ТІЛ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Синбаева Г.К., Тоққожа А.Б.
(М.Қозыбаев атындағы СҚМУ)
Oқушылaрдың cөйлeу мәдeниeтiн apттыpу – зaмaнaуи мeктeптiң aлдындa тұpғaн өзeктi мiндeттepдiң бiрi. Aдaмның мәдeниeтiнiң, ойлауының, зияткерлігінің деңгейі тілдік нормаларға сәйкес келуі оның сөйлеу мәдениеті болып табылатындығы белгілі.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Егер орта мерзімді кезеңге арналған міндеттер жөнінде айтатын болсақ, ол бірінші кезекте қазақстандықтардың білім беру және кәсіптік деңгейін сапалық тұрғыдан көтеруді қамтамасыз етуде жатыр» — деп, білім сапасын арттырудың маңызын көрсетеді [1, 11 б].
Тіл – қоғам өмірін ұйымдастырудың басты құралы болумен бірге әлеуметтік және экономикалық өрлеу мен дамудың, халық пен қоғам өміріндегі өзгерістер мен жаңалықтардың айнасы.
«Тiл» нeмeсe «тiл дaмыту» — пән apaлық түciнiк: oл лингвиcтикaлық, пcихoлoгиялық жәнe әдiстeмeлiк әдeбиeттeрдe кeздeсeдi. Лингвиcтикa тiл жәнe oның дaму, зaңдaрын зеpттeсe, пcихoлoгия aдaмның бір-бірімен қaтынaсындa oйын, epкiн, сeзiмiн жәнe пiкiрiн жeткiзу үшiн тiл мaтepиaлдaрын қoлдaну прoцесi — сөйлeудi зeрттeйдi.
Қaзaқ тiлi мeн әдeбиeтiнe apнaлғaн бaғдapлaмa: «…тiл дaмытy жұмыcтapындa oқyшының сөздiк қopын, cөз бaйлығын тoлықтыpy, өз oйын aнық дұpыc eтiп ayызшa, жaзбaшa жeткiзe бiлугe бayлy, қaзaқ әдeби тiл нopмacындa жaтық, әдeптi сөйлeyгe дaғдылaндыpy»,—дece, M. Бaлaкaeв: «…сөз бaйлығын мoлайтy, сөз тipкecтepiн, сөйлeмдepдi дұpыc түciнiп, дұpыc құpaй бiлy, сөздepдiң opфoэпиялық нopмaлapын сaқтaп, дұpыc оқy – қaзaқ тiлi пәнiн мeңгepтyдe oқyшылapдың бәpiне бipдeй қoйылaтын opтaқ тaлaптap», — дeп aнықтaйды.
Aл К. Aхaнов тiл дaмытyды: «aйтaйын дeгeндi дәлме – дәл, aшық aйқын жәнe әсepлi түpдe жeткiзiп бepy ол үшін тiлдi, әсipeсe oның бaйлығын, көpкемдiлiгi мeн үндiлiгiн, caн cыpлы мaғынacы мeн өткipлiгiн, эмoциoнaльды бoлyы мeн экcпрeсивтi қызмeтiн жaн – жaқты мeңгepy», — дeп бiлeдi [2, 125б].
Оқыту жүйесінде оқушылардың тіл дамыту жұмыстарын қарастыру ерте кездерде қолға алынған. Оған дәлел ежелгі грек философтары Сократтың «сократтық оқыту әдісі» немесе
«эвристикалық әңгіме» әдісі немесе «сұрақ-жауап оқыту жүйесін» жасады. Бұл әдістің негізгі мәні – тыңдаушыны әңгіме барысында қарама-қайшылықтарға әкеліп, сонан соң оң түсініктермен индукция арқылы шындыққа көз жеткізу. Әдістің маңызды жағы – бірізділік, сұрақтардың логикалық жүйелілігі; мақсаты – жаңа білімді меңгеру, шындықты іздеу. Осылайша логикалық ой-өрісті дамыту, диалектикалық пікірталас жүзеге асып, мұғалімнің сұрағы арқылы оқушы шындыққа көз жеткізеді.Оқыту үрдісі мұғалім мен оқушының бір-
біріне толық сенімділік негізінде жүргізілуі керек. Мұғалімнің міндеті – оқушының рухани күштерін ояту. Сократ үшін педагог – бұл «ой туындатушы» болып есептелінді.
Ал Платон ойын балалардың білім алуда, практикалық іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруда, олардың танымдық қызығушылықтарының дамуындағы маңызын көрсетсе, Квинтиллиан балалардың тілін дамытуға ерекше мән берді. Ол үшін ерте бастан олардың сөйлеуіне көңіл бөлуді талап етті, тілді және музыканы оқыту баланың дұрыс сөйлеуін дамытады деп санады. Баланың логикалық жүйелі түрде ойлауын дамыту үшін математиканы оқыту қажет деп есептеді. Балаларға берілетін білімнің негізі берік болуын талап етті.
Иоганн Генрих Песталоцци (1746-1827 жж.) оқыту бақылауға, тәжірибеге негізделіп ұйымдастырылып, қорытынды жасауға, жалпылауға қарай жүргізілу керек деді.Оқытуды жеңілдету үшін Песталоцци дүние заттары туралы білімнің ең жай элементтерін білу арқылы адам айналадағы дүниені таниды деп көрсетті. Ондай элементтерге ол заттың санын, формасын және атын жатқызды. Оқыту үрдісінде өлшеу арқылы бала заттың формасын, санау арқылы санын, тілін дамыту арқылы заттың атын таниды деп білді. Сөйтіп, элементарлық білім беру өлшеу, санау және сөзді меңгеруден тұрады деп есептеді.
Қазақ тілін оқыту әдістемесінде мұғалімдерге көмек боларлық еңбектің, яғни оқыту әдістері жайында бағыт – бағдар көрсетерлік әдістемелік еңбектердің тарихы қазақ халқының алғашқы педагогі, балалар әдебиетінің атасы Ыбырай Алтынсариннен басталады.
Ағартушы – ғалым мәтіндер арқылы баланың тілін дамытудың маңызын ашып, оны іс жүзінде дәлелдеген. «Тіл сезімін дамыту, — дейді педагог – оқушылардың мектеп қабырғасына келгендегі сөз қорын әрі қарай байыту, ал ол оқытушылардан сабақ пен жаттығулардың әбден ойланған системасын талап етеді»[3, 14-15 бб.]деп мұғалімнің де бала тілін дамытуда тиімді әдістердің сараланған түрлерін қолдану керектігін айтып, ұстаздар жұмысының ауырлығын көрсетеді.
Ы.Алтынсарин жылы-ақ баланың тілін дамыта оқытудың міндеттерін белгілесе, ХХ ғасырдың басындағы білім саласы мен ғылым жолындағы өте биік тұлға – А.Байтұрсынов оны жалғастырды. А.Байтұрсынов қазақ тілін оқыту әдістемесінің іргетасын қалаушы да болып саналады. Оқулықтарға «Тіл құралдың» үш кітабы жатса, ал «Баяншы», «Тіл жұмсар», «Қай әдіс жақсы?», «Жалқылау әдісі», «Жалқылауды жалпылау» секілді еңбектері жас мұғалімдерге, оқытудың тиімді әдісін іздестіріп жүрген педагогтарға көмекші құрал ретінде жазылған. Ол оқушыларды сабақ барысына қызықтыруда көрнекілік әдісінің тиімді екенін атап көрсеткен. Ал тілдік тақырыптармен байланыста тіл дамыту әдістемесі тұрғысынан келгенде, тіл дамыту жұмыстарын жүргізуде жеңілден ауырға қарай принципін басшылыққа алған. Тіл дамыту жолында алдымен оқушыларды жеке сөздермен таныстыру принципін ұстанып, осыдан барып жекелеген тақырыптар арқылы оқушылардың сөздік қорын байытуды мақсат еткен Екіншіден, А.Байтұрсынов бала тілін дамытуға аса қажетті материал ретінде жаңылтпаш, мақал – мәтелдер, жұмбақтарды береді де, осыдан кейін сюжетті мәтінге көшеді. Себебі бала тілін дамытудың теориялық негізі – халықтық педагогикада, соның қайнар көзі халық ауыз әдебиетінен бастау алады.
Сонымен қатар, ағартушы – ғалымның балаға сөз өнерін, тіл заңдылықтары мен әдебиет заңдылықтарын қатар, бірлікте үйрету керек деген пікірі өте құнды. Себебі, тіл дамыту мәселесін тек қана лексика – грамматикалық заңдылықтарды үйретіп қана емес, сөзді қызмет ету аясында көрсету барысында ғана шешуге болатындығы белгілі. Ғалым сөзімен айтқанда:
«Тілдің міндеті – ақылдың аңдауын аңдағанша, қиялдың меңзеуін меңзегенше, көңілдің түйгенін түйгенінше айтуға жарау. Мұның бәріне жұмсай білетін адамы табылса, тіл шама қадырынша жарайды. Бірақ тілді жұмсай білетін адам табылуы қиын» [4, 68 б.].
1930-40 жылдарда тіл дамыту жұмыстары қазақ тілінен теориялық білім беруге байланыстыра жүргізілді. Мысалы, Ш. Сарыбаев сөздік жұмысын жүргізу арқылы оқушылардың тіл байлығын байыту мәселесін көтерсе, С. Жиенбаев тіл дамытудың ауызша да,
жазбаша да жүргізу қажеттігін, ал Ә. Сәдуақасов шығарма жазуға үйрету сияқты тіл дамыту жұмысының түрлері мен оны жүргізудің жолдарын көрсетті. Сондай-ақ Ғ. Бегалиев, К. Басымов, Н. Сауранбаев т.б. өздерінің еңбектерінде тіл ширату, сөйлеуге үйретудің кейбір тиімді жұмыс түрлерін белгіледі.
Қазақ мектептеріндегі оқушылардың тілін дамыту жұмысын оқытумен байланысты қарау 1950-60 жылдары басталды да, бастауыш сынып мектептегі оқушылардың тілін дамытудың маңыздылығын көрсетсе, Р. Әміров тіл дамыту үшін оқушылардың сөздік қорының мол болуы, тілдің грамматикалық құрылысын игеруі, өз ойын дұрыс сөйлем құрастырып ауызша, жазбаша айта білуі сияқты әдісін ұсынды. Ал С. Рахметова зерттеу еңбектерінде бастауыш сынып оқушылардың тілін дамытудың әдістемелік жүйесінің ғылыми- теориялық негізін қалады. И.Ұйықбаев тіл дамытуды, ой дамытумен байланыста қарастырса, Р.Махмұдов щығармашылық диктант арқылы оқушылардың тіл байлығын, ой өрісін жоғары сатыға көтеруде маңызы өте күшті екендігіне, бұл оқушыларды мазмұндама, шығарма, газет бетіне мақалалар жазуға дайындайтындығына, дұрыс жазуға төселдіретіндігіне тоқталады.
Қазақ тіліне байланысты әдістемелік әдебиеттерді талдау барысында мектеп оқушыларының тілін дамыту, тіл мәдениетін жетілдіру мәселесі түрліше қарастырылып келді. Мәселен, тіл дамытуды С. Жиенбаев, Т. Бегалиев, С. Рахметова т.б. бастауыш сынып оқушыларындағы әліппе мен ана тілін оқытуға байланысты қараса, Х. Арғынов, Д. Әлімжанов, С. Тілешова әдебиет пәніне байланысты қарастырды. Сондай-ақ М. Балақов тіл мәдениеті бойынша, ал Ә. Хасенов статистикалық білім мен дағды беру арқылы тіл дамытуды ұсынды [5, 8-9 бб.].
Қазақ тілін оқыту әдістемесі 1970 жылдары біршама жетістіктерге жетті. 1978 жылы Б.Кәтембаева, Б. Құлмағамбетова, Х. арғыновтардың авторлығымен «IY-IX сыныптарда тіл ұстарту», 1980 жылы Б. Құлмағамбетова, З. Қалауованың «Қазақ тілі сабақтарындағы тіл дамыту» деген сияқты мектеп мұғалімдеріне бағыт-бағдар беретін көмекші құралдар жарық көрді.
1990 жылдарда грамматиканың кейбір жеке салалары, тілдік тақырыптармен байланыста тіл дамыту мәселелері оқушылардың тілін дамытудың ғылыми әрі арнайы зерттеу нысаны бола бастады. Мысалы, Б. Жахина лексиканы оқытумен байланысты, Н. Ж. Құрманова морфологияның, З. Қ. Саламатова синтаксистің белгілі бір тақырыбын оқыту арқылы тіл дамытудың әдіс-тәсілдерін қарастырды. Н. Құрманова сын есімдерді оқытуға байланысты тіл дамыту жұмысының маңызына тоқталса, ғалым Т.Әбдікәрімова тіл дамытудағы мәтінмен жұмыстың маңызын, оның оқушы тілін дамытудағы рөлін анықтады [3, 24 б.].
Қазіргі таңда тіл дамытуға арналған жаңа еңбектер жарық көрмеген. Тек қолда бар еңбектер пайдаланылып келеді. Білім мен технологияның дамыған шағында тіл дамытудың жаңа әдістемесін көрсететін оқу құралдарының болмауы бүгінігі күннің маңызды мәселесі болып табылады. Бұл ғана емес жоғарыда атап өткен еңбектерді қарасақ, барлығы дерлік бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуға арналған әдістемелік оқу құралдары. Ал орта немесе жоғарғы буын оқушыларының тілін ддамыту әдістемесі жоқтың қасы. Сол себепті жоғары сынып оқушыларының тілін дамытуға арналған әдістемелік құралдарды жасап, баспадан шығару мәселесін де айналып өтуге болмайды.
Философтар мен филологтардың пікірінше, тіл мен сана, тіл мен ойлау өте тығыз байланысты. Себебі адам оны сөйлеу тілінде көрініс табады, өз сөзін дұрыс құрауарқылы оқушы ойын нақтылай түседі, оны дамытады. Адам ойы тілдік материалсыз дами алмайды, мыңдаған сөздерді, грамматикалық формалар жүйесін, оларды қолданудың амал-тәсілдерін меңгеру арқылы оқушының ойлау жүйесі дамиды. Сондықтан тілді оқытуда мұғалім тіл мен ойдың байланысын естен шығармауы керек. Сонымен бірге тілді меңгеру, оқушы тілінің дұрыс дамуы басқа пәндерді үйренуде, меңгеруде де үлкен қызмет атқарды. Демек, ана тілін білу деңгейі көп нәрсені шешетін өте маңызды фактор болып саналады.
Тілді қоғамдағы осы маңызды қызметтерін толық атқаратын дәрежеге сәйкес етіп, тілді оқушыға меңгерту тілді оқытудағы негізгі мақсат болып табылады. Осы мақсатты орындау үшін тілді оқытуда оқушылардың өз ойын әдеби тілдің нормасы бойынша нақты, дәл жеткізе білу қабілетін дамыту міндеті көзделді.
Жеке адамның сөйлеуінің өзі – оның білімі мен мәдениетінің, сауаттылығының, жалпы рухани дәрежесінің негізгі көрсеткіштерінің бірі. Себебі адамның сөйлеуінен оның ішкі жан дүниесі, ой толғанысы байқалады. Сондықтан да тіл дамыту – мектептегі оқу-тәрбие ісіндегі ең басты мәселе.
Тіл арқылы адам ойын басқаға жеткізеді, қарым-қатынас жасайды және сол арқылы басқаға әсер етіп, ой салады. Қандай қоғамдық ортада болсын адамның белсенді әрекеті оның тілінің жан-жақты, әдеби тіл нормасына сай даму дәрежесіне де байланысты. Ал оқушылардың тілінің дұрыс қалыптасып, дамуы оқу үлгеріміне әсер етеді.
Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы. Бүгінгі таңда елімізде Ж.А.Қараевтың, Ә.Жүнісбековтің, М.Жанпейісованың және т.б. ғалымдардың оқыту технологиялары белсенді түрде қолданылуда.
Елімізде оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалық қағидасы бекітілген, бұл білім мекемелерінің мұғалімдеріне, педагогтарына өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға, педагогикалық процесті кез келген үлгімен, тіпті авторлық үлгімен құруға мүмкіндік береді. Дәстүрлі сыныптық – сабақ жүйесінің барлық элементтерін және сабақты құрастыру технологияларын қолданумен қатар, ұстаз келесі педагогикалық тхнологияларды қолдана алады: ойын технологиялары, проблемалық оқыту, басқа тілдерді коммуникативтік оқыту технологиясы, оқу зерттеуін ұйымдастыру технологиясы, сын тұрғыдан ойлауды дамыту, жобалау әдісі, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар.
Бұл технологиялар теориялық тұрғыда дәлелденіп, тәжірибеде жақсы нәтиже көрсетіп тұр. Аталған технологияларды күнделікті сабақ үрдісінде қолдану үшін әр мұғалім оқушылардың жас ерекшеліктерін ескер отырып, педагогтік мақсат-міндетіне сай, өзінің шеберлігіне қарай таңдап алады.
Жаңа білім берудің мақсаты – терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі дамытудағы адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдерді қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру, яғни жеке тұлғаны қалыптастыруға негізделген, ақпараттық технологияны терең меңгерген, жылдам өзгеріп жататын бүгінгі заманға лайықты, жаңашыл тұлғаны қалыптастыру.
Жаңа ақпараттық технологияның басты тиімділігі – бұл мұғалімге оқу үрдісін түбегейлі өзгертуге, оқытудағы пәнаралық байланысты күшейте отырып, оқушылардың дүниетанымдарын кеңейтуге және қабілеттерін өре біліп, оны дамытуға толық жағдай жасауы. Сабақ барысында жаңа технологияларды пайдаланудың тиімділігін жоғарыда атап өттік.
Мәселен, барлық сабақтар оқушылармен қарым-қатынас жасау барысында өтендіктен коммуникативтік оқыту технологиясының маңызы зор. Бұл технологияның ерекшелігі – тілдік ортаны қалыптастыру, тіл арқылы қарым – қатынас жасау. Оқушылардың коммуниативтік машықтары мен әдеттерін қалыптастыруда мәтінмен жүргізілетін жұмыс түрлерінің орны бөлек. Мысалы, қазақ тілі сабағында мәтінді оқыту арқылы ондағы сөздердің мәнін аштырып, синонимдерін тапқызып, сол сөз арқылы немесе мағыналас сөзі арқылы сөйлем құрату арқылы оқушы ойын, білімін толықтыруға болады.
Интербелсенді оқыту – бұл, ең алдымен білім беруші мен білім алушының қарым- қатынасы тікелей жүзеге асатын сұхбаттасып, әңгімелесіп оқыту болып табылады. Бұл оқыту технологиясында сабақта топтық жұмыстың көптеген түрлері кеңінен қолданылады. Олардың ішіндегі кең таралғандары – «үлкен шеңбер», «аквариум», «миға шабуыл», «іскерлік ойындар», «дебаттар» және т.б. Мысалы, 10 сыныпта іскерлік ойындарға арналған жеке тарау
берілген. Бұл тарауда оқушылар тек білім алып қоймай оны өмірде пайдаланудың жолдарын үйренеді. Оған мысал ретінде іс-қағаздар түрлерінің жазылу үлгісімен танысып сол арқылы өздерінің жеке іс-қағаздарын жазып, «кәсіпкер» ойынын өткізуге болады.
Қазіргі заманның білім берудің басты мақсаты – мамандарды әлемді шығармашылық тұрғыдан өзгертудің әдістемесімен қаруландыру. Осы тұрғыдан алғанда ғылыми міндеттерді дәстүрлі емес әдістермен шешудің жолы ретінде проблемалық оқыту жүйесі ұсынылуы заңды құбылыс.
Проблемалық оқытудың ерекшеліктері – мұнда мұғалім білімді дайын түрде баяндап бермейді, оқушылардың алдына проблемалық міндет қояды. Шешімді және шешу құралдарын оқушы өзі іздестіруі тиіс. Мәселен, қазақ әдебиеті сабағында М.Әуезовтың «Көксерек» әңгімесін өту барысында «Көксеректің адамға қарсы шығуы не себепті болды? Адам кінәлі ма немесе табиғат заңдылығы ма?» деген сұрақтар қою арқылы оқушылардың ойлануына жағдай жасаймыз.
Проблемалық оқытудың жағымды да, жағымсыз да жақтары бар екенін атап өтуге тиіспіз. Бұл технологияның артықшылығына – оқушының өзіндік шығармашылық іс-әрекеті негізінде білімді өз бетімен меңгеру мүмкіндіктері, соның негізінде білімді өз бетімен меңгеру мүмкіндіктері, соның нәтижесінде оқу еңбегіне деген жоғары қызығушылығының, жемісті ойлау қабілеттерінің дамуы жатады. Ал, кемшілік жағына – кей кездерде процеске қатысушылардың танымдық іс-әрекеттерінің әлсіз басқарылуын, жоспарланған мақсатқа қол жеткізуде уақыттың шамадан тыс көп шығындалуын атап көрсетуге болады [6, 89 б].
Қазіргі уақытта жаңа ақпараттық технологиялар нарығының жедел дамуы жүріп жатыр. Түрлі электрондық тақырыптық шығарылымдар, альбомдар, энциклопедиялар, және басқа да мультимедиялық құрылғылар оқыту барысында иллюстрациялар, жазбалар, шығармашылық жұмыста пайдаланылатын құралдар пайдаланылады. Сабақта әр түрлі материалдарды пайдалану формасы, әсіресе сабақта бейне роликтарды және басқа да материалдарды пайдалану оқушыларды эмоционалдық жағынан жоғарылап, пәнді оқуда қызығушылығын тудырып, балалардың зерігуін төмендетеді.
Қорыта келе, тіл дамыту – оқушылардың сөздік қорын байытуға, сөздердің мағынасын түсініп, оларды орнымен қолдана білуге, өз ой-пікірлерін біреуге жеке сөйлемдер арқылы, логикалық, композициялық тұтастығын, құрылымын сақтай отырып жүйелі түрде әңгімелеу немесе жазбаша дұрыс білдіруге үйрету жұмысы. Қоғам дамыған сайын ақпараттық технологиялардың біздің өмірімізден үлкен орын алатыны жасырын емес. Қазірдің өзінде мектеп жасына жетпеген жеткіншектеріміздің жаңа технологияларды пайдалануды тез үйреніп алатындығына көзіміз жетті. Сондықтан бір шетінен уақыт үнемдеу үшін, екіншіден баланың қызығушылығын тудырған жаңа технологияны баланың дұрыс дамуына бағыттай алуымыз үшін жаңа технологияларды сабақ барысында қолдануымыз әрі оны жаңартып тұруымыз керек.
Оқушылардың тілін дамытуға арналған әдістемелік құралдардың заман талабына сай жаңарып отыру да қолға алынады деген үміттеміз. Тек бастауыш буын өкілдерінің тілін дамыту ғана емес жоғарғы буын өкілдерінің тілін дамытуға арналған оқу-әдістемелік құралдардың шығуы қазірден қолға алынса екен.
«Рим де бір күнде құрылмады» деген сияқты оқушылардың тілін дамыту бір күнде бола қоятын жұмыс емес. Бұл үлкен жауапкершілік пен төзімді қажет етеді. «Ең негізгісі – ақырын үйрету. Клиникада да, педагогикада да мұны басты физиологиялық ереже деп есептеу керек. Әр кез күрделі істі бастағанда еш уақытта асықпа, белгілі тәртіппен жұмылып кірісу үшін уақыт бер» И.П.Павлов [4, 170 б.] айтқандай, тіл дамыту жұмысында асықыстыққа жол берілмеу керек.
Әдебиет:
- Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан – 2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі және әл-қуатының артуы: Ел президентінің Қазақстан халқына жолдауы». – Алматы: Білім, 1997. – 256 б.
- Жапбаров А. «Мектеп оқушыларының тілін дамыту әдістемесі». – Алматы: Шымкент: Жібек жолы, 1997. – 200 б.
- Жахина Б.Б. Сөздің лексика-семантикалық тобымен байланыста тіл дамытудың әдістемесі. Оқу құралы. – Көкшетау: Келешек – 2030, 2007. – 185 б.
- Ақыл кені. – Алматы: Көшпенділер, 2005. – 244 б.
- Жапбаров А. Қазақ тілін оқыту арқылы тіл дамытудың әдіснамалық және әдістемелік негіздері (V- IX сыныптар). Автореферат. – Алматы: 2004. – 53 б.
- Әлімов А. Интербелсенді әдістерді жоғарғы оқу орындарында қолдану. Оқу құралы. – Алматы: 2009. – 225 б.