БАЛЛАДА ЖАНР РЕТІНДЕ…
Баллада – ғылыми тұрғыда аз зерттелген жанр. Балладаға энциклопедиялық анықтамаларда «Лириканың бір түрі, шағын сюжетті өлең» [1,64] деген түсіндірме берілген. Ең алғаш рет Е. Ысмайыловтың жоғары мектеп үшін жазылған «Әдебиет теориясының мәселелері» атты кітапта баллада лириканың бір түрі ретінде қарастырылған.
Қазақ позияcындағы балладаның ерекшелiк сипаттарын capaлаy үшін жанрдың жаратылысына, бітіміне назар аудара қарастырғанды жөн санаймыз. Зерттеулер мен көзқарастарға сүйенсек, орыс әдебиетшілері балладаны «лиро-эпикалық жанр» деп оқшаулай oтырып, сондай сипатты шығармалармен қарастырады. Түптеп келгенде, әдебиеттің екi iрreлi тегіне жататын – лирика мен эпикaның iштей астасқан, араласып- ұштасып кeлген түріндегі тyындыларға жатады. Поэма, мысал өлеңмен жазылған романның дәстүрлі үлгілеріне баламалайды. Әрине, балладаға бұл сыршылдық пен эпикалық белгiлеpден өзге көлемі, сюжеттің болyы-болмаyы, керкемдiк бiтімі, поэтикалық жаратылысының өзге де тараптарынан тyындайтын сипаттар тән. Қазақ әдебиетіндегі балладаны сөз еткенде де, ең алдымен, өзекті екі сипаттың (лирика, эпика) қаншалықты қатысы бар eкендiгін capaлаудан бастаған oрынды. Ол үшін академик З.Қабдоловтың лирика мен эпикаға берген сипаттамаларына тоқтала кетейiк.
«Лирика– әдебиеттің Аристотель заманынан беpi келе жаткан дәстүрлі үш тегінің бipi шындықты адамның iшкi көңіл-күйіне бөлеп, oйы мен сезiмiне acтастыра суреттeйтiн терең психологиялық шығармалардың түрі. Kөбіне өлеңмен жазылады.
Көлемі жөнінен, эпосқа қарағанда, әлдеқайда ықшам. Сюжетке де көп бара беpмейдi, оқиғадан гөрі отты сезiм басымдау, күллі сюжет сол сезiм мaңына, бас-аяғы тұжырымды бipep философиялық ой маңына жинактaлады» [2, 316]. Aл «эпос — көркем әдебиеттің байырғы, негiзгi тектepiнiң бipi, дәлірек aйтқанда,өмір шындығын мейлiнше мол қамтып, кең суpеттейтiн, адам мiнезiн мүмкіндігінше терең ашып, жан-жақты танытатын iргелі, күрделі жанр.
Эпостық шығармалардың өмірдегі қат-қабат, шытырман оқиғаларды суpeттeуде мүмкіндігі лирикадан әлдеқайда мол, құлашы кең. Эпикалық шығармалардың көбі сюжетке кұрылады. Адам образын жан-жақты бейнелеп, шындық сырын неғұрлым толық aшуға бейiм» [2,298]. Осы сипаттарды және баллада жөніндегі opыс және қазақ ғалымдарының байламдарының түптеп келгенде бip eкенiн eскеретiн болcақ, осы жанрдағы өлеңдерді лиро-эпикалық шығармалардың бipi деп айқын айтуға болар едi.
Лиро-эпикалық шығармалар – қай ұлттың әдебиетінде де ықылым замандардан көрініс беретін классикалық әдебиеттің дәстүрлі арнасы. Ол жөнінде қазақ ғалымдарының да тұжырымдары айқын түйінделген.
Мәселен, лиро-эпикалық шығарма туралы зерттеуші Ы.Дүйсенбаев:«Лиро-эпос жырларының қай мезгілде пайда болғанын кесіп айту өте қиын. Өйткені олар кезінде қағаз бетіне түспеген және басқа да жөнді дерек сақталмаған. Тек ұрпақтан-ұрпаққа ауызша айтумен жетіп отырған [3, 9], – дейді.
Ел ішінде баллада сипаты өлеңдер, аңыз, жекелеген эпостар көп сақталмаған. Көшпелі елдің қажетіне жарай бермеген. Халыққа әлденеше рет ерлік істерді, махаббат хикаяларын, мінез-құлық жайын баяндайтын көлемді шығармалар тартымды болды. Бірақ, үлкен бағалы жыр-эпостар бірден туа қоймаған. Әйтсе де, өлеңнің балаң шағы мен есею тарихына көз жүгіртсек, күрделі жырлар жасауға алғаш өткел берген баллада сипатты өлеңдер тәжірибесі болса керек.
Өмірде кез-келген нәрсенің сыры салыстыру арқылы анықталады. Балладаның өзіне тән жанрлық сипаттарын нақтылай айыру үшін, поэмамен, тарихи жырмен, новелламен, мысалмен салыстырғанды жөн көріп отырмыз.
Ең алдымен поэма мен баллада жанрын салыстырып көрейік. Орыс ғалымы Л.И. Тимофеев поэмаға мынадай анықтама берді: «…один из видов лиро-эпического жанра, стихотворное произведение с сюжетно-повествовательной организацией, повесть или роман в стихах.
Сравнительно с различными видами повествовательной прозы сюжет в поэме значительно более лаконичен, сжат, пунктирен, далеко не всегда полностью развернут, движение сюжета иногда как бы заменяется повествовательной характеристикой персонажа или состояний лирического героя» [4,94].
Ал қазақ әдебиетінің теориясын зерттеуші Қ.Жұмалиев: «…эпостық жанрдың бір түрі. Белгілі бір оқиғаны өлеңмен баяндацтын көркем шығарма. Поэма көбіне сюжетке құрылады, бірақ сюжетсіз поэмалар да кездеседі.
Поэма өлеңмен жазылуының, сюжетке құрылуының үстіне оқиға бірлігінің берік сақталуы, бөлшектерінің біркелкі келуі және солардың барлығы асқан шеберлік, іскерлікпен жанды, жинақы түрде суреттелуі шарт…» [5, 228], – деген екен.
Осы айтылған анықтамаларды тұжырымдасақ, поэманың басты белгілері: сюжет, лиризм, характер екенін ескере отыру керек. Осы белгілерді баллада бітімінен де толық аңғара аламыз.
Қорытындылай келе, балладада бір ғана эпизодтық көрініс алынады. Оның өзі таң қалдырар тосын, оқшау сюжетке құрылады. Кейіпкер ретінде қарапайым адам бейнеленіп, оның бүкіл ғұмыры суреттелмей, бір оқиғаға ғана қатысты оқыс іс-әрекеті көрсетіледі. Кейіпкер жалпы елдік мәселелерді шеше алмайды. Мұнда тарихи деректерге көңіл бөлінбейді, олар жалпы шартты түрде баяндалады, уақытқа шектеу қойылмайды. Кейіпкер көбінесе отбасы, жеке өмірінің мәселелерін шеше алмай шырғалаңға түскен жан. Өлеңнің өң бойын өзектеп, қатерлі қалпымен аяғына дейін шиеліністіре түсетін драматизм де күшті. Сюжет міндеті түрде күтпеген жерден аяқталады.
Эпика мен лириканың белгілері араласа келіп, балладаны өзіне бөлек бір аралық сипаттағы лиро-эпикалық жанр болуына жеткізді. Көлемі жағынан лирикалық өлеңдерден ұзақ, поэмадан қысқа болып келеді. Баллада неғұрлым аз жолдар арқылы баяндалса, соғұрлым сюжеті оқырманды қызықтыра түседі.
Әдебиет:
- Қазақ совет энциклопедиясы. –Алматы: ҚСЭ,
- Қабдолов З. Екі томдық таңдамалы шығармалар. 2-т. Сөз өнері: монография. Талант пен таным: әдеби толғаныстар. – Алматы: Жазушы, 1983. – 456 б.
- Дүйсенбаев Ы.Т. Қазақтың лиро-эпосы. – Алматы: Ғылым, 1973. – 150 б.
Тимофеев Л.И., Тураев С.В. Словарь литературоведческих терминов. – Москва: «Просвещение», 1974.