ЕҢ БАСТЫ БАЛАМАСЫЗ БАҒЫМЫЗ — ТӘУЕЛСІЗДІКТІ САҚТАУ

Көне замандағы Көк түріктер қағанаты дəуіріне көз салсақ, күллі əлем білетін Күлтегіннің күмбірі — Тоныкөктің толғауы құлаққа келеді. Еліне Тəуелсіздік əперу үшін етігімен су кешіп, бел шешпей күрескен Білге қағанның ерлігін əлемде əлі əліпби жоқ кезде біздің бабаларымыз тасқа қашап қалдырған. Ол жазбада:

Түркі халқы үшін Түн ұйықтамадым, Күндіз отырмадым.

Қызыл қанымды ағыздым, Қара терімді төктім.

Кедей халықты бай қылдым. Аз халықты көп қылдым, Төрт бұрыштағы халықты

Бəрін бейбіт қылдым, тату қылдым,

– Сөйтіп, Тəңірі жарылқады-

деген жыр жолдарымен баяндайды.

Мен бүгінгі Тəуелсіз Қазақстан мен мемлекетімізді осындай əлемге əйгілі еткен Елбасымыздың ерекше ерен еңбегі мен ерлігі- не қарасам, осы əр қазаққа ұран болатындай Тоныкөктің толғауы құлақта жаңғырып тұрады.

Иə, көне Көк түріктен көктеген Көк  тулы  Тəуелсіз  Қазақ  елі -Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев Ұлытаудағы Ұлағат

толғауында атап өткендей, Көк түріктер қағанатының, Алтын Орданың, бүгінде еліміз 550 жылдығын атап өткелі отырған Қазақ хандығының нағыз мұрагері.

Сол  Көк  түріктер  қағанатынан  бері  ата-бабалары-  мыз армандаған «Мəңгілік ел» идеясы сан ғасырдан кейін Тəуелсіз Қазақ елінде өз иесін тапты. Ата-бабаларымыз бен Алаш арыстарының ақиқатқа арналған арманы. — Тəуелсіз Қазақстанның Президенті, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев елін əлемге əйгілі етіп отырып, «Мəңгілік ел» тұжырымдамасын жа- риялады! Кешегі өткен «Нұр Отанның» съезінде де Елбасымыз: “Біз ең бірінші «Мəңгілік ел» идеясына баса мəн беруіміз ке- рек. «Мəңгілік ел» идеясы Конституциямыздан кейінгі басты орында тұратын қасиетті құндылығымыз болуы тиіс» деп, тағы да қадап айтты.

Иə,Тəуелсіздігіміздің баяндылығына негіз болатын “Мəңгілік ел” ұлттық идеямыз біздің əрқайсымыздың төл ұранымыз болуы тиіс. Соның ішінде авангард саналатын зиялы қауым əрдайым басты назарда ұстауы керек. “Ақ жол” партиясының ұйытқысының бірі болып табылатын зиялылар, шығармашылық өкілдері, мұғалімдер мен дəрігерлер жəне ғалымдар бұл жолда алдыңғы қатардан табылады.

Кешегі зар заманда, тар заманда тарыдай шашылып кеткен қазақты Атамекеніне жинап алушы əлемдегі үш елдің бірегейі   де Қазақстан. «Мəңгілік елде» бар  қазақтың  басын  қосуды  да — тарих Елбасымыздың иығына жүктепті. Дүниежүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайында ұшақтан домалап түсе қалған қандастарымыз сақалдарын көз жастарымен жуып, Қазақ топырағын құлай құшақтап сүйіп жатқанда, біз де шыдап тұра алмадық…

Біз Тəуелсіздіктің қадірін білеміз бе?!.

Таяуда Қытайдан Қуандық атты журналист бауырым сапар- лап келді. Олар Алматыдан Астанаға келе жатқанда Қазақстанға тұңғыш рет келген келіншегі өздері отырған пойызды сүртіп, та- залап келіпті. «Оу, оны істейтін жолсеріктер бар ғой»-деген бізге ол: «Бұл менің табаным тұңғыш тиген Қазақ елімнің пойы- зы ғой»-деп жауап берді. Мен бұл сөзді естігенде Қытайдағы бір өзге ұлттың ақынының: «Сендер қандай бақыттысыңдар,

қазақтар! Егер менің өз тəуелсіз елім болса, жерім болса, бүкіл жолын тіліммен-ақ тазалап шығар едім» деген өте ауыр сөзін еске алдым.

Аллаға мың да бір шүкір дейік, ағайын!

Тəуелсіз еліңде барлық ауыртпалықты қасқайып көтеруге бо- лады. Ең бастысы сыртқы дүниенің дүрбелеңінен аман өту. Дүрбелеңде дүдəмалдылық күмəн-күдікті көбейте беретіні рас. Сондықтан, алдымен мынадай халықаралық жағдай тынышсызда- нып тұрған алмағайып заманда ел басшысын бекітіп алып, белді бекем буып, кез келген қиындыққа қарсы тұруға болады. Бұл ең алдымен тəу етеріміз- Тəуелсіздіктің тұғырын берік қолда ұстап, сыр аңдып отырған сыртқы күштердің дəмесін өсірмеу үшін де ең басты қажеттілік болып тұрғаны айқын. Бұл тұрғыда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың көптеген еларалық шиеленістерде, атап айтқанда Ресей-Украин қақтығысында халықаралық арбитр рөлін ойнауы, алып елдердің арыны қатты президенттерінің Қазақстан Президентімен пікір алма- сып отырулары ел сенімін еселеп, дəтке қуат болатыны анық. Иə, қазақ мемлекетінің тарихына көз жіберсек, орналасуына бай- ланысты кешегі хандарымыздың кезінен бері де геосаяси жағдайы оңай болмағаны белгілі. Қалың Қытай, орман Орыстың ортасынан жол тауып отырған Абылай хан қайраткерлігі бүгін де əлемдік деңгейде жалғасын табуда. Қазір де Орыс аюының оңтайын көздеп, айдаһар Қытайдың аңысын аңдап, арыстан Американың арынын те- жеп келе жатқан Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлылығымен салмақ арттыруда. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың кезінде ер көңілді Борис Ельциннің болтын босатып, əкелі-балалы Буш- тармен бұрқырап байланыс орнатып, кірпияз Клинтонның  кіл- тін тауып, Қытайдың қыры сансыз қыртысына тереңдей білгені мəлім. Әлемдік саясаттағы сол соны соқпақ, үздік үрдіс жыл өткен сайын жемісін беріп, жетістіктерге жеткізуде. Еуропаны елеңдетіп, Батысқа бас ауру болып отырған Ресей Президенті В.Путин Қазақстан көшбасшысының жолын кеспей, алдына салып сөйлеп жүр. Обамаңыз ойларын бөліссе, сыры терең Қытай сыпайы сый- ласып отыр. Теміртау темірінің мың градустық жалынына төзе білген, болаттың өзін балқытып, құрыштай шыңдалған, ба- баларымыз даналығын бойына сіңірген Елбасымыз əлемдік

саясаттың ыстығы мен суығынан, оты мен суынан аман өтіп, ел мерейін үстем етіп келеді. Бүгінгідей күніне сан өзгерген са- яси əлемде мұндай зор салмақ пен бекем бедел дəл қазір бізге ауадай қажет. Мұндай абыройды мұнайымызбен ғана байланы- стыру – ақиқатты аттап кету болып табылады. Әйтпесе, соғыстың сорына батқан мұнайлы елдердің шаңы аспанға шығып, шайына қорғасын қатып отырған халық аз емес…

Кешегі Көк түріктер қағанатынан қанат қағып, Алтын Орданың мұрагері болып, Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекеле-  гелі отырған берекелі еліміз – Тəуелсіз Қазақ мемлекеті осындай мерейлі жылда Көк туымыз көкте биік желбірей беруі үшін көрнекті көшбасшысын тағы бір сайлап алуы – халықтың шын қалауы.

Саясатта дер кезінде қимыл жасаудың маңызы зор екені əлмисақтан белгілі. Ендеше, Ата-бабамыз сан жылдар мойны- на бұршақ салып тілеген Тəуелсіздіктің іргесін бекемдей беру үшін де, сайлауға барып, өз таңдауымызды жасауымыз керек! Өз таңдауымыз – ел таңдауы. Ел таңдауы – ертеңіміз, ел болашағы! Біздің таңдауымыз – Нұрсұлтан Назарбаев! Біз ізбасары бо- лып табылатын Алаш партиясы көсемдерінің бірі Ахмет Байтұрсынұлы осыдан 100 жыл бұрын айтқандай, «Алаш оқығаны, зиялысы адаспасын. Зиялы адасса, ел адасады». Өйткені, əрбір саналы азамат үшін, бəріміз үшін ең басты ба- ламасы жоқ бағымыз да, барымыз да – Ел Тəуелсіздігін сақтай білу!

Бүгінгі  əлем  таныған   Қазақстанның   Тұңғыш   Президен-  ті болуды ең əділ таразы Тарих сан мың жылдық өлшеммен Нұрсұлтан Әбішұлының маңдайына жазыпты! Ендеше, Ең ауыр жүк – Ел сенімі! Оны нардың нары ғана тарта алады. Енде- ше Нартұлғамыз Нұрсұлтан Әбішұлына тағы да ең ауыр жүк – Ел сенімі артылып отыр.

Баба тарихымызды таразыласақ, ар жағын айтпай-ақ  бер жағынан алғанда Керей мен Жəнібек хандардың қазақ хандығының қазығын қағуы, Әз Тəукенің «Жеті жарғысы», Қасым ханның қасқа жолы,  Абылайдың  ақ  жолын  біле-  міз. Ендеше, елін əлемнің елеулі елулігіне қосып отырған Нұрсұлтанның Нұрлы жолына Алладан Ақ жол тілейміз!

Мен сөзімді Көк түріктер дəуіріндегі Күлтегін жырынан баста- сам, енді Көк тулы дəуірдегі, осыдан 20 жыл бұрын жазылған бір өлеңімнің бір шумағымен аяқтайын:

Жарауы да жерімнің ерікті алар, Қалауы да елімнің келіп қалар! Алауына темірдің төзген тұлға, Жалауына елімнің берік болар!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *