БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛДІК ҚОРЫН ДАМЫТУДА ХАЛЫҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІНІҢ МАҢЫЗЫ

БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛДІК ҚОРЫН ДАМЫТУДА ХАЛЫҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІНІҢ МАҢЫЗЫ

 

Ахметова Т.А.

(М.Қозыбаев атындағы СҚМУ,«Қазақ тілі» кафедрасы, п.ғ.к., Петропавл қ., a_tanya67@mail.ru)

Кожикова Б.

(М.Қозыбаев атындағы СҚМУ, ДОВ-14к тобының студенті)

 

 

Елбасымыз Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы:«Қазіргі заман талабына сай, жан-жақты жетілген, бойында ұлттық сана мен ұлттық психология қалыптасқан, имандылық әдебі, парасаты бар ұрпақ тәрбиелеу, өсіру, білім беру, бүгінгі таңда отбасының, балабақшаның, барша елдің, алықтың міндеті» — дейді.

Қазақ халқы қай уақытта болмасын ұрпақ тәрбиесін ұлттық тағдыры, ұлттың болашағы деп білген. Сондықтан тәрбие мәселесіне көңіл бөліп, болашақ ұрпаққа сапалы тәрбие беруді басты мақсат еткен.Соңғы кезде балалардың сөйлеу, тіл дамуының проблемасы өткір мәселе болып тұр. Неге балалар нашар сөйлейді? Мүмкін біз олармен сөйлесуді ұмытқандықтан болар. Ата-аналар балаларымен сөйлескенде мақал-мәтел, нақыл сөздерді сирек қолданады. Негізінде, халық ауыз әдебиеті адамдардың мейрім шуағын оятатын ғажайып қабілетке ие. Балалармен жұмыс жасағанда халық ауыз әдебиетін қолдану дегеніміз – баланың тілін, ойлауын дамыту, мінез — құлқын реттеу, адамгершілік, патриоттық сезімдерге ие жеке тұлғаны қалыптастыру.

Қазіргі заман талабына сай ұлттық психология негізінде қалыптасқан, дені сау,білімге деген қызығушылығы жоғары, өздігінен іс- әрекет жасау дағдыларын меңгерген тұлға даярлап шығару мектепке дейінгі мекемелердің негізгі міндеті.

«Балаң білім жолын қусын десеңіз Бесігінде-ақ ілім шоғын көсеңіз.

Білім үйрет сәбиіңе сарыла

Уыздай ілім сүттей сіңер қанына. Сәбиінде көкірекке түйгені,

 

Өлгенінше санасында жүреді», — деп Ж.Баласағұн айтқандай, балабақша тәрбиешілеріне өте үлкен де жауапты міндет жүктелінген. Әлі тілі де шықпай келген кішкентай бүлдіршіндерді тәрбиелеп, оқытып, мектепке дайындау аса зор жауапкершілікті талап етеді. Балабақшадағы сәбилер жас шыбық секілді, қалай майыстырса солай өседі.Сондықтан да тәрбиешінің білім дәрежесі, мәдениеті, үлгілі сөйлеу тілін меңгеруі  өте маңызды.

Тіл — табиғаттың үлкен сыйы.Тіл арқылы адамзат тілдесудің үлкен мүмкіндіктеріне қол жеткізеді, қарым — қатынасын біріктіреді, және көзқарастарын қалыптастырады. Дүниенің қыр — сырын танып білуге жол ашады.Сондықтан, тілдің дамуына, әсіресе мектеп жасына дейінгі бала тілінің дұрыс қалыптасуына ерте бастан ерекше мән берген жөн.

Бүлдіршіндердің ой — өрісін дамытуға, қиялын шарықтатып, тіл байлығын дамытуда ауыз әдебиет үлгілері — ертегілер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ұлттық ойындардың тигізетін пайдасы ұшан-теңіз.

Б.Момышұлы атамыздың «Ертегісіз өскен бала рухани мүгедек адам», — деген

қанатты сөзі бар.

Шыныныда да ертегі балаларды төзімділікке, еңбекқорлыққа, шыдамдылыққа, батылдыққа тәрбиелейді. Балаларға ертегілерді үстел үсті театр, қуыршақ театры, көлеңкелі театр арқылы сахналау өте ұнайды және олардың қызығушылығы, қабылдауы жоғары болады.

Халық ауыз әдебиетінің басқа түрлері сияқты ертегілерде адам баласының еңбекке, тұрмыс – тіршілік жағдайына байланысты туған. Қазақ ауыз әдебиеті нұсқаларыжас бөбектердің ой – өрісін, дүниетанымын кеңейтеді. Оларды адамгершілікке, еңбекке, тапқырлыққа, туған өлкеге сүйіспеншілік сезімге баулу ісінде шешуші орын алады.

Халық ауыз әдебиетінің мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудегі бағыттары:

  • Имандылық пен адамгершілік;
  • Патриоттық;
  • Эстетикалық;
  • Табиғатқадегенсүйіспеншілік;
  • Өнер.

Ауызәдебиетініңтүрлері: ертегілер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, мақал–мәтелдер, тыйымсөздер.

Ертегі – фольклордың негізгі жанрларының бірі. Ертегі жанры — халық прозасының дамыған, көркемделген түрі, яғни фольклорлық көркем проза. Ертегілері жанрлық әрі сюжеттік құрамы жағынан әр алуан. Ол іштей бірне шежанрға бөлінеді: жануарлар ертегілер; қиял-ғажайып ертегілер, батырлық ертегілер; хикаялық ертегілер, сатиралық ертегілер;

Жұмбақ – адамның ой-өрісін, алғырлығын, білімін сынау мақсатын данақты бір зат немесе құбылыс тұспалдап сипатталатын шағын әдеби жанр.

Жұмбақ жанры дүние жүзі халықтары әдебиетінің көпшілігінде бар. Бұл жанрға Аристотель “Жұмбақ – жақсы жымдасқан метафора” деп анықтама берген. Жұмбақ әдебиеттің ежелгі үлгілерінде, ауыз әдебиетінде жиі кездесетіндіктен оны ғылымда “фольклорлық жанр”, “халықтық поэзияның шағын түрі” деп санау орыналған. Алайда, қазіргі заман әдебиеті өкілдерінің, әсіресе, балалар әдебиеті авторлар внвң шығармалығында жұмбақтар топтамасы жиі кездеседі. Сондықтан оны тек фольклорлық жанр аясында шектеуге болмайды.

 

Мақалмәтел – нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады.

Тыйым — тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге, ақыл – кеңес берудегі тәрбие құралдарының бірі. Бұл балаларды жаман әдет, жат пиғыл, ерсі қимыл, әдепсіз істерден сақтандыруда маңызды қызмет атқарады. «Ұлға отыз үйден тыю, қызға қырық үйден тыю» деген мақал осыған байланысты шыққан. «Бүйірін таяну –қайғының, жағын таяну — мұң-шердің, жүресінен отыру — әдепсіздіктің белгісі» деп танып, оған тыйым салған. Демек, тыйым — халықтық педагогиканың құрамдас бөлігі. Тыйым үлгілері мен сөздері ел ішінде өте көп.

Жаңылтпаш – қазақ ауыз әдебиетінің шағын жанры. Жаңылпаш ойын-сауыққа жиналған жұртты күлдіру; жас ұрпақтың тілін ұстартып, әр түрлі сөзді шапшаң айтуға үйрету мақсатымен пайда болған. Жаңылпаштың сөздері адамды жаңылдыратындай қиын, көбінесе, ұяң және қатаң дауыссыз дыбыстардан құралады, қара сөз немесе өлең түрінде болады. Жаңылпаш ойын-сауықтарда ән білмейтін, жатқа тақпақ айта алмайтын жастарға жаза ретінде де қолданылған. Мұндай ұятты жағдайға қалмас үшін әр жас жігіт пен қыз ән-жыр үйренуге талпынған. Қазіргі кезде Жаңылпаш жаңа мазмұнға ие болып, түрі мен мазмұны жағынан молыға түсті. Жас ұрпақты достыққа, бірлікке, адамгершілікке, ізгі қасиеттерге тәрбиелеудің маңызды құралына айналды.

Қорытындылай келе халық ауызы әдебиетімен таныстыру, арнайы өтілетін оқу іс– әрекеттері мен оқу іс–әрекетінен тыс жүргізілетін ойын, еңбек жұмыстарында іске асады және де баланың сөздік қорын молайтып, әр сөздің мағынасын дұрыс түсініп, қолдана білу керек.

Балалардың санасына туған еліне, халқына деген сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімі ұялады. Тәрбиешінің қиялдауына қанат бітіріп шығармашылық белсенділігін арттыру арқылы жан — жақты дамыту үрдісін ұйымдастыруда әрбір пәнде сюжетті, көркем, ертегі кейіпкерлерінің суреттерін көрсету арқылы ауыз әдебиетінің бала тәрбиесіндегі маңызды орнын көрсетуге болады.

Ауыз әдебиетімізде халқымыздың түсінік, пайымы, тәлім тәрбиесі бар. Осыдан үлг — өнеге алып, ата–бабамыздың аманаттап кеткен асыл қазынасын жоғалтпай, мына жаһандану заманында құндылығын арттыра берейік.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Сіздермен біздер тек болашақ буынды ғана емес жалпы адамзаттық, қадір-қасиеттердің мән маңызын түсінетін жаны да, тәні де таза, білімді патриот азаматтар буынын тәрбиелеуге міндеттіміз»- деп айтқандай, бала біздің болашағымыз, бала тәрбиесі еліміздің әлеуметтік дамуының, құрылымының келешегін айқындаушы деп есептеймін. Егемен еліміздің көк туын желбіретер ертеңгі болашақ, яғни бүгінгі бүлдіршіндер, тәрбиесі аса ауқымды, назар салатын басты мәселелердің бірі. Бала тәрбиесі ана сүтінен басталып, біреудің біреуге ықпалы арқылы өмір бойы қалыптасатын күрделі құбылыс. Тәрбиенің ең алғашқы бастамасын отбасында алса, жалғасы балабақшамен байланысады, яғни бала тәрбиелене отырып білім алады. Болашақтың базары да, келешектің-кемеңгерлері де балалар емес пе? Саналы, өскелен ұрпақ тәрбиелеу- әрбіртәрбиешінің міндетті. Баланың ой-өрісін дамытуға, олардың қиялына қанат бітіріп, тіл байлықтарының молаюына балабақша тәрбиешілерінің сіңірер еңбегі орасан зор.

Кеше ғана аяғын аттап басқан жас сәбидің алғашқы рет қоғаммен араласуы балабақшадан басталады.

 

Тәрбиеші оқу тәрбие жұмысына шығармашылықпен қарап, озық дәстүр ұлттық рухында тәрбиелеп сабақты түрлендіру мақсатында оқытудың дәстүрлі әдіс – тәсілдерін пайдаланып, игі нәтижеге жету. Педагогикалық үрдісте бала жанының қозғалысы педагог жанының үйлесімін тапқан кезде бала өз бойындағы табиғи дарынын ашады.

Бала – келешек, бала – үміт, бала – өмірдің жалғасы. Солсебепті де баланытәрбиелеу

  • баршаныңісі.

Еліміздің көркейіп, болашақта өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Сондықтан дені сау, жаны таза, тәрбиелі, білімді ұрпақ тәрбиелеуге үлес қосуменің басты мақсатым деп білемін.

 

 

 

Әдебиет:

  1. Н.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. Қазақстан халқына Жолдауы, Астана қ., 2012 жылғы 14 желтоқсан.
  2. Алтынсарин Ы. Таңдамалы шығармалары. – Алматы, 1994. – 42 б.
  3. Құнанбаев А. Қара сөздері — Алматы, 1993. – 38 б.
  4. Аймауытов Ж. «Тәрбиеге жетекші», Орынбор, 1996. – 21б.
  5. Аймауытов Ж. Шығармалары. 6 т. шығармаларжинағы. Т.4. Псиқология, жанжүйесі мен өнертаңдау / Жүсіпбек Аймауытов; ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, М.О. Әуезоватындағы Әдебиет және өнер ин-ты.- Алматы: Ел-шежіре, 2013.- 382 б.
  6. Ұзақбаева С.А. Халықтық педагогикадағы эстетикалық тәрбие: пед. ғыл. докт. дис. автореф. –

Алматы, 1993. – 46 б.

  1. Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. — Алматы, 1996. – 61б.
  2. Қазақ мақал-мәтелдері. – Алматы: Ана тілі, 2002. – 19 б.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *