СӨЙЛЕУ ТІЛІ БҰЗЫЛҒАН БАЛАЛАР ПСИХОЛОГИЯСЫ  

СӨЙЛЕУ ТІЛІ БҰЗЫЛҒАН БАЛАЛАР ПСИХОЛОГИЯСЫ

 

Ахметова Т.А.

(М.Қозыбаев атындағы СҚМУ,«Қазақ тілі» кафедрасы, п.ғ.к., Петропавл қ., a_tanya67@mail.ru)

Бекмұханбет С.С.

(М.Қозыбаев атындағы СҚМУ, ДОВ -14к тобының студенті)

 

Физикалық немесе психикалық дамуы ауытқыған балаларарнаулы мектептерге жіберіледі. Кемістік немесе дефект балаларда іштен туа және жүре пайда болуы мүмкін. Іштен туа пайда болған кемістіктің болуы әр түрлі себептерге байланысты:

  1. Тұқым қуалаушылық;
  2. Жаңа дамып келе жатқан ұрыққа сыртқы ортадан химиялық механикалық, температуралық әсерлердің ықпале туі;
  3. Тамақтанудың нашарлығы;
  4. Организмгесуықтиюдіңәсері.

Жүре пайда болған кемістік – бұл баланың нәресте кезінде жұқпалы аурулармен науқастануы. Мысалы: эпидемиялық менингит, полиомелит, қызылша, скарлатина, т.б. аурулар. [1]

Аномальды балаларды тәрбиелеу және оқыту олардың физикалық дамуына және ақыл-ой дамуына қарай ұйымдастырылады. Кейбір балалардың кемістіктерін түзегеннен кейін, оларды кәдімгі мектептерде оқытуға болады. Ал кейбіреулері арнаулы мектептерде оқытылады және сонда тәрбиеленеді. Аномальды балалардың білім алу қабілеті әр түрлі болады. Кейбір балалардың білімді меңгеру дәрежесі кәдімгі жалпы білім беретін мектептердің жай ғана оқу бағдарламасын игерумен шектеледі. Ал кейбіреулердің мүмкіндіктері шексіз болады. Әрбір категориядағы балаларға біздің елімізде белгілі оқу орындары белгіленген:

  1. Керең, нашар еститіндерге арналған мектептер;
  2. Соқыр және нашар көретіндерге арналған мектептер;
  3. Қосалқы мектептер (ақыл-есінашардамыған балаларға арналған);
  4. Логопед пунктері (тілкемістіктері бар балаларға арналған);
  5. Сөйлеу қабілетін түзету мектептері (күрделі тіл кемістіктері бар балаларға арналған);
  6. Барлық топтағы балалар үшін бала-бақшалар;
  7. Мемлекет тарапынан жәрдем беретін арнаулы орындар.

Аномальды балаларды тәрбиелеу және оқыту бұл күрделі педагогикалық жұмыс болып есептелінеді. [2]

Сөйлеу тіліндегі мүкістердің патологиялық дәрежелеріне, белгілі бір мүшелерінің атқаратын қызметтерінің бұзылуына, зақымдануының уақытына, басты кемістіктердің ықпалынан пайда болатын екінші бір ақаулықтардың көрінуіне байланысты олардың бір- бірінен айырмашылықтары да әр алуан болып келеді. Олар әрқайсысының өзіне тән симптоматикалық және динамикалық ерекшеліктеріне қарай әр түрлі салаға бөлінеді. Мұндай салаға дауыстың бірқалыптылығының бұзылуы, сөйлеу тіліндегі дауыс ырғағының бұзылуы, тұтықпа, дислалия, ринолалия, дизартрия, алалия, афазия, жазу тілі мен оқу тілінің бұзылуы жатады.

Тіл бұзылуының себептері органикалық және функциональдық болып бөлінеді.

Органикалық – түрлі зақымдардың нәтижесінде тіл аппараты мен жүйке жүйесінің бөлімдерінің бұзылуы.

Функциональдық – мұнда органикалық зақымдану болмайды, тек сөйлеу механизмдерінің функциясы бұзылады.

Тілдің бұзылуы түрлі жаста, әсіресе жас балаларда көп кездеседі. Сөйлеудегі бұзылу келесі топтарға бөлінеді:

  1. Фонетикалық бұзылулар – бір дыбысты немесе бір топқа жататын дыбыстарды айта алмау (ызың, шұғыл, тіл ортасы, тіл алды дыбыстардың бұзылуы; дауыссыз

 

дыбыстардың қатаң – ұяң – үнді айтылуының бұзылуы, дыбыстарды дұрыс қабылдау қабілетінің бұзылуы). Бұғандислалия, дизартрия, фонетикалық- фонематикалықжетілмеужатады.

  1. Лексикалық-грамматикалық бұзылулар. Бұған енетіндер: шектеулі сөздікқор, жадағай фраза; фразадағы және сөйлемдегі сөздердің өзарақи ыспауы, шылаулар мен жалғау-жұрнақтарды қате қолдану (сөйлеудің жалпы жетілмеуі).
  2. Әуендік – екпіндікбұзылулар: екпінді дұрыс қоймаумен байланысты, дауыстың күші мен жоғарылығы, тембрінің бұзылуына қарай (ақырын, қарғылыңқы, бақыл дақ және т.б.).мысалы: дисфония, ринолалия, ринофония т.б.
  3. Қарқындылық – ырғақтық бұзылулар: мидағы қозу үдерістерінің басымдылығымен байланысты болатын шапшаң қарқын (брахилалия); тежелу үдерістері басым болатын баяу қарқын (брадилалия); үзік-үзікқарқын (қажетсіз паузалар, сүріну, құрысу сипатты емеске кештену – физиологиялық итерациялар, полтерн және құрысу сипатындағы – тұтығу немесе кекештік).
  4. Жазба тілдің бұзылуы: жазуда: фонеманың графемаға қате айналуы; толық жазбау; сөздегі әріптердітастап кету немесе шатастыру; сөйлеудегі сөздердің өз арақи ыспауы немесе орындарының ауысуы; жазу жолынан шығып кету т.б., оқуда: дыбыстарды алмастыру мен шатастыру; әріпте поқу; сөздің дыбыстық-буындық құрамын бұрмалау; оқылғанды түсінудің бұзылуы; аграмматизмдер. Мысалы: дислексия мен дисграфия.
  5. Сөйлеудің жүйелібұзылуы: сөйлеу мүмкін емес немесе былдырлау мүмкіндігі ғана болады, мысалы, алалия және афазия. [3]

 Дислалия – сөйлеу тілі мүшелерінің анатомиялық кемістіктерінен дыбыстардың бұзылып айтылуын сипаттайды. Дислалия сөйлеу тіліндегі ең көп тараған мүкістіктер.Пайда болу себептеріне қарай дислалия механикалық және функционалдық болып бөлінеді.

Органикалық дислалияға сөйлеу тілі аппаратының сыртқы сүйек құрылысының және бұлшық ет түзілісінің органикалық кемістігінен дыбыстардың бұзылып айтылуы жатады. Органикалық дислалияның ерекшеліктері: тіл асты желбезегінің тым қысқа болып бітуінен, тілдің ұшы жоғары қарай емін еркін көтеріліп қимылдай алмайды да, таңдай арқылы айтылатын дыбыстар бұзылады. Сонымен қатар тілдің ауыздың ішіне зорға сиып тұратын өте етжеңді үлкен немесе өте кішкентай жіңішке болуы да дыбыстардың дұрыс айтылуын қиындатады.

Соныменен, органикалық дислалия бұл перифериялық аппараттың сүйегі мен бұлшық етіне зақым келуінен дыбыстардың дұрыс айтылмауы.

Перифериялық сөйлеу аппаратының бұзылуы туа пайда және жүре пайда болуы мүмкін.

Туа пайда болатын кемістікке жататындар:

  • прогнатия –жоғары жақ төменгі жақтан алға шығып тұрады;
  • прогения – төменгі жақтың алға шығуы;
  • тістердің дұрыс орналаспауы;
  • еріннің түрлі кемістіктері;
  • таңдай параличі;

Жүре пайда болатын кемістікке жататындар:

  • сүйектер мен бұлшы қеттердің зақым далуының нәтижесінде артикуляциялық аппарат тапайда болатын түрлі кемістіктер.

Дұрыс тістеу – бұл астыңғы алғы тістер үстіңгі тістермен сәл жабылып тұрады.

 

Органикалық дислалияға жататын кемістік бұл ринолалия.

 Ринолалия – ауыз бен мұрын қуыстарының дұрыс қызмет етпеу нәтижесінде дауыс құбылысының өзгеруі мен сөйлеген уақытта дыбыстың бүлінуі.

Ринолалияның түрлері:

  1. Ашық ринолалия – сөйлеген уақытта ауа ауыз және мұрын қуысы арқылы өтеді.
  2. Жабық ринолалия – ауа тек ауыз арқылы өтеді, бұл әсіресе «м,н» әріптері натағанда білінеді.

Ашық ринолалияның себептері: таңдайдың бөлінуі, жұқа таңдайдың қысқалығы, таңдайдың параличі.

Жабық ринолалияның себептері: мұрын қуысының бітелуі, мұрын қуысындағы ісіктер, мұрын қалқасының қисайып қалуы.

Ринолалик балалар өте әлсіз болады. Осының өзі олардың сөйлеуінің дамуына әсеретеді. Туылғаннан кейін олар өтеке шотыра бастыйды, сөйлей бастағанда көп теген қиыншылықтарға кездеседі. Олар мектепке барған уақытта түрлі қиыншылықтарға кездеседі. Мұғалімдер оны түсінбеуі мүмкін, айналасындағы балалар да мазақтауы мүмкін. Бұның бәрі оның психикасының дамуына әсерін тигізеді. Кейбір ринолалик балалар өздерінің осындай кемістіктерінен мектепті тастапкетеді де көп сөйлемейтін жұмыс, мамандық іздей бастайды. Міне, сондықтан ринолалик балаларға ерте кезден бастап жәрдем көрсету керек. Бұл жәрдемді хирург пен логопед мамандары көрсете алады.

 Дислалия сөйлеу тіліндегі бұзылған дыбыстардың санына қарай қарапайым және күрделі болып бөлінеді. Егер баланың сөйлеу тілінде мүкістердің саны төрт дыбысқа дейін байқалатын болса – оны қарапайым дислалия деп атайды, ал егер бесеу және одан да көп болса – оны күрделі дислалия деп атайды.

Сөйлеу тіліндегі дыбыстардың мүкістік ерекшеліктеріне қарай бөлінетін дислалияның түрлері:

  1. Сигматизм – ызың дыбыстардың («с», «з», «ц», «ж», «ч», «ш», «щ») айтылуындағы мүкістіктер. Бұлар сөйлеу тіліндегі кемістіктердің ішіндегі ең көп тараған түрі;
  2. Ротацизм – «р» дыбысының айтылуындағы мүкістік;
  3. Ламбдацизм – «л» дыбысының айтылуындағы мүкістік;
  4. Таңдай дыбыстарының айтылуындағы мүкістіктер;
  5. Каппацизм – «к» дыбысы;
  6. Гаммацизм – «г» дыбысы;
  7. Хитизм – «х» дыбысы;
  8. Йотацизм – «й» дыбысы;

Алалия грек сөзі, «қолдануға жарамайтын болымсыз тіл» деген мағынаны білдіреді. Демек алалия деген ұғымға баланың құрсақтағы немесе тілі шыққан нәрестелік даму кезеңінде бас миы қабыршағының сөйлеу тілін қалыптастырып жетілдіретін аймағының органикалық зақымдануынан сөйлеу тілінің жүйелі түрде дамымауы немесе мүлде болмауы жатады. Сөйлеу тілінің мұншалықты бұзылуына негізінен орталық жүйке жүйесінің зақымдануы себеп болады. Органикалық зақымдануға мидың қабынып ісінуі, сырттан болатын қатты соққыдан зақымдануы, босанған кезде миға қан кетуі және нәрестенің құрсақтағы дамуы кезеңінде және толғақ кезінде, сондай-ақ дүниеге келгеннен кейінгі бір айлығынан бір жас аралығындағы дамуында ағзадағы зат алмасу процесінің бұзылуы жатады. Сонымен қатар, алалияның пайда болуына менинго-энцефалит, рахит және қызылшаның асқынған түрі тыныс алу жолдарының қатты сырқаттануы және нәрестенің алғашқы айларындағы ұйқысы мен тәбетінің бұзылуы себеп болуы мүмкін. Бас

 

миының үлкен сыңарының сөйлеу тілі аймағындағы жинақталған зақымдардың өздеріне тән ерекшеліктеріне байланысты алалия моторлы және сенсорлы болып бөлінеді.

Тұтығу – ең ауыр кесел. Оның себептері:

  1. Қорқу;
  2. Баланың түрлі инфекциялы қаурулармен жиі ауруы;
  3. Ата-анасының тұтығуы;
  4. Шамадан тыс жазалау әдістерін қолдану.

Бұл әдетте, 2-5 жасарасында кездесетін құбылыс. Алдын-ала оларға шара қолданбаса, оласқынып, кей уақытта бой бермейкетуі мүмкін. Тұтығудың пайда болу себептері көп. Кейде олар жұқпалы аурулардан кейін, дене әбден әлсірегенде пайда болады. Баланың қоршаған ортаның оған көзқарасы, ол туралы әділетсіз баға да, жалтақ сөйлеуге, қорқып сөйлеуге әкеп соғады. Осындай фактілердің жиіленіп қайталануы – баланың тұтығуына әкеп соғады.

Жасы жетпеген балаға кітапты көп оқуға болмайды. Әсіресе түнге қарай қорқынышты ертегілерді оқу зиянды. Өйткені бала қатты қорқып, түсінде түрлі қорқынышты нәрселерді көруі мүмкін. Бала түсінде қорқып, шошып оянады, ал бұл, орталық нерв жүйесіне әсеретеді, осының өзі тұтығуға әкеледі.

Баланы жазалау мақсатында қорқыту әдісі де көп қолданылады. Бірақ, қорқытудың да жөні бар. Шамадантыс қорқыту, үйде жалғыз қалдырып кету, осының бәрі баланың үрейленгіш болып өсуін есептігін тигізеді.

Тұтығу асқынбастан арнайы мамандарға көрсетіп, уақытылы кеңесіп отыруы қажет, ал оның зардабынан дауыстың реңі мен әуезділігі және дыбыстардың айтылуы бұзылуы мүмкін.

Дисфония – дауыс шығаратын аппараттың патологиялық кінәратқа шалдығуынан дыбыстың мүлдем болмай қалуын немесе әуезділік үннің бұзылуын сипаттайды.

Брадилалия – сөйлеу тілі мүшелерінің қимыл-қозғалыстарының патологиялық сылбырынан дыбыстар созылып шұбалаңқы айтылады.

Тахилалия – сөйлеу тілі мүшелерінің бірқалыпты жылдамдық қимылдарының патологиялық ауытқуынан дыбыстардың қарқындық ырғағы бұзылып, быдықтанып айтылуы.

Афазия – мидың белгілі бір жерінің жинақталып зақымдануынан бұған дейін қалыптасып, дұрыс жетіліп келе жатқан сөйлеу тілінің толық немесе ішін-ара жойылып кетуін сипаттайды. Афазия көбінесе ересек адамдарда кездеседі. [4]

Сөйлеуі бұзылған балалардың түйсігі мен қабылдауы.

Есту арқылы қабылдау. Сөйлеуі бұзылған балаларда, фонетико-фонематикалық қабылдау кемшілігі кездеседі және сөйлеу – есту мен сөйлеу қозғалу анализаторларының байланысы міндетті түрде байқалады. Г.Ф. Сергееваның зерттеуі бойынша, сөйлеу-қозғалу анализаторлары қызметінің бұзылуы, әсіресе, дизартрия мен ринолалияда, фонемаларды есту арқылы қабылдауға қатты әсер етеді. Демек, мұнда үнемі дыбыстау және дыбысты қабылдау кемшілігі болады. Кейбір жағдайда, айтылуда қарама-қайшылығы жоқ фонемалар ажыратылады, енді бір жағдайда айтылуда сараланатын фонемалардың өзі ажыратылмайды. Дыбыстаудағы «тірек» қаншалықты аз болса, фонема бейнелерін қалыптастыур соншалықты ншар болады. Ал, фонемалық есту қабылетін дамыту, тілдің барлық жағын қатар қамтып, дамытумен тікелей байланысты, бұл өз кезегінде, баланың жалпы дамуын қамтамасыз етеді.

Көру арқылы қабылдау. Сөйлеу патологиясы бар балаларда, аталған психикалық қызмет тежеле дамиды. Зерттеулер көрсеткендей, нақты объектілер мен бейнелерді көру

 

арқылы қабылдау, бұл балаларда анағұрлым төмен деңгейде болады. Әсіресе, таныс емес ракуста берілген мен заттарды тану қиындық туғызады. Олар заттың бейнесін қабылдау үшін, ұзағырақ уақытты қажет етеді. Мысалы, перцептивтік әрекеттерді қажет етеді. Бұлар бағдарлаудың ең қарапайым түрлерін ғана қолданады, айталық, үлгіге сәйкестендіру сияқты. Мысалы, фигураларды салыстыруда олардың пішіндеріне емес, түстеріне сүйенуі мүмкін. Ал, қалыпты дамудағы балалар, негізінен көру арқылысалыстыру жолын қолданады.

Ауыр тіл мүкістігі бар балалардың сөйлеуді бақылау кезінде, олардың сөйлеуін ұйымдастырудағы қиындықтары, өзге адамдармен қарым-қатынасына теріс әсер ететіні анықталған. Бұл категориядағы балалардың тілдік және коммукативті дағдыларының өзара байланысы, яғни сөздік қордың жұпынылығы мен сараланбауы, етістік сөздігінің аздығы, байланысты сөйлеудің ерекшеліктері т.б. толыққанды тілдік қарым-қатынасқа кедергі жасайды. Содан сөйлесу қажеттілігі төмендейді, коммукация формалары қалыптаспайды, мінез – құлық ерекшеліктері пайда болады: тілдік байланысқа қызықпау, негативизм, сөйлесу ситуациясында, бағдар жасай алмау.

Ауыр сөйлеу патологиясы бар, мектеп алды жасындағы балалардың тілдік қатынасында, қалыпты дамудағы 2-4 жасқа тән және ситуациялық – іскерлік форма басым болатынын көрсетеді. Балалардың бірқатарына, сөйлесудің ситуациялық емес, танымдық формасы басым. Олар ересек адамдардың, педагогтың ұсынысын қуана қабылдайды.

Мысалы, кітап оқу: қарапайым мәтіндерді зейін қойып тыңдайды, бірақ, оқылып болғаннан кейін, әңгіме- сұхбат ұйымдастыру өте қиын балалар оқылған кытап бойынша, мүлдем сұрақ қоймайды, тіпті өздері мазмұндап бере алмайды, себебі, монологтық сөйлеу түрінің репродуктивтік жағы қалыптаспаған. Ересек адаммен сөйлесуге қызығушылық болған күнде, әңгіме үдерісінде бала бірден бірге көше береді, оның танымдық қызығушылығы аз уақытқа ғана жетеді, әңгімелесу 5-7 минуттан артық созылмайды.

Осылайша, ауыр тілдік патологиясы бар балалрдың тілдік және когнитивтік бұзылуы олардың қоршаған ортамен толыққанды коммуникативті байланыстарының орнығуына, ересектермен тіл табысуға кедергі жасайды, құрбыларынан, ұжымнан бөлектенуе мәжбүр етеді. Осыған орай, бұл балаларды социум талаптарына сәйкес қолайлы, тиімді бейімдеу мақсатында, тілдік, танымдық және коммуникативті әрекеттері компоненттерін дамыту мен түзетуге бағытталған, арнайы жұмыстар жүргізілуі қажет. [5]

Қорытынды

Дефектология – бала дамуындағы әр түрлі ауытқулар мен денсаулықтың бұзылу себептерін зерттейтін ғылым. Бұл пәннің мақсаты – әр түрлі дәрежедегі дамуында ауытқуы бар балалардың психофизикалық дамуындағы ерекшеліктерін қалыптастыру, осы тұрғыдағы балаларға коррекциялық тәрбиелеу жұмыстарын жүргізуінің бағыты мен оқытудың мазмұны туралы білімді қалыптастыру. Дефектология ғылым ретінде әлі де кеңінен мәлім бола қоймағанымен, ғалымдар және әр түрлі ғылым саласындағы мамандар оған аса зор мән беріп отыр.

Балалардың өсіп-дамуы бұзылған кезде алуан түрлі ауытқушылық болғандықтан, аномальды балаларды зерттеу қиындай түседі. Мысалы, есту мүшелері, көзі зақымданады, балаланың қимылында, жүріс-тұрысында иекемсіздік байқалады, орталық жүйке жүйесі және т.б. қызметі бұзылады. Ондай бұзылудың қайсысы да баланың өсіп-дамуына өз тарапынан әсер етеді.

Біздің елімізде аномальды балаларды тәрбиелеп, оқытудың мемлекеттік негізі құрылған, арнаулы мекемелердің жүйесі бар. Бұл жүйе бойынша бастауыш білім беретін сыныптар ғана жұмыс істеп қана қоймайды, сонымен қатар орталау және орта білім

 

беретін сыныптар да жұмыс істейді. Дефектологияның зерттеу аймағындағы негізгі мақсаты – аномальды балаларға жалпы білім беру болып табылады.[6]

 

 

Әдебиет:

  1. Қ.С. Тебенова; А.Р. Рымханова «Арнайы психология» Алматы 2011ж
  2. Грищенко Л. Л. «Устранение дефектов речи», «Семья и детский сад» №1 2005 г.
  3. Малдыбаева А.О., Орынбаева Э.Ә. «Дефектология негіздері» Шымкент 2007 ж.
  4. Намазбаева Ж. «Дефектологтың кеңесі» А., 1980 ж.
  5. Өмірбекова Қ., Серікбаев Қ. «Логопедия» А., 1996 ж.
  6. Филичева Т.Б., Чевелева Н. А. «Логопедическая работа в специальном детском саду» М., 1997 г.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *