Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ ДАМУЫНА ӘРКІМ ӨЗ ҮЛЕСІН ҚОСУЫ КЕРЕК!

Қазақстанның

болашағы – қазақ тілінде

 

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ ДАМУЫНА ӘРКІМ ӨЗ ҮЛЕСІН ҚОСУЫ КЕРЕК!

 

(Қазақ үні №14-15 (673), 14 сәуір, 2015)

 
   

 

2015  жылдың  сәуір   айының   11   жұлдызында   Аста-   на қаласындағы «Ақ жол” партиясының бас ғимаратында Қазақстан Президенті сайлауына байланысты «Қазақстанның болашағы қазақ тілінде» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті. Оған Парламент депутаттары, зиялы қауым мен БАҚ өкілдері қатысты.

 

Дөңгелек үстелді «Ақ жол» партиясының төрағасы, Мəжіліс депутаты Азат Перуашев кіріспе сөзбен ашты:

“Мəңгілік Ел идеясы, Елбасы өзінің Сайлауалды Бағдарла- масында атап көрсеткеніндей, «жалпыазаматтық құндылықтар жүйесі қатарынан көрінуі тиіс». Ал Мəңгілік Елдің мəңгілік тілі болуы тиіс. Біздің атқарушы билік ұлттың жаны болып табылатын ана тілі мəселесін мемлекеттік құрылыстың ең алдыңғы кезекте- гі мақсаттарының бірі деп қарауы тиіс. Өйткені, Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде екені анық, деді. “Қазақстанның болашағы қазақ тілінде” атты жиынның баяндамасын «Ақ жол» партиясы төрағасының орынбасары, ақын Қазыбек Иса жасады:

 

«Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде»-деп мəлімдеген Ел- басымыз, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік тілді Атазаңымызға сай өз төріне биіктету үшін үнемі қайрат көрсетіп келеді. Қазақстан халқына Жолдауында : «Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар — ана тіліміз мəңгілік елімізбен бірге мəңгілік тіл болды. Біздің тіліміз мемлекеттің барлық жүйесінде қолданылуы үшін, барлық жерде керек болуы үшін біз өзімізді өзіміз қамшылауымыз керек, өзіміз соған атсалысуымыз керек»- деп қадап айтты.

Ал енді үкіметіміз осы үдеден шығу үшін түбегейлі бетбұрыс жасап, мемлекеттік тіл мемлекеттік деңгейде барлық жерде қолданылуы тиіс. Еліміздегі ең жоғары лауазым  –  Президент- тен мемлекеттік тіл үшін сынақ алғандай, барлық мемлекеттік қызметкерлер мемлекеттік тілден емтихан тапсыратын кез жетті. Сонда ғана Елбасы Жолдауынада айтылғандай, 2025 жылы мем- лекеттік тілді меңгерген қазақстандықтар 95 пайызға жетіп, қазақ тілі ұлтты біріктіруші басты фактор бола береді.

Иə, 25 жылдан бері  осы  мемлекеттік  тілдің  аясында  қыруар жұмыстар жасалды, бірақ нəтижесі қандай?.. Өйткені, жоғары жақта отырған көптеген  шенеуніктер  мемлекеттік  тіл- ге немқұрайлы қарайды. Соның бірі таяуда ғана Парламент Мəжілісінде депутат Виктор Киянскийдің Тəуелсіз Қазақстанның тілінде қойған сұрағына Қазақстанның Қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Мұхтаров Ресейдің мемлекеттік тілінде жа- уап берді. Өткенде Еңбек жəне денсаулық вице-министрі Дəулет Арғындықов та депутаттардың қазақша қойған бір де бір сұрағына жауап бере алмады.

Республикалық тəуелсіз «Қазақ үні» газеті ұлттық мүдде, мем- лекеттік тіл мəселесін көтеруде алдыңғы қатарда екенін ел жақсы біледі. Мысалы qazaquni.kz ұлттық порталында ең көп оқылған тіл туралы мақалаларға біз ҚР Президенті Н.Назарбаевтың: “Он бес жылда аю да қазақша үйреніп алатын уақыт болды” деген сөзін айдар етіп алдық.

Мысалы, ниетін əрқашан іспен көрсететін “Ақ жол” пар- тиясы Қазақстан тарихында тұңғыш рет шетелде қазақ тілінде сөйлеген партия. Былтыр күзде Қытай Коммунистік партиясының шақыруымен Бейжіңге ресми іссапармен барғанда Қытай Пар-

 

ламентінде вице-спикермен кездесуде «Ақ жол» партиясының төрағасы, Мəжіліс депутаты  Азат  Перуашев  мемлекеттік  тіл-  де сөйлеп, қытайлық əріптестерін əбден састырды… Ал 2012 жылы ақжолдықтар жасаған Мемлекеттік тіл туралы заң жобасын Үкіметіміз өткізбей тастады. Бұл туралы кезінде баспасөзде сын мақала жазылды да. Ал мемлекеттік тілді қоллдау туралы қоғамда резонанс тудырған əйгілі 138-дің хатына Азат Перуашевтан бастап, “Ақ жолдың” 23 Орталық Кеңес мүшесі қол қойып, осы Үндеуді қолдаған мəлімдеме жасаған жалғыз партиямыз.

Қорыта айтқанда, Мемлекеттік тіл мемлекеттік деңгейде барлық жерде қолданылуы тиіс! Сондықтан да, 26 сəуірде Қазақстан Президенті сайлауында ақжолдықтар руханиятқа қамқор рухы биік тұлға, əлемдік деңгейдегі саңлақ саясаткер Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевқа үлкен үміт артып отыр”-деп мəлімдеді.

Жарыссөзде «Ақ жол» ҚДП Орталық кеңесінің хатшысы Сəбит Байдалы «Мемлекет қазақ тілін дамыту жөнінде белгілі  бір деңгейде күш-жігер жұмсап келеді, соның нəтижесінде ана тіліміз бірте-бірте мемлекеттің басты ұйыстырушы негізіне айна- лып келе жатқанын жоққа шығаруға болмайды. Тəуелсіздігімізді алғанымызға ширек ғасырға жуықтаған кезде қоғам мемлекеттік тілдің шынайы, нақты мəртебесін одан əрі көтеру жөнінде жаңа міндеттер қоюға толық құқылы. Біз ата-бабаларымыз аңсаған ке- мел жарқын болашаққа, алтын ғасырға аяқ басқан ұлтымыздың игілігі жолындағы іргелі істерге Елбасымен бірге барамыз”-деді.

Академик, қоғам қайраткері Ғарифолла Есім «Ақ жол» партия- сы Алашордалықтардың ізбасары ретінде, үнемі ұлттың игі істері- не үлесін қосып жүретіндігін сөзге тиек етті. Қазақстан халқы Ас- самблеясымен бірге “Бір ел, бір мүдде, бір мектеп” бағдарламасын ұйымдастырған жөн. Өйткені, өсіп келе жатқан бала ана тілінде сусындап өспесе, ертең ол ұлтқа жаны ашымайды. Басқа біреудің мүддесін қорғап тұруы ғажап емес. Сондықтан «Ақ жол» партия- сы бастама көтеруі тиіс деді.

Астана қаласы əкімдігі Тіл басқармасы басшысы Ербол Тілешов мектептердің жайын сөз етті. Парламент депутаты, ақжолдық Ал- мас Тұртаев мемлекеттік тілдің маңыздылығын көтерді. Запастағы полковник Сланқожа Қарақыстық: «Ақ жол» партиясының атына заты сай, жəне оны басқарып отырған Азаттың атының өзі еш- кімге бағынбасын, еркін азат өмір сүрсін деп қойған шығар” деп

 

бір лебізін білдіріп өтіп, “мемлекеттік тілді балабақшадан бастап, барлық балабақшалар мемлекеттік тілде болуы керек”-деді. Ақын Серік Тұрғынбекұлы мемлекеттік тілдің жағдайын жеріне жеткізіп тұрып айтты. Ол “Ақ жол” партиясының Алаш ісін жақсы қолға алып келе жатқанын баяндады. “Ақ жол” партиясы тек қалталы байлардың ғана емес, рухани байлардың да партиясы болу жолын- да еңбек ете беруі тиіс. Ал “Қазақ үні” газетін “Қазақ мұңы” деп атасақ тура болады. Өйткені, ел ықыласына бөленген бұл газет-  ті оқыған сайын қазақтың мұңын тыңдап, рухани серпін аласың”

-деді.

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті Омар Жəлел қазақ тілінің мүшкіл тағдырын Абай Құнанбайұлының сөздерімен ұштастырып отырып ойын жеткізді. «Төртінші билік» газетінің бас редакторы Төлемырза Темірбекұлы да жанайқайын ортаға салды. «Еуразия» телеарнасының «Ашығын айтқанда» бағдарламасының продюсері, белгілі мəдениеттанушы Серік Ерғали үш ұсынысын айтты: 1.«Ақ жол» партиясы басшы  бо- лып əртүрлі бағытта ағартушылық жиындар ұйымдастыру. 2. Әртүрлі жобаларды талқылау, мемлекеттік тіл орталықтарының ісіне мониторинг жүргізу, үйірмелер ұйымдастыру керек. 3. Ішкі запыраныңды айтатын бізде аудитория қажет, сол аудиторияда мемлекеттік тілдің аясын кеңейтетін жұмыстарды ұйымдастыру қажет. Журналист Жұмамұрат Шəмші мемлекеттік тілді үйрену мен үйретуді əркім өзінен бастап үлесін қосу керектігін нақты мы- салмен келтірді.

Парламент депутаты, тіл жанашыры Оразгүл Асанғазы тығырықтан қалай шығу керек екенін, мемлекеттік тіл мəселесін көтеруден жалықпай, қайта-қайта айта беруімізге үгіттеді.

Ғалым, тарих ғылымының докторы, профессор Зиябек Қабылдинов ЖОО-дағы оқулықтың жетіспеуі мен Астанада педагогикалық институттың жоқтығын көтерді. Алаштанушы Сұлтан Хан Аққұлұлы мемлекеттік тілде сөйлеуді алдымен биліктің өзі бастау керек екенін жеткізді. Жазушы Өтен Ахмет біртекті ұлт ұйыстыру мəселесін, кəсіпкер Сансызбай Өнерхан  тіл мен мəдениетті біртұтас қарап, Наурыз мерекесінің беделін көтеруді, ақжолдық ардагер Тұрсынбай Ахметов мемлекеттік тілді

 

насихаттау мəселесін, Сенбек Сансызбай мемлекеттік тіл мерейі- насыруда, ұлттық мүдделерді қорғауда Ақжолдықтардың еңбегін, Ақтілек Байбазаров жастар мен жарнама жайын сөз етті.

 
   

Сонымен, “Ақ жол” партиясы ұйымдастырған, нағыз қайнаған пікірталас қазанына айналған, барлығы өз ойын ашық айтқан алқалы жиын қорытындысында Мемлекеттік тілдің мемлекеттік деңгейде барлық жерде қолданылуы тиіс деген ұйғарым жасалды.

 

Жұмамұрат Шəмші тарих ғылымдарының кандидаты

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *