ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН БАСҚА ТІЛДЕ ОҚЫТАТЫН МЕКТЕПТЕРДЕГІ 5-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТІЛІН СӨЙЛЕСІМ ӘРЕКЕТІ АРҚЫЛЫ ДАМЫТУДЫҢ ЖОЛДАРЫ

ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН БАСҚА ТІЛДЕ ОҚЫТАТЫН МЕКТЕПТЕРДЕГІ

5-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТІЛІН СӨЙЛЕСІМ ӘРЕКЕТІ АРҚЫЛЫ ДАМЫТУДЫҢ ЖОЛДАРЫ

 

Ардагер Несібелді

(6М121000 – қазақ тілінен басқа тілде оқытатын қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 2-курс магистранты)

Ғылыми жетекшісі, п.ғ.д., доцент Р.С.Рахметова

 

 

Сөйлесім әрекеті оқушы тілін дамытуда оқушылардың еркін тілдік қатынасқа түсуіне, танымдық, қатысымдық, сондай-ақ топпен тіл табыса әрекет ету қабілеттерінің жетілуіне, қойылған проблемаларды оң шеше алуына, әрбір мәселеге деген өз ой-пікірін дұрыс, анық, дәлелді жеткізуіне ықпал етеді. Сонымен қатар әрбір оқушы ортақ мақсатқа негізделген әрекеттерді орындау барысында жүзеге асатын тілдік қатынаста, біріншіден, өз мүддесіне сай тілдесімнің мақсаты мен маңызын анықтауға, екіншіден сөзінің қисыны мен дәлдігін мөлшерлеуге, үшіншіден пікірін дәлелді, дәйекті, түсінікті жеткізуге дағдыланады. Оқушылардың белгілі бір табысқа жетуіне, танымдық қызығушылықтарының дамуына, дүниетанымдық көзқарасының қалыптасуына, коммуникативтік мәдениетін тәрбиелеуіне, өзін-өзі бағалауына септігін тигізеді, оқушылардың сабақта ізденуіне, дара тұлғалық қасиеттерінің дамуына, шешімді таңдаудағы еркіндігіне жол ашады, түрлі жағдаяттардан жол тауып шығуға үйретеді. Осы мақсаттарға жету үшін сабақтың ұйымдастырылуы, әдістері, педагогикалық ұстанымдары дұрыс болуы тиіс.

Қазіргі кезде оқушылардың ауызша сөйлеу әрекетін қалыптастыру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады. Тіл дамытуда мынадай тілдік материалдарды пайдалануға болады.

а) Сөйлесім әрекеті арқылы 5-сынып оқушыларының тіл дамыту жұмыстарын көркем-әдеби үлгілермен емес, таза «бала тілін» бақылау арқылы жүргізу.

ә) Сөйлесім әрекеті арқылы 5-сынып оқушыларының тілін дамытуда балаларға арналған газет-журналдардың тілін пайдалану.

б) Сөйлесім әрекеті арқылы 5-сынып оқушыларының тіл дамытуда көркем-әдебиет материалдарын пайдалану.

Тілді оқытудағы ең басты мақсат – оқушыны сөйлеуге, яғни айтар ойын жеткізе білуге үйрету. Сөйлеу тілдік қарым-қатынас барысында адамның өз oйын жарыққа шығару процесі, өз сөзін екінші біреуге түсінікті етіп жеткізуі. Сөйлеуге үйрету дегенде мынадай ұғымға мән беріледі: бұл-адам мен адамның тілдік қарым-қатынаста бір-бірімен тілдесуі,

 

сөйлесуі яғни бір адамның өз ойын екінші адамға ауызша жеткізуі, сөйлеуі, айтуы. Сонымен бірге айтылған ойдың адамға түсінікті болып, оны қабылдау арқылы екінші адамның оған өзіндік жауап қайтаруы. Бұл сөйлеуге үйретудің бір адамға ғана тән мәселе емес екендігін көрсетеді. Ол тілдік коммуникация арқылы жүзеге асады. Сөйлеу әрекеті – тілді үйрену жолындағы маңызды баспалдақ, қажетті шарт қана емес, ол — адамзаттың қоғамдағы орнын, қызметін көрсететін күрделі әрекет. Өйткені, сөйлеу әрекеті адамдық қасиетті білдіретін басты өлшемдердің бірі. Ауызша сөйлеуге үйрету — тілді жалаң үйрену емес, адамның жалпы ойлау қабілетін кеңейту, жетілдіру деген сөз. Жалпы  сөйлеу әрекетін меңгеру үшін мына жағдайларды ескеру қажет: үйрететін тілде сөйлеуге деген қажеттілік; қоршаған орта, жағдайдың әсері; жеке бастың қабілеті; сөйлеудің негізгі мақсатын айқындау. Қазақ тілін оқытуда коммуникативтік мақсатқа жетуде ауызша сөйлеудің маңызы зор. Сөйлеуге үйрету үшін оқыту әдісі ситуативті әдіс болуы керек себебі: ситуативтілік сөйлеу әрекетінің табиғи қасиеті болып табылады.

Сөйлесім әрекеті арқылы 5 – сынып оқушыларының тіл сөйлеуге үйрету үшін қажетті ситуацияларды мынадай жолдармен беруге болады:

а) «көз алдыңа елестетіп көр», «қиялдап көр» деген сияқты және т.б. тапсырмалар арқылы ситуациялар құру;

ә) белгілі бір ситуацияны жасайтын сурет немесе ситуацияны дамытатын, күшейтетін суреттер тізбегіне қарап, соның көмегімен сөйлеу;

б) күнделікті өмірдегі болып жатқан жағдайға ұқсас нәрселерді сипаттау.

 

           
           
 
 


Сөйлесім әрекеті арқылы дамытудың жолдары

Жаттығулар мен                        көрнекілік                техникалық құралдар тапсырмалар

  1. Грамматикалық Тірек сызбалар            1. Интерактивті тақта
  2. Логикалық Картина, сурет             2. Диафильмдер
  3. Танымдық Үлестірме қағаздар     3. Магнитофон
  4. Ізденімдік

 

5-сынып оқушыларының тілін сөйлесім әрекеті арқылы дамытуда қазіргі әдістеме ғылымындағы жаттығулар мен тапсырмалар жүйесі үлкен орын алады. Себебі оқушылардың әрбір жеке тақырыпшаларды жете түсініп, тілді терең меңгеруі үшін жүйелі ұйымдастырылған жұмыстардың өзіндік үлесі бар. Сонымен бірге өтілген тақырып бойынша берілетін тапсырмалар да маңызды рөл атқарады. Себебі сөйлем түрлерін, олардың әрқайсысының ерекшеліктерін танытуда жаттығу жұмыстарынсыз нәтижеге жете алмаймыз. Ал оқытудың нағыз құралы – жаттығулар мен тапсырмалар.

Жаттығулар мен тапсырмалар оңайдан қиынға, жеңілден ауырға қарай сатыланып, оқушының қабылдау қабілетіне қарай міндетті түрде қиындатылып отырылады.

5-сынып оқушыларының тілін сөйлесім әрекеті арқылы дамытуға арналған жаттығулардың өзіндік ерекшеліктері бар.

 

Біріншіден, жаттығулар өтілген тақырыпқа негізделуі керек. Жаттығулар стандарттық сабақтың құрылымы мен мақсатына қарай өтілген материалдарға негізделіп отырады.

Екіншіден, жаттығулардың логикалық жүйелігі болуы қажет. Жаттығулар міндетті түрде логикалық байланыста болады. Бірінші оқушы сөздің лексикалық мағынасын меңгеруге, екінші сөздерді дұрыс тіркестіруге, үшінші олар меңгерген тілдік тұлғаларды шығармашылық негізде қолдануға үйренеді. Мұндай құрылымның ұтымдылығы оқушы үйренген сөздерін белсенді тілдік қарым-қатынаста қолдануға дағдыланады.

Үшіншіден, жаттығулар оқушылардың шығармашылық біліктерін дамытуға негізделуі керек.

Төртіншіден, жаттығулардың барлығы оқушылардың жеке адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруы қажет. Жаттығу жұмыстары баланың түсінуіне жеңіл, тәрбиелік мәні бар мазмұнда құрылғаны жақсы.

5-сынып оқушыларының тілін сөйлесім әрекеті арқылы дамытуға арналған жаттығулар жүйесі:

  • Грамматикалық жаттығулар
  • Логикалық жаттығулар
  • Танымдық жаттығулар
  • Ізденімдік жаттығулар

Көрнекілікті қолданудың түпкі мақсаты – меңгерілетін материалдың мазмұнын аша түсу, оқушылар санасында берік сақтауға мүмкіндік жасау. Оқушылардың оқу материалын саналы түрде игеріп, есінде берік сақтауын қамтамасыз етуде маңызы зор. Көрнекілік, біріншіден, оқушының материалды тез әрі сапалы игеруін қамтамсыз етсе, екіншіден, олардың ойлау қабілетін жетілдіруге ықпал етеді. Көрнекілікті пайдалану барлық кластар үшін тиімді, өйткені мұндай кезеңде оқушылардың барлық сезім мүшелері қатысады, қызығушылығы артады, ойлау шеңбері кеңейеді. Көрнекі оқу құралдарына: тірек сызбалар, кесте, фото-сурет, оқиғалы картиналар, үлестірме қағаздар және т.б. жатады.

Тірек-сызбалар дегеніміз – қазақ тілін меңгерту барысында оқушылар мен мұғалімнің уақытын үнемдеуге, оқушылардың танымдық, логикалық қабілетін дамытуға аз күш жұмсай отырып, терең де көп білім меңгеруге жағдай жасайтын белгілер. Сөйлеу әрекетінің барлық түрі бойынша қолдануға болады. Бұл әдіс оқушыларды тілдік әрекет түрлерінің қалыптасып, дамуына, түрлі танымдық, шығармашылық мақсатқа жетуіне, сөйлеу мәдениетінің дамуына машақтандырады. Сондай-ақ ұжымдық әдіс арқылы оқушының жеке мүмкіндігі ескеріліп, белсенділігі өседі.

Картина, суретпен жұмыс – көрнекі құралдың тәжірибе жүзінде іске асыратын ұтымды тәсілдердің бірі. Оқушылардың тілін дамытуда белгілі оқиғаға құрылған тартымды картиналар мен суреттер айрықша орын алады. Оқушылар картина, суреттерге қарап, өз ойынан әңгіме құрап, ауызша сөйлеуге машықтанады.

Үлестірме қағаздармен жұмыс – оқушылардың өздігімен жұмыс істеуін қалыптастыратын тәсілдердің бірі. Ал орыс мектебінде оқылатын қазақ тілі үшін оқушылардың өздігімен жұмыс істеуі ауадай қажет, өйткені оқушылардың сөйлеу дәрежесін арттыруда бұл таптырмайтын жолдардың бірі.

Сонымен қатар техникалық құралдарды қолданудың да пайдасы бар, олар:

  • оқылып жатқан материалдарға қызығушылықты арттырады;
  • оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуіне ықпал етеді;
  • олардың танымдық белсенділігін арттырады;

 

  • білім берудегі бір жақтылықты жояды;
  • сабақ құрылысын түрлендіруге мүмкіндік береді;
  • оқу үдерісіне әрбір оқушының белсене қатысуын қамтамасыз етеді;
  • оқушыға түсініксіз болған жерді қайталап тыңдатқанда немесе қайталап көрсеткенде ұтымды болады;
  • оқытушының сабақтағы уақытын үнемдеуге көп пайдасын тигізеді.

Интерактивті тақта қазақ тілін екінші тіл ретінде оқытуда тілді үйретудің тиімді қайнар көзі. Тіл үйренушінің сөздік қорын жетілдірудің жолын іздестіру үшін айтылым, жазылым, оқылым, тыңдалым үрдістері арқылы қазақ тілін оқытудың мүмкіндіктері мол. Сол мүмкіндіктердің бірі – қазақ тілі сабағында интерактивті тақтаны тиімді пайдалану. Интерактивті тақта оқытушының әрбір оқушыға ақпаратты тиімді жеткізуіне көмектеседі. Сабақта қолданылатын көрнекіліктерді интерактивті тақта арқылы көрсете отырып, тіл үйренушілердің біріншіден, зейінін аудара аласыз, екіншіден, сабаққа қызығушылығын арттырасыз.

Диафильмді қолдану – оқыту материалын меңгертуде аса тиімді амалдардың бірі. Диафильм сабақ процесін ерекше жандандырып, оқушылардың ой-өрісін дамытып, әр түрлі сюжетті әңгімелерді нақты көрсетіп, түсіндіруге мүмкіндік береді. Диафильмдерді 5- 7 сыныптарда қолдану тиімді. Оқушылардың жас ерекшелігін ескеріп, пайдаланған дұрыс. Олар табиғат көріністері, жыл мезгілдеріне байланысты, өсімдік, жан-жануарлар, үй хайуанаттарының тіршілігі сынды тақырыптарда құрылған диафильмдерді көрсеткен жөн. Оқуңшылар диафильмдерді көру арқылы жаңа заттардың аттарымен танысады, сөздік қорлары молаяды. Олардың ойын дамытып, тілін ұстартады, ойлана, сөйлей білуге жаттықтырады.

Магнитафонды тіл дамыту сабақтарында қолданған тиімді. Орыс дәрісханаларында екінші тілдің дыбысталу нормасын дұрыс меңгермейінше, сол тілде ауызша сөйлеу мүмкін емес. Сондықтан ерекше дыбыстар мен сөздердің дұрыс айтылуын меңгертуді, сөйлемдегі сөзге дұрыс екпін қойып, дұрыс сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда магнитафонның көмегін іске асыруға болады. Сондай-ақ магнитофонды диалогтар, мәтіндер тыңдауға, мәнерлеп оқылған өлеңдер жаттауға, нақышына келтіре орындалған әндер мен күйлер тыңдауға болады.

Қазақ тілінен басқа тілде оқытатын мектептердегі 5-сынып оқушыларының тілін сөйлесім әрекеті арқылы дамытуға арналған жаттығулар мен тапсырмалар:

ОҚЫЛЫМ, АЙТЫЛЫМ. 1-жаттығу. Мәтінді оқып, сөйлемдегі сөздердің бір- бірмен қандай грамматикалық тәсілдер (жалғаулар, көмекші сөздер, орын тәртібі, дауыс ырғағы) арқылы байланысып тұрғанын анықта.

Мәтін:

Аққу – қазақ халқы тазалық пен сұлулықтың символы ретінде қарайтын, өзінің ұясын кез келген көлдерге сала бермейтін киелі құс. Ол ұя салуға ну қамысты, суы таза әрі тұщы ірі көлдерді таңдап алады және ол маңда адамның болуын ұната бермейді. Сондықтан да халқымыз оның кез келген батпақты шалшық көлде кездесе бермейтін аса талғампаз, тәкәппар қанатты екендігін қадірлейді. Аққудың көркі, мінез-қылығындағы ерекшеліктер сонау дәуірден бері халықты таңдандырып келеді. Оның су бетінде маңғаздана жүзгені, ұшқанда қанатын қағып көтерілуі, табиғаттың берген әсем бір құбылысы емес пе! Тіпті, қазақ халқы адам бойындағы жақсы қасиеттерді осы құсқа балайды ғой.

 

Өзінің сұлулығымен жұртты таңғалдыратын аққу бүкіл елімізде қорғауға алынған. Қазіргі міндет – осы «құс падишасы» сақталып қалған көлдерде оның ұя жасауын керекті материалды қолдан жасасақ, ол сол суда көбірек тоқтайтын болады.

  • тапсырма. Мәтіннен түсінгеніңді өз сөзіңмен жеткізіп бер.
  • тапсырма. «Аққу» сөзіне сипаттама бер.
  • тапсырма. Мәтіннен зат есімдер мен сын есімдерді тауып, грамматикалық талдау

 

жаса.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *