ҚҰРМЕТТІ СЪЕЗД ДЕЛЕГАТТАРЫ! ҚҰРМЕТТІ АЗАТ ТҰРЛЫБЕКҰЛЫ!
Күні кеше Елбасымыз ел бірлігін нығайту мен қоғамды ортақ мақсатқа жұмылдыру үшін қалың көпшіліктің тілегін қабыл алып, аса маңызды тарихи шешім қабылдады.
«Ақ жол» партиясы үшін президенттік сайлау өткізу Елбасымен жүргізіліп жатқан экономикалық саясаттың ұзақмерзімділігі мен орнықтылығына деген инвесторлар мен бизнес қоғамдастықтың сенімін арттыратын басты факторлардың бірі.
Егер естеріңізде болса, 1998 жылдың күзінде Оңтүстік-Шығыс Азия дағдарысы кезеңінде Парламент депутаттары, Елбасына мер- зімінен бұрын президенттік сайлау өткізу туралы ұсыныс жасаған. Сонда да Елбасы – елдіктің басты тірегі болып, қиындықтарды еңсерудің сенімді кепілі болып, еліміздің экономикалық қарқынды дамуын сол жылдарда бастап берген. 2007-2008 жылдардағы қаржы дағдарысының кезінде əркім өзінің басын сауғалап кет- кенде Нұрсұлтан Назарбаев инновациялық индустрияланды- ру бағдарламасына жол ашқан. Нəтижесінде Қазақстан халқы əрдайымда ұтысқа шығып отырды. Мұны біздің партияның төрағасы Азат Перуашев өзінің бір сөзінде Назарбаевтың фено- мені деп атағаны есімде қалыпты.
Енді міне Қазақстан тағы да заманның бірқатар сын- қатерлерімен бетпе-бет келіп тұр. Мұнайдың бағасы түсіп кетті. Ресейдің рублі құнын жоғалтты. Ондағы қарапайым халықтың тұрмысы елеулі түрде төмендеуде. Ауғанстандағы дағдарыс Орталық Азия елдеріне əсер ететіні сөзсіз. Украинаны қарулы қақтығыстар шарпыған, Таяу Шығысты тынышсыздық
жайлаған, тіпті кəрі құрылық Еуропа тұрақсыздықтың иінін та- рылта алмай отыр. Әлемдік дінаралық, ұлтаралық төзімсіздік өршіп, жағдай ушыға бастады. Ішкі-сыртқы жағдайлардың бəрін парасаттылықпен бағалау жəне шындықтың бетіне тіке қарау қажеттілігі туындады. Дəл осы кезеңде, сыртқы факторлардың əсерінен қиындықтар фазасына аяқ басып жатсақ та, бюджет- ті миллиардтаған теңгеге оңтайландыру шараларын қабылдауға тура келсе де, Елбасы тағы да кезекті рет əлемде қалыптасқан күрделі экономикалық жағдай мен геосаяси үдерістердің алдын- ала отырып, ел алдына үлкен мақсаттар қойып отыр. «Нұрлы жол» бағдарламасы арқылы халқымыздың дағдарыс кезеңінен аман-есен өтуіне алғышарттар жасалуда. Президенттің пəрменімен Ұлттық қордан былтыр экономикаға 1 трлн. бөлінді, алдағы үш жылда да қомақты қаржылар бөлініп отырмақ. Ал енді осы қаржыларды игеріп, экономикаға бағыттауды тұрақты бақылауға алуға, Елбасы- на сүйеу болуға Парламентте озық тəжірибе жинақтап, үлкен саяси күшке айналған біздің партиямыздың да мүмкіндігі жеткілікті деп санаймын. «Ақ жол» Президент бастамаларын əрқашан қолдап ке- леді жəне қолдай береді.
Қалыптасқан жағдайда, Қазақстанға өте салмақты, ең алды-
мен, ұлттық мүддеге бағдарланған саясат жүргізу аса қажет. Оның негіздерін Елбасының өзі қалап берді. Қазақ халқы ру- хани құндылықтарын, тілін жəне мəдениетін қалпына келтіріп, дамытуға мүмкіндіктер алды. Бұған ел ішіндегі саяси тұрақтылық, ұлтаралық келісім оң ықпалын тигізуде. Еуропа мен Азияның тоғысқан жерінде орналасуымыздың, орнықты сыртқы сая- си бағытты ұстануымыздың арқасында Қазақстан жаһандық дүниеде лайықты орнын алды. Қазақстан Республикасының Пре- зиденті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясында еліміз басшылыққа алатын жаңа саяси бағытын жариялады. Ежелгі ата- бабаларымыз – түркі жұрты қағандарының «Мəңгілік ел» мани- фесінде «түнде ұйықтамай, күндіз отырмай, қара терін төгіп, қызыл қанын ағызып»; ХХ ғасырдың басындағы Алаш арыстарының Алаш əнұранында «Енді Алашты ешкімнің Қорлығына бермей- міз, Алаш туы астында Күн сөнгенше сөнбейміз!» деп қалдырған
«Мəңгілік ел» идеясы тарихи сабақтастықта қарастырылып, көне мемлекеттілік дəстүрлер жалғастырылып, жаңғыртылып, елдің болашағына қызмет ететін ұлттық-мемлекеттік идеяның іргета- сына айнала бастады. Елбасы шын мəнінде Тәуелсіздіктің өмірлік философиясын белгілеп берді. Ол – МӘҢГІЛІК ЕЛ.
Қазақтың қасиетті Ұлытауында Елбасымыз «Тарихын білме- ген ұлттың болашағы бұлыңғыр» деп Ата тарихқа деген салиқалы ұстанымын айтса, оның артынша бастама көтеріп, елімізде 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығы тойланатын болып, оған арналған іс-шаралар жоспары Үкіметтің тиісті қаулысымен бекітілді. Мұның өзі тарихшылар жəне басқа да ұлттық тарихты зерттеушілер алдына қазақ мемлекеттілігінің бастау көздеріне қайта оралуға, деректерді қайта саралауға шақырып отыр. Алаш ұғымының өзі сонау əлмисақтан, «Керегеміз – ағаш, ұранымыз — Алаш» деген елдік ұстаным болған кездегідей ұғынылып, қазақ этнонимінің синонимі ретінде ұлттық құндылық болып орныға бастады. Ұлттық тарихымыздың орны тек қана төр екенін негізгі ұстанымдарының бірі ретінде санайтын «Ақ жол» партиясы үшін Қазақ хандығының 550 жылдығы тойланып, ұлттық тарихымызды ұлықтап, ұлтты əлемге танытуда жəне қазақ елі азаматтарының патриоттық сезімдерін арттыруда үлкен рөл атқаратын 2015- ші жылы Президентімізді сайлап алудың өзінің үлкен саяси- философиялық, тарихи мəні бар. Біз ата-бабаларымыз аңсаған кемел жарқын болашаққа, алтын ғасырға аяқ басқан ұлтымыздың игілігі жолындағы іргелі істерде Елбасымен бірге болатынымызды мақтан тұтамыз. Мақтан етіп қана қоймай, Елбасының идеяларын іске асырылуын қамтамасыз етіп, тың серпін беруге бұрынғыдан да тас түйін болып бекінуіміз қажет.
Жаhандану дəуірінде елді басқару айрықша саяси дарын мен
хас шеберлікті талап етеді. Біздің бағымызға қарай, шүкір, деп айтайық, халықаралық деңгейдегі ірі Тұлға, Ұлт көшбасшысы біздің елде бар. Ол — Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Өркениет дамуының көшіне еркін енген халқымыз алдағы саяси сəтте өзінің болашағын адаспай таңдайтынына ешқандай шүбə жоқ. Сіздер- ді, құрметті əріптестер, Тəуелсіздігіміздің баянды болуы үшін Елбасымызға елімен бірге кемел келешекке керуен тартуға сенім білдіруге, жаңа мандат беруге шақырамын!