Химиялық фармакологиялық лабораторияда жұмыс істеудің негізгі талаптары

Химиялық фармакологиялық лабораторияда жұмыс істеудің негізгі талаптары.
• Малдәрігірлік мақсатта қолданылуға арналған улы және қатты әсер ететін заттарды есепке алу, жіберу және сақтау ережелеріне сәйкес лабораторияға түскен барлық қышқылдар, сілтілік және т.б. химиялық заттар есепке алынып, арнайы бөлмелерде сақталады.
• Өрт тудыру қаупі бар, тез тұтанатын және атылғаш заттарды негізгі сақтау бөлмесінен бөлек, ауасы тазартылып отыратын, табиғи жарықтандырылатын арнайы бөлмелерде сақтайды. Ал лабораторияда істеп жатқан жұмысқа қажетті мөлшерде ғана ұстаған жөн.
• Лабораторияда жанғыш және атылғыш заттарды улылығы жоғары заттармен бірге сақтауға тыйым салынады.
• Аса улы заттарды есепке алу мен босатуды лабораторияға арнайы бөлінген, нұскауды жақсы меңгерген жұмысшы жүргізу керек.
• Реактивтер және басқа химиялық заттар лаборатория бөлімшелеріне бөлімше бастығының рұқсатымен босатылады.
• Реактивтер мен басқа химиялық заттардың лабораторияда сақталуына бөлімше мамандарының біреуі жаупты болады.
• Жарақтың әсерінен ыдырайтын реактивтерді қою қоңыр түсті шыны ыдыста, жарық өткізбейтін шкафтарда немесе картон қораптарда сақтайды.
• Шыныны күйдіргіш реактивтерді /фтор-сутекті қышқыл және оның тұздары/ эбониттен жасалған ыдыста немесе ішкі беті парафинделген шыны ыдыста сақтайды.
• Азот, тұз, сірке, құмырсқа қышқылдарын ауасы үнемі тазартылып отыратын шкафтарда сақтау керек, өйткені, қышқылдар тұрған ыдыстар қызып кетсе жарылуы мүмкін.
• Аталған қышқылдарды қыздырылатын құрамдардың маңында немесе күн сәулесі түсетін жерде сақтауға және көлемі 0,9 асып кететін шөлмектерді бұл қышқылдармен толтыруға болмайды.
• Сұйықтық ағып кетпеу үшін қышқыл құйылған шөлмектер зақымдалған, аузы тығыз жабылған болу керек. Ал олар тұратын кәрзеңкелердің тұтқалары мықты болу керек. Шөлмекке мен кәркеңкенің арасына сабан /солома/ немесе т.б. жұмсақ заттар салынады.
• Қышқыл құйылған шөлмектерді арқаға салып тасуға тыйым салынады. Оларды арнайы арбаға тасымалдау керек.
• Қышқыл құйылған үлкен ыдыстарды арнайы изоляцияланған жерде сақтаған жөн.
• Қышқылдарды және күйдіргіш сұйықтықтарды ыдыстарға құйғанда грушасы бар шыны сифондарды немесе штативпен иілетін арнайы құралдарды қолдануға ұсынылады.
Бірінші көмек көрсету.
1. Жарақаттанған адамның киімін шешіп алу керек немесе қиып тастау керек. Содан соң жараның айналасындағы қанды сүртіп, шеттеріне йод жағу керек. Жараның үстіне стерилді мақта тампонын қойып, бинтпен орап тастау керек. Егер қан көп ағатын болса, оны жгутпен тоқтатады. Жгут болмаған жағдайда белдікті, шыттын немесе басқа тағатын орамалды пайдалануға болады. Жгуты жазда 2 сағатқа, қыста 1 сағатқа салуға болады. Жарақатталған адам дәрігер келгенше толық тыныштықта болу керек.
2. Бір жерін соғып алған кезде мұз, суық су, тартқыш байлауыштарды пайдалануға болады.
3. Сіңірін созып алған болса, буынға суық компресс басады.
4. Шынтақ буынында қолын шығарып алса, қолын шығарып алудың нәтижесінде буында түзілген бұрышты өзгертей қолды денеге бинтпен орап тастау керек. Дәргерсіз қолды түзетуге болмайды.
5. Сынық кезінде негізгі көмек көрсету, ол- сынған жерге тақтай, шыбық немесе картон және т.б. қатты заттардын шина қойып, тамып тастау. Ашық сынық болғанда алдымен сынған жерге стерилді тану салып, одан кейін шинаны (иммобилизациялық таңу) бинтпен орайды. Шинаны алдымен мақтамен немесе матамен қалың қылып орап, содан соң сыныққа орайды. Адам дәрігер келгенше толық тыныштықта болуы керек.
6. Жеңіл күйік кезінде (тері қызарып түрғанда) күйген жерге спирт, ас содасының ерітіндісін басу керек.
Күйген жерді стерильді маталармен жауып, бинтпен орап тастау керек. Ауыр күйікте күйген жерді қолмен ұстауға немесе сүртпе май, май, вазелин жағуға болмайды. Сонымен қатар, түзілген күлдіреген көпіршіктің бетін алып тастауға, күйген жерге жабысып қалған киім бөлшектерін алуға болмайды. Күйген жерге стерильді салфетка жабу керек. Оның үстінен мақта қайып, битпен орап тастау керек. Дәрігер келгенше зақымдалған адам толық тыныштықта болу керек.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *