XXI ҒАСЫРДАҒЫ АЛАШТЫҢ АҚ ЖОЛЫ

«XXI ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» атты Жалпыұлттық байқауын 2012 жылдың күзінде жариялап, жыл сайын өткізіп тұратынын мəлімдеген болатын. Қазір бұл Байқау дəстүрге айналып та үлгерді.
2014 жылғы Жалпыұлттық байқауға қатысуға Алаш мұрасына қызығушылық танытып, осы тақырыпта ғылыми зерттеулер- мен айналысып жүрген 18-35 жас аралығындағы ізденушілер шақырылды. Бұл Алаш арыстарының идеяларын керек ететін жоқтаушылар, оны одан əрі тарататындар, əсіресе жастар арасын- да көбейе түссін деген ниетпен жасалды. Байқау төрт номинация бойынша, атап айтқанда, бірінші номинация — «Алаш» қозғалысы идеяларының мемлекет құрылысындағы, демократиялық құндылықтардағы жəне қазіргі Қазақстан қоғамының еуропалық жолды таңдаудағы сабақтастығы»; екінші номинация — «Алаш» қозғалысы көшбасшыларының еңбектеріндегі экономикалық көзқарастарының өзектілігі, қоғамды əлеуметтік жаңғыртудың мəселелері жəне осы идеяларды қазіргі заманғы Қазақстанда да- мыту»; үшінші номинация – «Алаш қозғалысы тарихындағы белгісіз оқиғалар мен жаңа есімдер»; төртінші — арнайы но- минация: «Жоғарыда аталған кез келген тақырыптар бойынша орыс тіліндегі жəне басқа Қазақстан этностарының тілдеріндегі үздік зерттеулер немесе жарияланымдар» тақырыптары бойынша қорытындыланып, жарыс жеңімпаздары анықталды.
Бас бəйгелерді сарапқа салған ақтық сайыс 2014 жылдың 13 желтоқсанында Астана қаласында өтті. Оны «Ақ жол» ҚДП төрағасы, Партияның Парламенттік фракциясының жетекшісі, Мəжіліс депутаты Азат Перуашев жалпыұлттық байқаудың қорытындысын шығаратын ғылыми-практикалық конференцияны кіріспе сөзбен ашып, жиналғандарды қазақ елінің азаттығы үшін күрескен Алашорда үкіметінің құрылған күнімен жəне Қазақстан Республикасының Тəуелсіздігінің 23 жылдығымен құттықтап, жалпыұлттық байқауға қатысушы ізденушілердің жұмыстарына сəттілік тіледі.

Әрі қарай, құрамында Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің елімізге танымал Алаштанушы ғалымдары: университет проректоры, ҚР Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор Дихан Қамзабекұлы (төраға), журналистика жəне са- ясаттану факультетінің деканы, профессор Қайрат Сақ, «Алаш» мəдениет жəне рухани даму институтының директоры, филоло- гия ғылымдарының кандидаты, PhD докторы Сұлтанхан Жүсіп,
«Еуразия» гуманитарлық зерттеулер институтының директоры, Тарихшылардың Ұлттық Конгресінің ғылыми хатшысы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Зиябек Қабылдинов жəне Халықаралық Түркі академиясының ғалым-хатшысы, филология ғылымдарының докторы Амантай Шəріп бар Қазылар алқасы іске кірісті. Олар байқаудың бұдан бұрынғы екі кезеңінен өтіп, төрт номинация бойынша финалға шыққан Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ PhD докторанты Еркін Рахметуллинді, Алматы қаласындағы Мұхтар Әуезов атындағы əдебиет жəне өнер институтының 1-курс магистранты Абдул Рахманұлы Абдулкəрімді, Астана қаласындағы физика-математикалық Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімі, тарих магистрі Ержан Шағимолдинді, Қарағанды облысы, Қарқаралы қаласынан жарысқа түскен, социолог Кенжегүл Мəлікті, Семейдегі Абайдың мемлекеттік қорық-мұражай бөлімі «Алаш арыстары-Мұхтар Әуезов» мұражайының аға ғылыми қызметкері Қарлығаш Нұрланқызы Ибрагимованы, Ақтау қаласындағы Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технология жəне инжене- ринг университетінің студенті Айгүл Қайдарқызы Досымбекованы, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ «тарих» PhD докторанты, Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының аға оқытушысы Махаббат Мəлікқызы Қозыбаева мен осы университеттің археология жəне этнология кафедрасының доценті, т.ғ.к. Сұлушаш Рахымжанқызы Құрманованы жұртшылыққа таныстырып, өз баяндамаларын жа- сау үшін, оларға кезекпен сөз берді.
Нəтижесінде, Қазылар алқасының шешімімен «ХХI ғасыр- дағы Алаштың Ақ жолы» Жалпыұлттық байқауының 1-ші:
«Алаш» қозғалысы идеяларының мемлекет құрылысындағы, демократиялық құндылықтардағы жəне қазіргі Қазақстан қоғамының еуропалық жолды таңдаудағы сабақтастығы» номина-

циясы бойынша Еркін Рахметуллиннің «Алаш қайраткерлерінің ұлттықəскерқұрудағықызметі» атты ғылыми зерттеуі; 2-ші:«Алаш» қозғалысы көшбасшыларының еңбектеріндегі экономикалық көзқарастарының өзектілігі, қоғамды əлеуметтік жаңғыртудың мəселелері жəне осы идеяларды қазіргі заманғы Қазақстанда да- мыту» номинациясы бойынша Ержан Шағимолдиннің «Алаш» қозғалысының көсемі Ә.Бөкейхан мен оның үзеңгілестерінің ұлттық өндірісті дамыту бағытындағы қызметі» туралы баян- дамасы; 3-ші: «Алаш қозғалысы тарихындағы белгісіз оқиғалар мен жаңа есімдер» номинациясы бойынша екі жұмыс бас бəйгені бөлісті, олар — Қарлығаш Ибрагимованың «Алаштың айтулы азама- ты Әнияр Молдабаев» туралы еңбегі жəне Махаббат Қозыбаеваның
«Семья Сеитовых: трагические судьбы Алашской интеллиген- ции и их потомков в эпоху сталинизма» тарихи зерттеуі; 4-ші
— арнайы номинация: «Жоғарыда аталған кез келген тақырыптар бойынша орыс тіліндегі жəне басқа Қазақстан этностарының тілдеріндегі үздік зерттеулер немесе жарияланымдар» бойынша Сұлушаш Құрманованың «Этнографическая проблематика в тру- дах А.Букейхана» атты ғылыми зерттеуі бас бəйгелерге лайық деп танылды.
«Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев жеңімпаздарға 250 мың теңгеден сыйақы тапсырды, байқауға қатысушылардың барлығын Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының грамоталарымен марапаттады.
Тұтастай алғанда, байқау бұл тақырыптың біздің қоғамда өзектілігін көрсетті, «Алаш» идеяларының жастар арасында да қызығушылық тудырып, тарала бастағанын байқатты. Байқауға еліміздің барлық өңірлерінен қатысты. Олардың кейбірі жер- гілікті архивтермен жұмыс істеген. Байқау тақырыбы сан қырлы, онда төрт бірдей номинацияның болуы мұндай мүмкіндік берді. Қатысушылардың ішінде оқытушылар, магистрлар, магистрант- тар, докторанттар, студенттер, журналистер жəне т.б. болып, тың ойлар, ұсыныстар, тарихи деректерге жан-жақты, кешенді келіп, оның мəндерін жаңаша беруге талпыныстар, тіпті күтпеген идея- ұсыныстар айтып жатты. Сондықтан да биылғы, осымен үшінші рет шығып отырған ғылыми жинағымызға тек қана байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің ғана емес, олардан басқа

қатысушылардың да назарға алуға тұрарлық еңбектері, кейбір жұмыстардан үзінділер енгізілді.
Жалпы, «Ақ жол» партиясының Алаш мұрасын зерде- леу жəне тарату бойынша іс-шаралары бұл байқаумен шек- теліп отырмағанын баса айтқым келеді. Бір ғана мысал, өткен жылдың 3-21 маусым аралығында партияның белсенді бизнесмен мүшелерінің қаржылық жəрдемімен Л.Н.Гумилев атындағы Еура- зия Ұлттық Университетінің бір топ алаштанушы ғалымдарының Омбы қаласына ғылыми экспедициясы ұйымдастырылды. Оның құрамында «Алаш» мəдениет жəне рухани институтының дирек- торы, ф.ғ.к., PhD Сұлтанхан Аққұлұлы, «Еуразия» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, т.ғ.д., профессор Зиябек Қабылдинов, доцент, т.ғ.к., Сұлушаш Құрманова, осы университеттің докто- ранты Еркін Рахметуллин болды. Олар Алаш қайраткерлерінің ХХ ғасырдың басындағы қоғамдық қызметі тығыз байланыста өрбіген осы қаладағы мұражайлар мен мұрағаттардың құжаттары мен артефактыларымен жұмыс істеп, соның нəтижесінде үлкен тарихи олжаға кенелді. Әлихан Бөкейханның бұрын еш жерде жарияланбаған жаңа фотосы табылып, соны қазбалап зерттеудің арқасында Алаш көсемінің өмірінен тың деректер ашылды. Омбы экспедициясының алдын ала қорытындылары бойын- ша Республикалық БАҚ-ында жарияланған көптеген мақалалар осы кітабымыздан орын алды. Ұлттық тарихымыздың ақтаңдақ беттерін ақтарып, ашу үшін құнды айғақ-деректерге бай бұл материалдардың оқырмандар, əсіресе осы тақырыпты ғылыми зерттеулеріне арқау етіп жүрген, алаштануға ден қойған ізденушілердің көңілінен шығатынына сенімдіміз. Кітапқа сондай-ақ Семей архивінен алаштанушы Айдын Ырысбекұлы тауып, ғылыми ортада тарихи жəдігер саналып үлгерген, біздің былтырғы «ХХI ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» (Астана — 2014) ғылыми жинағымызға бір бөлігі енгізілген «Мұрат үшін майдан» пьесасының биыл толық мəтінін енгіздік. Мұқтызар Титақовтың 1937 жылы саяси қуғын-сүргінге ұшырап, аяқтай ала алмаған пь- есасын жандандырып, толыққанды пьеса етіп шығарып отырған жазушы-драматург Өтен Ахметов. Қазіргі таңда осы пьесаны оның басты кейіпкерлерінің бірі — Әлихан Бөкейханның 2016 жылдың наурызына дейін — 150 жылдық туған күні қарсаңында сахналау-

ды көздеп отырмыз. Бұларды «Ақ жол» партиясының Алашорда үкіметінің 100 жылдығы мен оның төрағасы Ә.Бөкейханның 150 жылдығына арнаған зор тартуы деп санасақ артық емес.
2014 жылдың 5-13 желтоқсан аралығында «Алаш» ұлт- азаттық қозғалысының 97 жылдығы құрметіне, Астанада, Се- мейде, Ақтауда, Шымкентте «Алаш апталығын» өткіздік. Оның барысында өткізілген іс-шаралар туралы материалдар да кітабы- мызда өз көріністерін тапты. «Алаш апталығы» барлық облыс орталықтарында дəстүрлі түрде өткізіліп, «Ақ жолдың» бұл жоба- сына бұқаралық сипат беріліп, оның аясындағы шараларды респу- блика көлемінде іске асырсақ деген ниет бар.
Өткен жылы белгілеген бағыт-бағдарларымыздың бəрі тиянақты түрде жалғасын тауып жатқанын біздің былтырғы жинағымызды оқып, енді осы кітабымыз да қолына тиген əрбір көзі қарақты оқырманның көзі жетеді деп ойлаймын. Сол бастамаларымыздың, жұмыстарымыздың барлығын жүйелі түрде іске асыру үшін жəне 2016 жылғы Әлихан Бөкейханның 150 жылдығын, 2017 жылғы «Алаш» қозғалысының 100 жылдық мерейтойларын ескеріп, «Ақ жол» партиясы Алаштанушы ғалымдарды, жұртшылық өкілдерін кеңінен қатыстыра отырып, талқылаудан өткізгеннен кейін 2015-2020 жылдарға арналған Алаш қозғалысы қайраткерлерінің идеялық көзқарастарын зерде- леу жəне тарату жөніндегі Бағдарламасын қабылдады. «Ақ жол» ҚДП Төрағасы Азат Перуашевтің бастамасымен Алашқа қатысты жеке Бағдарлама жасауға талпыныс, жалпы Қазақстан Республика- сы партия құрылысы тарихында тұңғыш рет болып отырғандықтан осы жинақты құрастырушылар бұл құжаттың мəтінін толық жари- ялап отыр.
2015 жылдың 12 наурызында Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының Х11 съезі болып өтті. Съез партияның ең жоғары басқарушы органы болып табылатындықтан жəне ол ел өміріндегі аса маңызды саяси оқиғаға арналғандықтан осы алқалы жиында жасалған Партия төрағасының, оның орынбасарының баяндамаларын, партияның Орталық кеңесінің хатшысының сөзін де кітапқа енгіздік. Кітапта тағы да басқа оқырмандарды қызықтыратын материалдар жеткілікті.

Жалпы, осыдан үш жыл бұрын «ХХI ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» жалпыұлттық байқауын жариялап, Алашқа қатысты басқа да шараларды іске асыру бағытын – өзімізге бағдар етіп алғанымыздың дұрыстығына, тағы да көз жеткізіп отырмыз. Қазақстан халқына арнаған өткен жылғы Жолдауында Мемле- кет басшысы тарихқа тағзымның «Мəңгілік Ел» деген құдіретті ұғымға сыйып тұрғанын айтты. Жəне ол, дəйексөз (цитата) кел- тіремін: «Отанды сүю – бабалардан қалған мұраны қадірлеу, оны көздің қарашығындай сақтау, өз үлесіңді қосып, дамыту жəне кей- інгі ұрпаққа аманат етіп, табыстау деген сөз» деп атап өтті. Алаш біз үшін өткен шақ қана емес, ол біз үшін осы шақ жəне келер шақ. Кітаптың аты тіпті де тегіннен тегін «ХХI ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» аталып отырған жоқ. Алаштың Ақ жолы ХХI ғасырда да, одан кейін де жалғаса беретін мəңгілік жол.
Тұтастай алғанда, «Алаш» көшбасшылары ұстанымдарының ұлтпен бірге өмір сүретін тұжырымдамалық мағынасы бар екендігін, Алаш рухының өшпегенін осы кітапты парақтаған оқырманның əрқайсысы да сезінетініне шүбамыз жоқ. Өйткені, Тəуелсіздік жылдарында тура ойлағанымыздай болмағанмен, бəрібір Алаш рухы бойымызға сіңіп жатыр. Ендеше Алаш рухы бəрімізді де жаңа жетістіктер мен жеңістерге жетелей берсін.

СӘБИТ БАЙДАЛЫ
«Ақ жол» ҚДП Орталық кеңесінің идеологиялық жұмыс жөніндегі хатшысы,
алаштанушы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *