СТУДЕНТТЕРДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН БОӨЖ (БІЛІМ АЛУШЫНЫҢ ОҚЫТУШЫМЕН ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ) ТАПСЫРМАЛАРЫ АРҚЫЛЫ УӘЖДЕУ
Ф.ғ.к., доцент Есматова М.Т. (М.Қозыбаев аындағы СҚМУ) Макашева С.М.
(М.Қозыбаев атындағы СҚМУ,
фил-м-17-к тобының магистранты)
Әлеуметтік өмірдің барлық саласында ең басты өзгерістері және мәдениеттегі процесс, педагогикалық қызметтің ортасындағы жаңа қажеттіліктер, білім жүйесін жаңашалау қажеттілігіне әкеледі. Заманға сай білім сапасын арттыруда әр оқытушының шығармашылықпен жұмыс жасауы қажет. Студенттерге терең де тиянақты білім беру — оқытушының басты мақсаты. «Білім біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік сол білімді іске асыра білу дағдысы» деп А.Байтұрсынұлы айтқандай, бұл мақсатты жүзеге асыруда оқытушы шеберлігіне сай әр түрлі тапсырмалар мен әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану студенттің пәнге деген қызығушылығын арттырады, олардың танымдық белсенділігін жетілдіреді.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Еліміздің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында»,- деп айтқан сөздері бүгінгі студент ертең өмірге араласатын, мектеп қабырғасына барып, оқушылардың білім мен дағды, іскерлік, жан- жақты ой-қабілетін дамытуға араласатын әдістемелік жағынан дамыған, қаруланған тұлға болуға тиіс дегенге сайып келеді.
2017-2018 оқу жылынан бастап «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығында оқитын студенттерге арнап арнайы «Тиімді оқыту» деген пән енгізілді. Мақсаты — болашақ мұғалімдерге қосымша кәсіби білім беруге бағытталған заманауи ғылыми зерттеулердің шынайы нәтижелерінің және оқытудың озық практикалық тәжірибесінің ықпалдасуын көрсете отырып, қазақстандық білім беру жүйесін дамытудың стратегиялық жоспарларының мақсаттарын орындайтын теориялық білімі терең, практикалық дағдысы жетілген, бәсекеге қабілетті, ғылыми және интелектуалдық әлеуеті жоғары маман даярлау. Бүгінгі таңда қазақстандық білім беру жүйесінің алдында білім сапасының бәсекелестігін арттыру, шығармашылыққа, өзгермелі заман жағдайында өз тағдырын өзі шешуге қабілетті әлеуметтік құзыретті тұлға қалыптастыру мақсаты анық белгіленген. Елімізде болып жатқан саяси, әлеуметтік және экономикалық өзгерістер оқу жүйесіне де әсер етіп отыр. Бұл өзгерістер мектептерде жаңа пәндерді енгізумен қатар, оқыту әдістемелерін де өзгерту қажеттілігін туғызды, әдіс-тәсілдерді инновациялық үрдістермен алмастыру арқылы жалпы білім сапасын арттыру көзделді.
Бүгінгі таңда қазақстандық білім беру жүйесінің алдында білім сапасының бәсекелестігін арттыру, шығармашылыққа, өзгермелі заман жағдайында өз тағдырын өзі шешуге қабілетті әлеуметтік құзыретті тұлға қалыптастыру мақсаты анық белгіленген. Әлемдік білім кеңістігінен орын алу үшін міндетті түрде саналы, жан-жақты дамыған ұрпақты тәрбиелеуіміз керек. Білімді және тәрбиелі, тәжірибелі оқушы тәрбиелеуде бірлескен топтық жұмысты пайдалану, сыни тұрғысынан ойлау стратегияларын сабақ үдерісінің негізгі көзіне айналдыру, дүниетанымы кең, ұшқыр ойлы ұрпақ тәрбиелеу үшін
- диалогтік оқыту, жаңа әдіс-тәсілдердің практикалық қолданысын кеңейту, дамыту болып табылады. Оқушыларды өзі-өзі реттейтін тұлға ретінде қалыптастыру мен дарынды және талантты балалардың қажеттіліктерін ескеру мақсатындағы стратегияларды қарастыру, оқытушылар тәжірибесін үнемі жетілдіру және бағалау.
Жоғарғы оқу орнының оқытушысы ретінде студенттердің бойына ұлттық құндылықтарды сіңірген, мәдени мұраларды жадында өшпестей етіп сақтаған құзіретті жеке тұлға қалыптастыруда Кембридж университетінің әдіс-тәсілдеріне негізделген біліктілікті арттыру бағдарламасының негізгі 7 модулін осы «Тиімді оқыту» пәнінің мазмұнына енгізіп, пайдаланамыз. Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша анықталған жеті модуль жүйесін меңгерту — студенттерге осы бағдарламаның практикалық негіздерін анықтап, өзінің кәсіби біліктілігі мен құзыреттілігін үздіксіз дамытуға төселдіру.
Жаңа жүйеде білім беру – уақыт талабы, оқытуда қолданылған тәсілдің басқа технологиялардан ерекшелігі жеті модуль арқылы іске асады. Жеті модульдің ішінде өзімнің пәніме тиімдісі, студенттің қызығушылығын оятары, білімін жетілдірері қайсы екен деп көп ойландым. Әр сабақта бірнеше модульді бірден қолдануға болатынын анықтадым.
Студенттер өздерінің қандай мақсатқа жетуді көздейтінін, мақсатқа жету өлшемдерін SMART мақсатты дұрыс түсіну қажет екендіктерін білді, олар: арнайы, өлшенетін, қолжетімді, маңызды, белгілі бір уақыт аралығымен шектелген өз тәжірибесіне қатысты рефлекция жасап отыруды білді. Біліктілікті арттыру курсынан өтпес бұрын мен «бар білімімді студенттерге үйреттім деп ойладым, ал олар үшін сол білім маңызды ма, қызығушылығын оятты ма» деген сұрақтар туындамайтын. Студенттердің алған білімдеріне білім қосып, олардың сабаққа деген белсенділіктерін жоғарылатып, өткен сабағымның қаншалықты маңызды болғанын, әр сабағымнан қандай әсер алғанын білуге тырыстым. Менің оқыту жүйем мүлдем өзгерді. Топта 50 минут лекция оқымай, сабағымның жоспарын мүлдем өзгерттім. Топтық жұмыс жүргізген кезде студенттердің бір-бірімен білім алмасуына көңіл бөлуім қажет болды. Осы тұста «Түртіп алу» стратегиясы қатар қолданылып отырды. Себебі, келесі топқа түсіндіргенде кейбір ақпараттың жалған берілмеуін өздері қадағалады. Студенттер сағат тілімен қозғалып бір- бірден әр топқа барып өздерінің алған жаңа ақпаратымен бөлісіп, сабақты ыждақаттылықпен түсіндірді. Сабақ түсіндірілу барысында «Түртіп алу» стратегиясы қолданылып отырды. Сабақ барысында оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдаланудың да тиімділігі мол болды. Дәріс тақырыбының ғылыми құндылығын арттыратын Отандық және шетелдік ғалымдардың әдеби үрдіске, әдебиет теориясына берген пікірлері көрсетілді. «Джигсо» әдісі мен «Венн диаграммасы» арқылы жинақтаған білім АКТ арқылы толықтырылды. Бұл әрекет студенттермен дайындаған критерийлер бойынша өз білімі мен жеткен жетістіктерін бағалай алды. Жинақталған білім мен толықтырылған білімді «INSERT» әдісіне салып талдауға ұсындым. Студенттер дәстүрлі сабақтан алатын білімдерімен жаңашыл оқытудың артықшылығын дәлелдей отырып, өткізілген сабақтан
алған ақпараттың молдығын, білмейтін жағдайлардың кездесетінін айта келе, білгім келеді деген сөзді сүйіспеншілікпен айтты. Сабақтың соңында жазған «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісімен алған кері байланыстарынан сабақтың нәтижесін көре алдым.
Тәжірибелік сабақты өткізу барысында студенттерді сын тұрғысынан ойландыру мақсатында «Ақылдың алты қалпағы» мен «Жеке ойлау уақыты» әдісін қолдандым. Оқыту барысында жоғары деңгейлі қабілеттері бар студенттерді анықтап, оларға әр түрлі тапсырмалар қолданылдым.
Қорыта айтқанда, алдағы уақытта өз тәжірибеме оқытудың озық үлгісін енгізе отырып, көптеген жетістікке жететініме кәміл сенемін. Себебі бүгінгі қоғам мұғалімдерден сапалы білім беруді күтуде, мұғалім – мектепті дамыту жұмысының көшбасшысы.
Біз студенттердің шығармашылығын БОӨЖ тапсырмалары арқылы уәждеудің үш кезеңін негізге алып, білімді тез игеріп білуге шабыттанып отыратын балалардың белсенділігін дамыту мәселесіне көңіл бөлуіміз қажет.
Бірінші кезең – студенттің тапсырманы қабылдауы, зейін, еске сақтау, өз бетінше жұмыс істей алуы;
Екінші кезең – жаңа ұғымдарды қалыптастыруда өтілген жаңа сақаб бойынша нақты түсініктеме, анықтама, тұжырымдама жасай алуы;
Үшінші кезең – тілдік пәндерден өтілген теорияны практикалық тапсырмалар арқылы байланыстырып, ғылымның соңғы жаңалықтарын, жетістіктерін баяндату.
Бұл кезеңдер студенттердің назарын аударатын, ойына түрткі болатын түрлі қызықты материалдар, тапсырмалар құрастыру арқылы жүргізіледі. Сонымен қатар, БОӨЖ-де ойындар ұйымдастырып, оны тиімді қолдана білу, өз бетімен жұмыс жасап ізденетін қосымша тапсырмалар берген де жөн.
Оқу үрдісі жеті модульді технологиясы арқылы жүргізіледі. Жоғары, сапалы білімді маман даярлап шығу әдісі: білім алудың сапасын жоғарылатады; интеллектуалдық ой- өрісін кеңейтуге әкеледі. Бұл студенттердің академиялық үлгерімін көтереді, олар тыңдауға, ой қорытуға, өз пікірлерін айтуға, өз бетімен ізденуге, ғылыми көзқарас- пікірлерді ұстанып, пікірталастыруға, қойған мақсатына жетуге, өмірдің негізгі қиыншылықтарына төзуге дағдыландырады. Активті түрде оқыту негізінде бірнеше принциптер туындайды, олар: белсенділік принципі (мен білемін, ал білмеймін, оқып түсіне алмаймын дегендерге жол жоқ); зерттеу принципі; диагностикалық принцип (оқытушы топтың белсенділігіне, үлгеріміне, сапасына, бірігуіне баға бере біледі).
Және де интерактивті, мультимедиялық тақтамен жұмыс жүргізу, яғни АКТ-ны (ақпараттық коммуникативтік тенология) қолдану. Мұнда оқытушы дайын білім бермейді, студенттерге өз бетімен ізденуге нұсқау ғана береді. Студенттер шығармашылығын шыңдауға беретін ойын түріндегі үлгітүрдегі тапсырмалар олардың «үйренсем» деген ішкі мотивациясын тудырады.
Тілдік пәндерден БОӨЖ тапсырмаларын студенттердің мүмкіншілік деңгейлеріне байланысты 4-ке бөліп қарастырамыз.
І деңгей – міндетті: қазіргі қазақ тілінің тақырыптық ережелері, заңдылықтарын меңгертуге назар аударту. Тапсырмалар арқылы тілдік құңдылықтардың өзіндік ерекшеліктерін, ұқсастығы мен айырмашылықтарын танып білуге негізделеді.
ІІ деңгей – алгоритмдік: студенттер өздігінен ізденуге, тапсырмаларды әр түрлі әдіс- тәсілдер арқылы шешуге үйренеді. Студенттердің ізденімпаздық қабілетін жетілдіруге, сөздердің, сөйлемдердің мағыналық реңктерін айыра білуге, анықтама, ережелерді өздері шығарып дәлелдеуге, достарының пікірін тыңдауға, басқа адамның сөзін құрметтеуге
дағдыландырады. Ол семантикалық карта, графикалық сынақ, концептуалдық кестемен жұмыс әдістері арқылы жүргізіледі.
ІІІ деңгей – эвристикалық: студент өз ойын анық, сенімді және дәлелді жеткізуге үйренеді. Игерген білімін тілдік қарым-қатынаста орынды қолдану, шығармашылықпен жұмыс істеу қабілеттері жетіледі. Ол пікірсайыс және топтық жұмыс түрлерін жүргізген уақытта қолданылады.
ІҮ деңгей – шығармашылық: студенттер ойды жалғастырады, өзіндік айтар ойын жоспарлай алады, бұл тақырыптық ойындар өткізгенде, Кейс – жеке тақырыптық жұмыс орындатқан уақытта сөйлеу мәнерін қалыптастырады. «Зерделі сұрақ – дәлелді жауап» тапсырмасын және сатылай кешенді талдау әдісі арқылы жүргізуге болады. Және берілген сызба бойынша сөйлем құрастыру, кластер жүйесімен толтыру, лингвистикалық терминдер сөздігін жасату, газет беттерінен ауыспалы мән тудыратын: метафора, метонимия, синекдоха, мақал-мәтелдер, тұрақты тіркестер жазып, талдату.
Сонымен, шығармашылық – бүкіл тіршіліктің көзі. Шығармашылықты игерту, дамыту оңай шаруа емес. «Біз күдіктенбейтін жаңа білім мен технологияның пайда болуы, даму жүйесінің басты бағыттарының айқындалуы 21 ғасыр – білім ғасыры деген анықтама нақтылай түседі» деген Елбасы көптеген жылдар бойы оқу-тәрбие жұмысындағы инновациялық жұмыс, жаңалық енгізу. Бұл сабақ үрдісінде болатын жайт, ендеше сабақ – ұстаздың көп ізденуінен, көп еңбектенуден туатын педагогикалық шығарма.
Әдебиет:
- Тренерге арналған нұсқаулық. –«Назарбаев Зияткерлік мектептері», ДББҰ, 2016ж.
- Жоғары оқу орнындағы тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмалар. -2016ж.
- Үлестірме материалдар. Екінші апта. Бірінші «Бетпе-бет» кезеңі. -2016ж.