Антигельминттік дәрі – дәрімектер

Антигельминттік дәрі – дәрімектер

 

Гельминттер малдың барлық органдарында кездесуі мүмкін; бірақ дер кезінде оларға дәрілік заттардың әсерін тигізу қыйынға түседі. Бұл жағдай органдардың орналасуы мен паразиттің даму кезеңіне байланысты болады.    Бұл тарауда паразиттарды өлтіретін немесе оларды ішек-қарын каналынан, тыныс жолдарынан және бауырдан қуып шығаратын дәрілер баяндалады. Мұндай заттардың қатарына паразиттердің бұлшық еттері мен нерв аппаратын параличке ұшырататын немесе қоздыратын заттар жатады. 

Бұлшық еттерді параличке ұшырататын заттар протоплазмалық улар болып саналады. Олар тап осылай етіп кез келген органның бұлшық етін параличке ұшырата алар еді, бірақ әдетте олардың ең жоғарғы концентрациясы ішекте болатындықтан, ең алдымен олар құрттардың ғана бұлшық еттеріне әсер етеді.

Антигельминттік заттар мен ажыраған гельминт продуктілерінің ішек арқылы сіңуіне кедергі жасау үшін және ол дәрілердің гельминттерге тигізетін әсерін күшейту үшін ішекті іш жүргізгіш заттар беріп тазартады да, малды күн тәулікке жақын уақыт аш ұстайды. Содан соң егер антигельминттік заттың өзінің іш жүргізерлік қасиеті жоқ болса, антигельминттік зат тағайындағаннан кейін бірнеше сағат өткеннен соң тағы да ішжүргізгіш заттар беріледі.

Кейбір антигельминттік заттар (төртхлорлы көміртегі, еркек папортнигінің сығындысы) майда жақсы еритіндіктен ішжүргізгіш дәрі ретінде өсімдік майлары (кастор майы) тағайындалмайды, өйткені бұл майлар антигельминттік заттарды ерітіп, олардың қанға сіңуін күшейтуі мүмкін.

Антигельминттік заттар қанға сіңісімен мал құсып, қанараласып іші өтіп, тырысқақ белгілері пайда болады, сөйтіп малға улану әсерін тигізеді; үлкен дозада қолданса, мал өліп те кетеді. Демек, мал денесін гельминттен арылту (дегельминтизация) кезінде осы жағдайларды есте ұстап, сақ болу керек. әсіресе бұл жөнінде арық және әлсіз малдарға көңіл аудару керек.

Бұл тарауда қаралып отырған препараттар: 1) көбінесе жұмыр құрттарға басымырақ әсер ететін препараттар болып екі топқа бөлінеді. Бірінші топқа алабота майы, төртхлорлы көміртегі, күкіртті көміртегі, төртхлорлы этилен, мыс сульфаты, фенотиазин, гексилрезорцин, камала, сантонин, сапкафен жатады. Екінші топқа еркек папоротнигінің тамыры, төртхлорлы көміртегі, камала, алабота майы, күкіртті көміртегі, төртхлорлы этилен кіреді. 

Еркек папоротнигінің тамыры – Rhizoma Filicis maris. Бұл еркек папоротнигінің тамырының жапырақ түптерімен бірге жыйналатын кептірілген жоғарғы жас кесіндісі. Тамырларды дайындағанда бір жылдан артық сақтауға болмайды, өйткені ұзақ уақыт сақтағанда олар қоңыр түске боялып, өздерінің әсер етерлік негіздерін жояды. Жаңа ғана жыйналған еркек папоротнигінің тамырының ішжағы көкшіл түсті болады, іші қоңыр немесе сары түсті болып келген тамыр қолданылмайды. Осыған байланысты, оның ұнтағы да көкшіл, ерекше иісті болуға тиіс.           

Камала – Kamala. Бұл Ост –Индия ағашы  жемістерінің беткі тікен қабықтарын ұнтақтау арқылы алынатын, суда ерімейтін, иіссіз, жеңіл, қоңыр қызғылт ұнтақ.

Камаланың гельминттерге тигізетін әсерінің механизмі еркек папоротнигінікі сыяқты болады. Ол таспа құрттар мен жұмыр гельминттерге қарсы қолданылады; бауыр құртына әсері тимейді; камаладан кейін ішжүргізгіш зат  тағайындалмайды, өйткені камаланың өзі перистальтиканы күшейтеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *