Қалқан безінің препараттары

Өзіне тән әсері бар және ішкі бездердің секрециясымен шығатын (эндокриндық бездерімен) химиялық таза әсер ететін негіз гормондар деп аталады. Таза гормондық препараттар қатарына адреналин, тироксин, бүйрек үсті безі қабының гормондары, жыныстық гормондар жатады. Эндокриндық  бездердің басқа препараттарында гормонмен қатар тиісті бездерден сығылатын пайдасыз заттар болады. Гормондық препараттардың дозасы әсерлі өлшеу бірлігімен (ЕД) белгіленеді.

Гормондық препараттардан басқа органдық препараттар да (органпрепараты) болады. Мұның бұлай аталу себебі олар тиісті тканьдар мен органдардан сығылып алынады. Олардың әрекет ететін негізі белгісіз болады.

Қалқан безінің препараттары

 

Тироксин – Thiyroxinum. Ақ, ине тәрізді кристалл, суда ерімейді, бірақ карбонаттар (NaHCO3) қосылса, жақсы ериді; сондай-ақ органикалық еріткіштерде де тироксин тәжрибе жүргізгенде ерімеді. Таза иоды 65,3 %. Сатылатын таблеткалардың әр қайсысында 0,002 тироксин болады. бҰл қарында бұзылмайтын берік препарат. Тироксин организмегі тотығу процесін арттырады, бұл зат алмасудың барлық түрін күшейтеді. 

 Құрғақ тиреодин – Thyreoidinum siccum pulveratum (s. Thyreoidinum). Кептіріліп ұсақталған қалқан безі. Ұсақ түрсіз, бурылсарғыш ұнтақ, суда да, спиртте де ерімейді. Иоды 0,17 –ден 0,23 % -ға дейін болады.  әрбір таблеткада 0,01-0,02 флаконда (ұнтақ) 10,0-20,0 ден шығарылады. 

Сұйық тиреоидин – Thyreoidinum liquidum. Бездің экстракты. Мөлдір, қызылқоңыр түсті сұйық, ампулада әрқайсысын 1 мл ден және флаконда 10 мл-ден шығарады. Ампуладағы сұйық тиреоидин мысықпен иттің тері астына күніне ¼­½ ампуладан жіберіледі, ал флакондағы тиреоидин; олардың ішіне 5-20 тамшыдан күніне 2-3 рет береді. Оны ққұрғақ тиреоидин қолданылатын жағдайларда қолданылады. 

 

Ұйқы безінің препараттары

 

Инсулин  — Insulinum. Мүлде дерлік таза гормон. Мөлдір, түссіз не сарғыштау келген сұйық. Әр біреуінде 5 мл инсулин бар флакондармен шығарылады. 1 мл инсулинде 20-40 ЕД болады. Оны салқын жерде сақтайды. Жарты жылдан кейін әсері едәуір   кемиді. Инсулинді ұйқы бездерінің аралшық клеткалары жасап шығарады және одан препарат түрінде сығып алады. Инсулин көп берілсе уланып қалады: нашарлай бастайды,  жүріс-тұрысы бұзылып, дірілдеу пайда болады.

 

Еркектік  жыныс гормондарының препараттары

Тестотерон. Ендердің жыныстық гормоны. Бұл гормонның бір түрі несепте  болатын андростерон болып табылады. Препарат көбінесе синтетикалық метилтестостерон түрінде қолданылады. Бұл ақ, ұсақ кристалл ұнтақ, суда ерімейді,  бірақ  өсімдік  майларында және органикалық еріткіштерде жақсы ериді.

Жыныс бездерінің функциясы жеткіліксіз немесе жоқ болса (пішілгендерде) метилтестоерон жыныстық гормонның жеткіліксіз орнын толтырады.

Ұрғашы жыныс  бездерінің препараттары

 

Ұрғашы жыныс гормондары бар препараттар фолликулден алынатын және сары түйіршік гормоны бар препараттар болып бөлінеді.

Фолликулдерден алынатын препараттарда ұрғашы жыныс гормоны  фолликулостерон не эстрон, яғни фолликулин болады, мондай-ақ ол екіқабат әйелдердің, буаз биелердің несептерінде және қағанақтарында кездеседі. Буаздық  уақыты неғұрлым көп болса, несептегі фолликулостеронның  проценті солғұрлым  көп болады.  Бұл препараттар фолликулдердің функциясын, олардың жетілуін, жыныс жетілуінің процесін басқаратын бірінші және екінші жыныс белгілеріне әсер етеді, оларда гормондардың жасалуын тәртіптейді.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *