Тітіркендіргіш заттар

Тітіркендіргіш заттар

 

Тітіркендіргіш заттар әсер етуіне қарай:  тек  қана  қызартатын (rubefacientia) және  қолданғаннан кейін  қабынуды  күшейтетін,  кейде  күлбірететін және  тіпті  іріндететін (vesicantia)  заттар  болып бөлінеді. Бұл  дәрілердің терапевтикалық  құндылығы  мынада:  олар тері нервтерінің  ұштарын  тітіркендіреді де,  орталық нерв жүйесінің қабілеттілігің, жүректің қызметін, тыныс алуды  рефлекторлы өзгертеді, қанмен қамтамасыз етілуді, оның айналымын жақсартады, сол тітіркенген  жердің және  иннервацияны  тітіркенген жерден, немесе сол тітіркенген жерге қатысы бар жұлынның  сегментінен  алатын ішкі  органдардың  қорегін жақсарта түседі.

         . Бұл жағдай ішкі органдар ауырғанда, аурудың бетін қайтару үшін арналмаған дәрі ретінде тітіркендіргіш заттарды қолдануға мүмкіндік береді. Егер тітіркендіргіш заттарды ингаляция жолымен (дәріні буға немесе газға айналдырып иіскетсе) ішке жіберсе, онда тыныс жолындағы кілегейлі қабықтың тітіркенүі жүректің қызметін, тыныс алуды және қан кернеу дәрежесін рефлекторлы өзгертеді, онан соң  тітіркену бәсең болса, бұл органдардың қызметін күшейтеді; ал тітіркену  күшті болса тыныс алуды уақытша рефлекторлы кідіртеді, жүрек бәсеңдейді және қан кернеуі көтеріледі.

         Бұл заттарды терінің астына немесе мускулға жіберсе, сол жердің тітіркенуінен басқа, асептикалық  іріндеген жердің пайда болатындығы байқалады; оның іріңі сорылып белок ыдырғанда, протеинотерапияға (арналмаған белокты терапияға) ұқсас резорбтивті әсер етеді.

         Қыша дәніSemina Sinapis nigrae. Қыша дәнін ұнтап, ұсақ, сары, дәмі күйдіргіш ұнтаққа айналдыру арқылы алынады. Оның құрамында синигрип глюкизиді және мирозин ферменті кездеседі; фермент мирозин жылылық және ылғылдың әсерінен глюкозиті ажыратады, мұның нәтижесінде қышанаң әсер ететін негізгі эфирлі қыша майы бөлінеді.

         Скипидар (терпентин майы) –Oleum Terebinthinae- суда ерімейтін, тырнағыш дәмді, иісі қарағайдың иісі тәрізді түссіз немесе сәл сарғыш болып келген сұйық зат; ауада тотығып кетеді (сарғаяды). Ол қылқан жапырақты ағаштардың шайырын айдау арқылы алынады.

         Скипидар тазартылған –Oleum Terebinthinae rectificatum  және тазартылмаған – Oleum Terebinthinae crudum  скипидар болып екіге бөлінеді.

Тітіркендіргіш әсерімен қатар, оның бактерицидтык, дезодоризациялық (иісті бейтараптайтын), құрттады өлтірерлік, паразиттерді өлтірерлік, қақырық түсіргіш және несеп айдағыш әсерлері бар.

Шпан шыбындары –Cantharides. Кетіріп ұнтатылған ( ірі, ал кейде ұсақ ұнтаққа айналдырылған) бұл жалтыраған жасыл реңді шыбындардың (дәлірек айтқанда қоңыздар – Lyttae vesicatoriae ) дөреке иісі бар, олардың құрамында әсер етерлік негіз –кантаридин кездеседі; кантаридин тканьдерді қатты тітіркендеріп қабындырады, тканьдерге бөртпе шығарып, оларды некрозға ұшыратады.

Нашатырь спирті –Solutio ammoni caustici (Ammonium causticum solytum). Бұл аммиактың судағы 10% официналдық ертіндісі. Нашатырь спирті ерекше иісі бар мөлдір, түссіз, сілтілі сұйық болады; қанша қатнаста болса да су және спиртпен араласа береді. Оның қатты тітіркендіргіш және күйдіргіш  әсері бар.  

Сынаптың сары тотығыHydrargyrum oxydatum flavum. Бұл суда ерімейтін, бірақ  тұз және азот қышқылдарында еритін,  түсі сары, ауыр ұнтақ. Концентрацияланған  сынап майы(50 %) тканьдерді күйдіріп, ал бұдан төмен концентрацияда оларды тітіркендіреді. Сынаптың сары тотығының 0,5-5 % сүртпе майлары қабынуға қарсы әсер етеді. асқазанға енгеннен кейін бұл ұнтақ бөлегі  алмасқа айналады.

Сынаптың қызыл тотығы – Hydrargyrum  oxydatum rubrum. Бұл суда ерімей, қышқылдарда еритін, қызыл ауыр ұнтақ. Тканьді қатты тітіркендіреді. Сынаптың қызыл тотығы 10% сүртпе май түрінде   (Unguentum Hydrargyri oxydati rubri) және анда-санда ісіктерді күйдіру үшін (үлкен дозасы) қолданылады.

 Қос иодты сынап – Hydrargyrum biiodatum. Бұл ауыр болып келген қып-қызыл ұсақ ұнтақ.  Сүртпе май формасында сынаптың сұр сүртпе майы сыяқты  әсер етеді.   сүртпе май  ұзақ тұрып қалғанда оның ішінде  біріккен   күрделі   қосылыстар пайда болып тканьдерді   қатты тітіркендіреді.  Сондықтан  оны дер кезінде ғана дайындалған 5-10 % сүртпе майы  шпат болғанда, сіңір хорникалық қабынуға ұшырағанда т.б. жағдайларда қолданылады.

Тұтқыp заттар

Тұтқыр заттардың қатарына ткань бетінде орналасқан белокты шөктіріп, осы кезде тканьның бетінде су мен қышқылдарда ерімейтін қабыршақ құрайтын заттар жатады. Олар, сондай-ақ капилляр қабырғаларын да қатайтып нығыздайды. Шөккен белок тканьдерді тітіркендіруден және оған инфекция енуден сақтайды (қорғайды). Бұл жағдайлар тұтқыр заттардың әсерін күшейтіп, қан тоқтатуға, қабынудан қорғауға, тышқақ тоқтатуға себеп болып, айтарлықтай әсер туғызады.  

Тұтқыр заттардың қатарына таннин және оның туындылары, ауыр металл тұздары және қышқылдар (әлсіз концентрацияда) жатады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *