ХИМИОТЕРАПИЯЛЫҚ ДАРУЛАР
Иод тобы
Иод – Iodum. Жылтырауық металл түсті, сұрғылт қара жұқа кристалдар, иісі ерекше келеді, қыздырғанда тез ыдырап, күлгін бу шығарады. Суға өте нашар ериді (1:5000), иодты калий ертінділеріне, спиртке, эфирге оңай ериді. Сулы ертіндісі қоңыр спиртті ертіндісі қара-қоңыр болады. Иод теңіз балдырларынан алынады.
Иод: иод тұнбасы, Люголь ерітіндісі, тағы басқа иодтың 95 проценттік спиртке езілген 5-және 10 проценттік ертіндісі түрінде шығарылады.
Иод тұнбасы – Tinctura Iodi. Ол екі түрде: иодтың 95 проценттік спиртке езілген 5 және 10 проценттік ертіндісі түрінде шығарылады.
Иодоформ – Iodoformium. Ақсары, ұсақ, жұқа кристалл, өзіне тән ащы, ұзақ кетпейтін иісі бар. Эфирге, майға, тоңмайға жақсы ериді, спиртке еруі нашарлау, ал суға мүлде ерімейді дерлік. Оның дарынды иоды 97 процентке дейін болады.