Ұлт шаруашылығына 10 фактор

Неміс-ғалымы Ф.Лист еңбегін зерттеп, мынадай тұжырым- дарға тоқталды:

Экономика үнемі бірқалыпты дамымайды, өзгеріп отырады, уақыт өткен сайын əлем шаруашылығы ұлғая түседі;

Ұлт шаруашылығына 10 фактор əсер етеді: 1. Табиғат; 2. Тек;

  1. Ел жиілігі; 4. Шеберлік; 5. Басқа елді алу; 6. Салт, саясат, заң;
  2. Дін, мінез, құлық; 8. Білім һəм оның көп-аз таралуы; 9. Өнер;
  3. Мемлекет мақсаты. Осы тұжырымдары қарастыра отырып, қозғалыстың өкілдерінде, макроэкономика жəне гиперэкономика туралы түсніктері болған деген қорытынды жасаймыз.

 

Ұлт шаруашылығын дамыту үшін өндірістік қатынастарды нығайту керек жəне оның дұрыс басқарылуын қамтамасыз етіп, білім беру, ағартушылыққа көп мəн берудің маңызын ашты.

Алаш Орда үкіметінің төрағасы Ә.Бөкейханның жəне қазақ тіл білімінің академигі  А.Байтұрсынұлының  экономика  тари-  хы бойынша зерттеулерін М.Тұрғанбай жалғастырды. Алаш қозғалысының зиялысы М.Тұрғанбай экономика тарихы бойын- ша зерттеулер жүргізіп, нəтижесінде, Алаш көсемдерінің жетек- шелігімен экономиканы кезеңдеудің Алаштық тұжырымдамасын жасады. Алаштық тұжырымдама 1918 жылы «Абай» журналында

«Шаруашылық» деген атпен жарияланды.

М.Тұрғанбай «Шаруашылықта» шаруаның көптігіне, түрлілігіне, қарап, көңілге төмендегідей сауалдар келеді: Ша- руаны не нəрсе туғызған? Неге əртүрлі болған? Біз бұл жолғы мақаламызда осы екі сауалға жауап беріп өтпекпіз. Дүниеде нендей шаруашылық болса, бəрінде «мұқтаждық» деген нəрсе туғызған деп жазды [3]. Осыған дейін Еуропа ғалымдары шаруашылық дамуын кезеңдеуде шаруашылыққа əсер ететін факторларды негізге алып келсе, ұлттық-демократиялық қазақ зиялылары экономикалық дамудың басты қозғаушы күші, адамды əрекетке итермелеуші күші – «қажеттілікті» негізге алып, шаруашылық да- муын мынадай кезеңдерге бөліп, оның дамуын былай түсіндіреді:

«Кісі әуелде тоғай арасында, тауда басқа хайуандар секіл-  ді Тәңірінің жаратқан әзір қоректерін жеп ғұмыр сүрді. Бұл тұрмыспен тұра беруге қорқынышты, зиянды хайуандар тыныштық бермеді. Олармен қарсыласарлық қару кісінің өз де- несінде болмады, сондықтан қорғауға мұқтаждық түсті. Бұл мұқтаждық кісіні ойландырды. Ақырында, Тәңірдің артықша берген ақылы тасты  құрал  етіп  жан  қорғауды  тауып  бер-  ді. Осы тастан құрал жасап алуымен кісі шаруашылықтың бірінші басқышына шықты, — деп, аңшылық кəсіптің пайда бо- луын түсіндіре келе, аңшылық кəсіптен мал шаруашылығы пай- да болуына тоқталады: — Аң кісінің аулауына үнемі табылып дайын тұрмайтын болды, сондықтан кісі жуасырақ аңдарды құралдармен қорқытып, өздеріне үйір қылып асырайтын болды. Осы ретпен мал өсіру деген шаруашылық туды»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *