ЕЛДІКТІҢ БАСТЫ ТІРЕГІ-ТІЛ

ЕЛДІКТІҢ БАСТЫ ТІРЕГІ-ТІЛ

(Қазақ үні №14-15 (673), 14 сәуір, 2015)

 

Құрметті зиялы қауым!

Халық сенімінің аса жоғары рейтингін еншілеген Елбасы- мыз, ҚР Президенттігіне кандидат Нұрсұлтан Әбішұлы Назар- баев өзінің Сайлауалды Бағдарламасында алдағы жылдардағы басты міндетімізді анықтап берді. Ол – «Нұрлы жол» Жаңа Экономикалық Саясатының барлық міндеттерін шешу жəне

«Қазақстан-2050» Стратегиясының басты мақсатына қол жеткізу үшін БЕС ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ РЕФОРМАНЫ іске қосып, оны кезең-кезеңмен жүзеге асыру.

Осы реформалардың бес бағытының бірі — Болашағы біртұтас ұлт деп аталады. Сонда менің ерекше назар аударғаным мына жолдар болды: «Біздің басты мақсатымыз – қазақстандықтардың жаңа жалпыұлттық мұраттар мен құндылықтарды – құқықтың үстемдігін, жеке меншікті қорғауды, мемлекеттік дəстүрлерді, қазақстандық құндылықтар мен тəуелсіздік жылдарындағы табыстарды өздерінің этностық мінез-құлық модельдерінен жоғары қоюына қол жеткізу». Қысқаша айтқанда, жалпыұлттық құндылықтар этностық мінез-құлық модельдерінен жоғары тұруы керек. Ендеше, мемлекет құраушы ұлт ретінде қазақтар Қазақ елінің біртектілігін қалыптастыру үшін қолдан келгеннің бəрін жа- сауы қажет. Ал ол біртектілік Елбасы белгілеп бергенТәуелсіздіктің өмірлік философиясы – МӘҢГІЛІК ЕЛ идеясының іске асыры- луына қызмет етуі тиіс. Ал елдіктің басты тірегі –Тіл екенін бұл аудиторияға дəлелдеудің өзі артық.

 

Мемлекет қазақ тілін дамыту жөнінде белгілі-бір деңгейде күш-жігер жұмсап келеді, соның нəтижесінде ана тіліміз бірте-бірте мемлекеттің басты ұйыстырушы негізіне айналып келе жатқанын жоққа шығаруға болмайды. Жетістіктерді көрмеу көрсоқырлық, ал кемшіліктерді көре тұра айтпау жаны ашымастық. Тəуелсіздігімізді алғанымызға ширек ғасырға жуықтаған кезде қоғам мемлекет- тік тілдің шынайы, нақты мəртебесін одан əрі көтеру жөнінде жаңа міндеттер қоюға толық құқылы. Бұл уақыт ішінде біздің тəуелсіз мемлекетімізде тұтас бір ұрпақ туып, өсіп жетілді. Олар үшін біздің партиямыздың төрағасы Азат Перуашев айтқандай, мемлекеттік тіл мемлекеттік Әнұран немесе Қазақстанның Туы сияқты еліміздің ажырамас төлсипатына айналуы керек еді. Өйткені, Тіл- жеке бір топтың немесе белгілі бір саланың ен- шісіне ғана тиесілі емес. Тіл тағдыры – ел тағдыры. Тіл – қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдыретті. Мəселен, халқының саны бізден аз Бельгия мемлекеті (10 жарым млн-ға жуық) өз тілінен өзге тілге қадам баспайды. Бельгиялықтар ағылшын, басқа тілдер- ді мүлдем білмегендіктен осылай істеп отыр деп айта алмаймыз. Олар ұлт дəрежесі көбіне-көп мемлекеттік тілімен бағаланатынын естен шығармайтын болуы керек. Оның үстіне мұны мен ең озық үлгі деп отырғаным жоқ. Менің айтпағым: туған тіліміз тума тілдің жетегінде өне бойы жүруі тиіс емес.

Кейбір полиэтностық мемлекеттер үшін түйткілге айналған проблеманың Қазақстанда орыс тілді азаматтар үшін барлық мүмкіндіктерді сақтау арқылы шиеленіспей шешіліп отырғанын құптаймыз. Дегенмен, «Ақ жол» партиясы мүшелерінің басым көпшілігі қазақ тілін пайдалану көлемін бұрын болмаған жоғары деңгейге көтеру қажет деп есептейді. Орыс тілі еліміздің басым көпшілігінің ойлау, сөйлеу құралына айналып алғаны жасырын емес. Оның үстіне, құлдық саналы шенеуніктердің тілге тосқауыл болып отырғаны тағы бар. Мемлекеттік тіл мəдениет мəселесі аясынан да асып кеткенін назарға алу керек, бүгінде ол — ұлттық қауіпсіздік мəселелерінің қатарына еніп отыр. Мемлекеттік тілдің қоғамдағы барлық салада үстем жəне биік болуы, оның тағдыры мен болашағы, кеудесіндегі жүрегі қазақ деп соққан əрбір азамат- ты алаңдатары айдан анық. Осындайда, Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың “Қазақ тілінің мемлекеттік қызметте де, өндірісте

 

де, ғылымда да, білім беруде де дəл орыс тілінше қолданылуы үшін қолдан келгеннің бəрін істеу қажет” – деген сөздері еске түседі.

Шын мəнінде, Президент айтқан осы бағытта алға жылжушылық болмаса мемлекеттік тіл өз елінде азаматтардың азшылығының тілі болып ұзақ мерзімге сақталып, ғылыми- техникалық  прогрестің  қарқынынан   қалыңқы   болуы   тек  үдей түседі. Қазақ тілін игеру үдерісінің баяулығының басты себептерінің бірі оның экономикада, бизнесте, заманауи менед- жменттегі керексіздігі болып отыр. Нақты ғылым, техника, ин- форматика салаларында мемлекеттік тілде терең білім алудың мүмкіндігіне көпшілік күмəнмен қарайды.

Қазақ тілін жəне қазақ тіліндегі пəндерді оқытудың деңгейі барлық жерде бірдей жұрттың көңілін көншітпейді. Өткен ғасырдың басында, 1913 жылы «Қазақ» газетіндегі «Қазақша оқу жайынан» атты мақаласында Ахмет Байтұрсынұлы: «Біз әуелі елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастауымыз керек. Неге десек, болыстық та, билік те, халықтық та оқумен түзеледі»

деп жазса, ал Халел Досмұхамедов: «Шын азаттықты білім береді» деп санады. Қазақ қоғамын бірте-бірте өзгертіп, заманға бейімдеуді мақсат еткен «Алаштың» асыл мұраттары біздің қазіргі жедел жаңғыру, модернизация бағытымызбен үндес ке- леді. Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының басты формуласы: білім – ғылым — өндіріс бо- луы тиіс.

Бұл Елбасымыздың ХХ1 ғасырдағы дамуымызды прогресс қуатымен толтыратын Мəңгілік Ел идеясына сəйкес келеді. Оның құндылықтарын мемлекеттің конституциялық акт тақылеттес аса маңызды құжаты ретінде мектептерде оқыту бағдарламасына ен- гізу қажет деген Президент жасаған тұжырымдамалық ойды ба- рынша қуаттап, құптаймыз. Біздің туған тіліміздің көсегесі мəңгі жасайтын елде ғана көгереді.

Ұлттық  тарихымыздың  орны  тек  қана  төр  екенін  негіз-   гі ұстанымдарының бірі ретінде санайтын  «Ақ  жол»  партия-  сы үшін Қазақ хандығының 550 жылдығы тойланып, ұлттық тарихымызды ұлықтап, ұлтты əлемге танытуда жəне қазақ елі азаматтарының патриоттық сезімдерін арттыруда үлкен рөл

 

атқаратын 2015-ші жылы Президентімізді сайлап алудың өзінің үлкен саяси-философиялық, тарихи мəні бар. Біз ата-бабалары- мыз аңсаған кемел жарқын болашаққа, алтын ғасырға аяқ басқан ұлтымыздың игілігі жолындағы іргелі істерде Елбасымен біргеміз. Сіздерді, қадірменді жиналған қауым, Тəуелсіздігіміздің баян-

ды болуы үшін Елбасымызға елімен бірге кемел келешекке керу- ен тартуға сенім білдіруге, жаңа мандат беруге шақыра отырып, ұлтты танудың да басты шарты – туған тіліміздің əлеуеті артып, керегесі кеңейіп, мемлекетіміздің де, мемлекеттік тіліміздің де ме- рейі үстем бола берсін деген тілекпен сөзімді аяқтағым келеді.

Ынта қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *