Өсімдіктердің тұтқыр заттары

Өсімдіктердің тұтқыр заттары

ТаннинTanninum. Таннин негізінде сыя жасайтын жаңғақтардан (жәндіктер шаққаннан кейін еменнің жас бұталарына шығатын бөртпелерден – жаңғақ тәрізділерден) алынады. Олардан таннин су мен арақ қосылған эфирдің көмегімен шығарылады. Өзінің химиялық құрылысы бойынша, таннин құрамында дигалла қышқылының қалдығы бар глюкозид болып саналады. Таннин тиген жерін үйіріп тұтқырлайтын сарғыш ұнтаққа жатады; ол 1 бөлек суда немесе 2 бөлек спиртте ериді; глицеринде тіпті оңай ериді.

Таннин сыртқа тұтқыр дәрі ретінде және қабынуға қарсы ұнтақ,  сеппе, сүртпе май, сулы, спиртті және глицеринді ертінді ретінде қолданылады.

Еменнің қабығыCortex Quercus. Емен қабығы жазғұтыры (жапырақ шықпастан бұрын) еменнің жас бұтақтары мен сүректерінен аршыланады. Оның құрамында 10-15 % таннин кездеседі. еменнің қабығы қайнатынды, ұнтақ, болюс және ботқа формаларында таннин қолданылатын жағдайларда тағайындалады.  

ТаннальбинTannaibinum. Бұл  таннин мен белоктың қосындысы.  Мұндай  қосындының құрамына 50% таннин кіреді және ол формасыз, қоңыр түсті ұнтақ болып келеді; су мен спиртте ерімейді деуге де болады.  Ішке тағайындаған кезде  таннальбин шек сілтісінің әсерімен ажырап, құрамынан таннинді босатады, ал босаған таннин тұтқыр әсер тигізеді.   

ТанноформTannoformium. Бұл таннин мен формальдегидтің қосындысы; суда ерімейтін, аздап спиртте еритін, дәмсіз және иіссіз, қызғылт ұнтақ.  Ішектегі сілтіде еріп, құрамынан формальдегид бөліп шығарады. Босаған формальдегид дезинфекциялағыш, ал таннин тұтқыр әсер етеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *