхан мен Міржақып Дулатовтың отбасылары тұрғаны туралы Гүлнар Міржақыпқызы:

«Әкем 1921-1922 жылдары Семей губсотында жұмыс істеді де, біз Комиссарская көшесіндегі Әнияр Молдабаевтың екі қабатты жекеменшік үйінде тұрдық (кейін Абай музейі болды). Үстіңгі қабатында біз-Дулатовтар,біріншісінде Әлихан атаекемнің (Бөкейханов) үй-іші жайғасқан еді» деп өзінің «Алаштың сөнбес жұлдыздары» атты мемуар еңбегінде еске алады. Ал, көрнекті жа- зушы Сапарғали Бегалин «Замана белестері» кітабында Әниярдың үйінде тұрып, оның жақсы танысы, ерлі-зайыпты Нұрғали жəне Нəзипа Құлжановтардан дəріс алғанын əңгіме етеді.

Енді кезекте Абай қалаға келгенде тоқтап жүрген екі қабат ағаш үй, қазірде «Алаш арыстары-Мұхтар Әуезов» деп аталып жүрген мұражай тарихына тоқталсақ.

Семей-тарихи, шежіре қала.Абай, Шəкəрім, Мұхтар Әуезовтің даналығы қанат бітіріп, дем берген қадірлі де қасиетті атамекен. Алаштың астанасы болып саналатын əсем қала.

Семейде 1917-1920 ж. Ұлт азаттық қозғалысының қайрат- керлері Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Халел Ғаббасов, Мұхаметжан Тынышпаев, Әлімхан Ермеков, Елдес Омаров, Шəкəрім Құдайбердиев, Жүсіпбек Ай- мауытов, Турағұл Ибрагимов, Ахметжан Қозыбағаров, Мəннан Тұрғанбаев, Әбікей, Қаныш Сəтбаевтар, Мұхтар Әуезов, Жақып Ақбаев, Мұстафа Шоқай, Райымжан Мəрсеков, Көкбай Жанатаев, Сейдазым Қадырбаев, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Білəл Сүлеев, Асылбек Сейітовтер белсенді қызмет атқарып, өз елінің егемен ел, іргелі мемлекет болуын аңсады. Сол жылдардағы Семей тура- лы Жүсіпбек Аймауытов өзінің «Ақбілек» романында былай деп суреттейді:«Семей ызғындай елдің ортасындағы өнер-білімнің, са- уда кəсіптің, от арба, от кеменің тоғысатын кіндігі, қара шаңырағы, бір губерния елдің миы, ақыл-ойдың табысы, бір губерния елдің жүрегі» дей келе, Семейдің сол уақытта сауда саттықтың орны, тоғыз жолдың торабы екенін ерекше атап көрсетеді.

 

Сол кезеңнің куəгері-Бөгенбай батыр көшесі, 132 үйде орналасқан (бұрыңғы Полицейская, 1877,  Комиссарская,  1918) екі қабатты үй-мемориалдық ғимарат. Үйдің иесі жоғарыда айтылғандай- Әнияр Молдабаев.

1944 жылы Абайдың 100 жылдық мерейтойына дайындық кезінде М.Әуезовтің пікірі бойынша, Абай мұражайы міне, осы Әнияр Молдабаевтың үйіне орналасқан. 1967-1990 жылдары қалалық балалар кітапханасы.1990 жылдары Әнияр Молдабаевтың үйі Абай мұражайының қарамағына берілген. 1996-1997 жылда- ры мұражай ғимаратына күрделі жөндеу жүргізілген. 1997 жылы

23 қыркүйекте М.Әуезовтің туғанына 100 жыл толуына орай, Абайдың мемлекеттік мұражайының «Алаш арыстары-М.Әуезов» бөлімі салтанатты түрде ашылды. Мұражайды ашу құрметі Мем- лекеттік хатшы Әбіш Кекілбаев пен Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары, білім жəне мəдениет минис- трі Иманғали Тасмағамбетовке берілді. Мұхтар Әуезовтің қызы Мұғамила Әуезова мен немере қарындасы Гүлнар Разаққызы қазақ халқының ежелгі дəстүрімен шашу шашты. Ұлы жазушының мерейтойының құрметті қонақтары жаңа мұражайдың бірінші көрермендері болды.

Мұражай экспозициясы М.Әуезовтің Семейдегі кезеңіне, шығармашылығына, қоғамдық қызметіне жəне Алаш зиялы- ларының тəуелсіздік жолындағы қызметіне арналған төрт бөлімнен тұрады. Алғашқысы- жас  Мұхтардың  1909-1918  жылға дейінгі Семейдегі кезеңіне арналса, екінші бөлімде Алаш арыстарының белсенді қызметі жөніндегі құжаттар мен фото- суреттер топтастырылған. М.Әуезовтың қоғамдық жұмысы мен шығармашылығы (1918-1925ж) келесі бөлімдердің тақырыбы.

Мұражайдың кіре беріс бөлмесінде үйдің иесі Әнияр жəне ба- ласы Сапарғалидың фотосуреті жəне ұлы Сапарғалидың естелігі қойылған.

Мұражайдың «Алаш арыстары» бөлімінде ұлт-азаттық көтеріліс туралы Семей, Санкт-Петербург, Москва мұрағаттарынан алынған деректі құжаттар, фотосуреттер, жəдігерлер, елге есімі белгілі, көрнекті ғалымдарымыздың осы тақырыпта қалам қозғаған ғылыми-зерттеу еңбектері көрініс тапқан.

 

 

Бұл мұражай 1940 жылдың 16 қазанынан бастап  жұмыс  істей бастады. Бір кездері Абай келіп-кетіп жүргенде, Әнияр Молдабаевтың үйінде болған кітап шкафы, жазу столы мен шар айна жəне қабырға сағаты Қазақстан тарихындағы тұңғыш əдеби- мемориалдық мұражай болып саналады.

Әнияр үйі мұражай болған кезінде біраз жөндеуден өткенімен, үй құрылысының ғасыр басындағы тұрқы көп өзгермей, бастапқы сəулет сəнін сақтаған. Сыртқы есіктен үстіңгі үйге тура көтеріліп кіруге болады. Бөлме есіктері бірімен — біріне жалғаса салынған.

Әнияр Молдабаев 78жасында дүниеден өткен. Ал, одан тарай- тын ұрпақтары туралы 1995 жылғы «Заман-Қазақстан» газетінде белгілі абайтанушы Бейбіт Сапаралының «Абайдың «құдасы» Әнияр кім?» жəне 2000  жылғы  «Егемен  Қазақстан»  газетінде- гі ғалым Әбдісағит Тəтіғұловтың «Текті тұлғалар тұяғы» деген мақалаларында жазылған.

Аталмыш зерттеу еңбегінде Б.Сапаралы: «Шежіре дерекке зер салатын болсақ, Әниярдың Сапарғали есімді ұлы болғанын, 1910

 

жылдары ол баласын Кəкітайдың қызына үйлендіріп, Мұхаметғали есімді немере сүйген жайын аңдар едік.Әниярдың інісі Сүндетбайдан Қалаубек пен Сілəмбек туатын болса, Сілəмбектен Самат, Сағынтай, Мақсұт жəне Нұржамал есімді үш ұл, бір қыз тарайды.Міне, осы Нұржамалды кішкене күнінен Әнияр өз бауы- рына басып, атақты Ақберді қажының /Ақберді-Өскенбай неме- ресі/ Ұсатайдан туған немересі Жұматайға өз қолынан ұзатады. Осылайша Әнияр Молдабаев ұлы мен қызы тұрғысынан да Абай ауылымен жақын құдандалы болады.Жұматай мен Нұржамалдан тараған- Тілес, Ілияс, Гүлнұр, Гүлмира, Айдос, Жəмила, Мəдина, Данияр, Айдос атты шөбере-шөпшектері»,-деп келтірген.

Міне, Алаш партиясының дамуына өзінше бір үлес қосқан, аты еленбей келе жатқан арыстарымыздың бірі — Әнияр Қожабайұлы Молдабаевтың өмір жолы осындай.

Иə, Алаш қалың бұқараны оятты.Оянған қазақты соңына ер- тіп, саяси азаттыққа жетуді мақсат тұтты.

Ұлттық идеяны кемеңгерлікпен түзу аспандатты, дұрыс ұлттық идеяға табан тіреген Алаш ұлт-азаттық қозғалысы қазақ қоғамы тарихының жаңа белесін ашты.

Тарихқа тағзым, өткенге құрмет-елге, жерге, Отанға деген құрмет болып табылады.

Ғасырлар бойы аңсаған тəуелсіздік мұратына қол жеткізу бақыты біздің ұрпақтың маңдайына бұйырды. Алашордалықтар- дың ұлы жолдағы арқалаған аманат жүгінің, халқына жасаған қайырымды ісінің жалғастырушысы бүгінгі елдің азаматтары мына – Сіздер мен біздер.

Ойымды Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен аяқтағым келеді: ««Алаштың» басты мақсаты қазақ қоғамын бірте-бірте өзгертіп, заманға бейімдеу еді. Бұл біздің жедел жаңғыру, яғни модернизация бағытымызға да сай келеді… Алаш арыстары бізге мемлекеттік идеясын ту етіп көтеруді табыстап кетті».

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *