Жұмсартқыш заттар

Жұмсартқыш заттар

 

Жұмсартқыштарға жануарлар мен өсімдіктерден алынатын және минералдық заттар жатады; олар тканьдерді қаптап жауып, оларды табиғи тітіркендіргіштерден  қорғап ылғалын сақтауды қамтамасыз етеді, сөйтіп жұмсартқыштардың осы қасиеттерін еске ала отырып, оларды жарақаттарға, күйікке, жараларға, түрліше қатайған жерлерге, терінің жарылған жерлеріне және  т.б. қолданады.

Жұсатқыш заттар қатарына: шошқа майы, бензойлы шошқа майы, сулы және сусыз ланолин, какао майы, глицерин, вазелин, парафин, вазоген және зығыр, зайтун, күнбағыс, күнжіт майлары т.б. жатады.

Тазартылған шошқа майы – Adeps suillus deruratus s. Axungia porcina deruata. Еру температурасы 34-36˚  біркелкі шошқаның ішкі органдарының бұзылмаған таза майы. Оны салқын және құрғақ жерде сақтайды. Ұзақ уақыт сақталса ол бұзылып, құрамында май қышқылдары пайда болады. Шошқа майы теріге жақсы сіңеді, сондықтан оның жұмсатқыш әсері тереңге тарайды.

Ланолин – Lanolinum. Қой жүнінен алынатын тазартылған май тәрізді зат. Ланолин сусыз және ланолин сулы болып екіге бөлінеді.

Вазелин – Vaselinum. Сүртпе май тәрізді қойыртпақ; ол қатты және сұйық көмірлі сутегінің қосындысына жатады. Ол мұнайдан алынады. Вазелин 35-40 температурада ериді. Суда ерімегенмен, спиртте нашар, ал бензин, хлороформ және эфирде жақсы ериді. Сары вазелин және ақ вазелин болып екіге бөлінеді.

Парафин – Paraffinum.бұл 51-55˚ температурада   еритін, қатты, иіссіз және дәмсіз, майша жұққыш  ақ қойыртпақ. Ол сусыз (Paraffinum album anhydricum) және судан арылмаған (Paraffinum Solidum) парафин болып екіге бөлінеді.

Озокерит – Ozokerit. Құрамына церезин, минералдық майлар және смолалар кіретін минерал кендеріне жатады. Озокерит метан тобына жататын көпмолекулярлық  көмір сутегінің қоспасына жатады және парафинді мұнаймен бірге кездеседі. жылу сыйымдылығы жоғары болады және жылуды аз  таратып ұзақ уақыт жылылық ұстай алады. 

Зығыр майы – Oleum Lini. Бұл май дәмді жұмсақ, мөлдір сары түсті, ерекше иісті ұшқыш май. Спиртте аз ериді. Ауада қышқылданып қоюланады. Төмен температураның өзінде сұйық қалпында қалады. Ол зығыр дәнін сығу арқылы алынады.

Күнбағыс майы – Oleum Helianthi. Күнбағыс дәнінен  сығып алынатын жұққыш майға жатады. Бұл мөлдір, бозғылт-сары, қоюлау, ерекше иісті және май дәмі бар сұйық зат.  Ауада қоюланып ашып кетеді.

Зәйтүн майы (олив майы) – (Oleum Olivarum provinciale).   Зәйтүн ағашы майының ұрықтарынан салқын жолмен сығымдау арқылы алынады. Бұл мөлдір, сарғыш немесе көгілдір сарғыш  түсті, ерекше бәсең иісті сұйық зат.

Тәтті  заттар

 

Тәтті заттарды екі топқа бөлуге болады. Бірінші топқа дәрілік формалар даярлау үшін қолданылатын заттар жатады.  Оларды дәрінің жағымсыз дәмін әлсірету үшін тағайындалады. Олардың қатарына қызылмия тамыры, бал, сироптар, қант жатады. Екінші топқа көбінесе емдеу мақсатымен қолданылатын  заттар кіреді; бұларға глюкоза және аздап тростник және сүт қанттары жатады.   

Жүзім қанты (глюкоза) – Glucosum s. Saccharum uvicum. Суда жақсы еритін, тәтті ұсақ ақ ұнтақ.  Глюкоза  организ үшін аса құнарлы зат болып табылады,  мұнымен қатар ол бауырда уларды зыянсыздандыруда себепкер болады. Сондықтан оны минералдық және өсімдік уларымен уланғанда, көп қансырағанда, қан айналысы мен жүрек қызметі бұзылған жағдайдың  бәрінде  тері астына және венаға да енгізу мақсатымен  кеңінен қолданылады. Граменицкий хлороформ мен ұйықтату (наркоз) алдында глюкоза қолдануды ұсынған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *