Жүрек гликолидттер

Жүрек гликолидттер

 

Жүректік дәрілер қанға енгенде ылғый дерлік жүрек етіне және нерв жүйелеріне әсер етеді. Бұлардың тигізетін әсері нәтижесінде жүректің жұмыс істеуі жақсарады немесе белгілі  қалыпқа келеді.

Арнаулы жүректік дәрілер ретінде жүрек гликозидтері қолданылады, олар организмде глюкозаға (гликон), яғни қантты әсерсіз бөлікке және қантсыз-әсерлі бөлікке (генин яғни агликон) жіктеледі. бұндай глюкозидтердің көпке белгілі дәрілері оймақ гүл (наперстянка) тобына жататын дәрілер.

Жүрек гликозидтерін барлық ткандер да сорып алады, бірақ 1 г.тканьге арнап есептегенде бәрінен гөрі жүректің көк етіне көп сіңеді, сондықтан да мұның тарапынан дәріден алынған әсер жақсы көрінеді.

Жүректік гликозидтердің әсері үш сатыға бөлінеді. Олар: терапиялық, уыттық және өлтіру сатылары. Жүректік гликозидтар терапиялық сатыда жүрек көк етінің жыйырылу қабілетін арттырады, оның жалпы жағдайын жақсартады, сондықтан да систола мықты және күшті болады, жүрек көк еттеріндегі n bagi орталығы және оның талшықтары қозудан барып диастола ұлғаяды. Мұның үстіне систоланың күштілігі диастоланы ұзартады, ал керісінше  систоланың нашарлығы диастоланы  қысқартады. Диастоланың ұзаруы, жүрек соғуының сиреуі жүрек көк етінің дем алуына көмектеседі. Диастоланың ұзаққа созылуы жүректің қанға барынша  толуына, ал  систоланың күшті болуы жүректен қанды толық кері  шығаруға себеп болады, яғни жүрек бір жолғы жыйырылғанда кері соғып шығаратын қан көлемінің артуына алып келеді. Жүректік гликозидтердің әсер  еткенде қанның минуттік көлемінің өзгеруі негізгі артериалдық және венолық  қан қысымына тікелей байланысты болады.

Жүрекке осындай қолайлы  әсер етудің нәтижесінде  қан бөлініп, тарауы  жақсарады, венолық іркілу жойылып, ісіктер қайтады. Жүрек кеңейгенде гликозидтер  диастоланы азайтып, оны бір қалыпқа келтіретінін атап өту керек.

Екінші уыттық сатысы тек уландырғыш дозаларын қолданған жағдайда ғана байқалады. Ол жүрек көк  етінің өте қатты қозуымен сыйпатталады, бұл клиникалық тұрғыда  жүрек көк еті    жыйырылуының жиіленуінен, демек соғу көлемінің кішіреюінен көрінеді. Қан тамырлары тарылғандықтан  қан қысымы артады. Жүрек көк еттері жиі және күшті  жыйырылғандықтан вагус аппаратының әсері байқалмайды.     

Үшінші, өлтіру  сатысы жүректің нервтік өткізгіш  системасының импульс  өткізгіштігінің  бұзылғандығы салдарынан болатын аритимиямен сыйпатталады,   пульсі жиілейді және үздік-создық болады, жүректің қарыншалары дірілдейді, қан қысымы  төмендейді.  Жүрек нерві мен көк етінің жұмысы толық  бұзылғандықтан жүрек қарыншалары  жүрек  құлақшаларына қарағанда сирек жыйырылады, жүрек көк етінің күшті тонусы өзгеше сыйпатта жүрек  тоқтауына  келіп тіреледі.   Жүректің   қарыншасы жыйырылып құлақшалары созылады, ол қарыншаны бөрікше сыяқты жауып тұрады.  Жүректің бұндай өзгеше тоқтауы тек көлбақада ғана емес  жылықанды жануарларда да болады, жүректің бұндай тоқтауы ірі малды сойып қарағанда байқалмайды. 

Оймақ  (наперстянка) жапырақтары – Folia Digitalis. Бұл осы топқа жататын жүректік дәрілердің ең басты және лайықты өсімдігі.

Жапырақтарды гүлдеген кезде жыйнайды, оның түсі таза көктен бұлыңғыр көкке дейін болады, құрамында дәмі ащы, дигитоксин, гитамин т.б. гликозидтер кездеседі. сақтағанда әсер ету негізі бұзылады, бір жылға дейін сақталған жапырақ күйінде пайдалану керек. 

 

Жүректік дәрілер қанға енгенде ылгый  дәрік жүрек етіне және нерв жүйелеріне әсер етеді. Бұлардың  тигізген әсері  нәтіжесінде  жүректің жұмыс істеуі  жақсарады немесе   белгілі  қалыпқа келеді.

Арнаулу жүректік дәрілер ретінде жүрек  гликозидтері  колданылады, олар  организмде  гликозаға (гликон), яғни  қаннты  әсерсіз  бөлікке және  қантсыз-  әсерлі  бөлікке (генин яғни  агликон) жіктеледі.

Жүректіктік гликозидтердің әсері үш сатыға бөлінеді:

  1. терапиялық;
  2. уыттық;
  3. өлтіру сатылары.

Жүректік гликозидтар терапиялық сатыда көк етінің жыйрылу қабілетін арттырады, оның жалпы жағдайын жақсартады, систола мықты және күшті болады, оның талшықтары қозудан барып диастола ұлғаяды. Мұның үстіне систоланың күштілігі диастоланы ұзартады, ал керісінше систоланың нашарлығы диастоланы қысқартады. Диастоланың ұзаруы, жүрек соғуының сиреуі жүрек көк етінің дем алуына көмектеседі. Диастоланың ұзаққа созылуы жүректің қанға барынша толуына, ал систоланың күшті болуы жүректен қанды толық кері шығаруға себеп болады, яғни жүрек бір жолғы жыйырылғанда кері соғып шығаратын қан көлемінің артуына алып келеді. Жүректік гликозидтердің әсер еткенде қанның минуттық көлемінің өзгеруі негізгі қызыл және көк қан тамырырының қан қысымына тікелей байланысты болады.

          Жүрекке осындай қолайлы әсер етудің нәтижесінде қан бөлініп, тарауы жақсарады, көк тамырдың іркілуі жойылып, ісіктер қайтады. Жүрек кеңейгенде гликозидтер диастоланы азайтып, оны бір қалыпқа келтіретінін атап өту керек.

          Екінші уыттық сатысы тек уландырғыш дозаларын қолданған жағдайда ғана байқалады. Ол жүрек көк етінің өте қатты қозуымен сыйпатталады, бұл клиникалық тұрғыда жүрек көк еті жыйырылуының жиіленуінен, демек соғу көлемінің кішіреюінен көрінеді. Қан тамырлары тарылғандықтан қан қысымы артады. Жүрек көк еттері жиі және күшті жыйрылғандықтан вагус аппаратының әсері байқалмайды.

          Үшінші, өлтіру сатысы жүректің нервтік өткізгіш жүйесінің импульс өткізгіштігінің бұзылғандығы салдарынан болатын аритмиямен сыйпатталады, пулсі жиілейді және үздік-создық болады, жүректің қарыншалары дірілдейді, қан қысымы төмендейді. Жүрек нерві мен көк етінің жұмысы  толық бұзылғандықтан жүрек қарыншалары жүрек құлақшаларына қарағанда сирек жыйырылады, жүрек көк етінің күшті тонусы өзгеше сыйпатта жүрек тоқтауына келіп тіреледі. Жүректің қарыншасы жыйрылып құлақшалары созылады, ол қарыншаны бөрікше сияқты жауып тұрады. Жүректің бұндай өзгеше тоқтауы тек көлбақада ғана емес жылықанды жануарларда да болады, жүректің бұндай тоқтауы ірі малды сойып қарағанда байқалмайды. 

         Оймақ гулі (наперстянка) және  жапырақтары- Folium Digitalis.

1) жүректің барлық созылмалы және жіті  нашарлауында, атап айтқанда, жұқпалы ауруларда  жүректің жұмысын  жақсартқыш және  қан  айналысын  тәртіптейтін дәрі ретінде  жүрек  бұлшық еті  зақымдалғанда, қан қысымы  артқанда  пулстың  қатты  соғуында және жүрек  компенсациясында  қолдануға  болдайды

         Препараттары:

  1. Оймақ жапырақтарының  ұнтағы;
  2. Оймақ жапырағынан алынған тұнбасы;
  3. Оймақ жапырақтарының аланған спирттік  сығындысы;
  4. Оймақ жапырақтарының сулы  экстракы- Gitalenum;
  5. Digalen-Neo- оймақ жапырақтарының экстракты;
  6. Cordigit- ұнтақтар, таблеткалар;
  7. Строфант;
  8. Горицвет шөбі- угулжапырақ- herba Adonidis vernalis;
  9. Flores, Yerba Convallariae maialis- меруерт шөбі және гүлі;

қолдану және ерекше  әсерлерін талкылау.

  1. Диланизид, лантозид, суккудифер, адонизид, кордиазид, эризимин, конваллятоксин, строфантин.

Тақырыбы бойынша сүрақтар:

  1. Қанға, жүрек-тамырларына әсер ететін заттардын жалпы сипаттамасы, және жіктелуы.Кумулляциялық әсері.
  2. Оймақ гүлі тобы. Жалпы сипаттамасы. Мал дәрігерлік тәжіридебе колданылу мүмкіндігі.Препараттары
  3. Угүлжапырақ шөбі. Жалпы сипаттама. Топ препараттарына салыстырмалы баға беру. Колданылуы.Препараттары
  4. Меруерт шөбі және гүлі. Жалпы сипаттамасы. Препараттары

Үйге тапсырма:

  1. Совкаиның дозасы 0,2 г ерітінді түрінде рецепті жаз. Бұлшық етке  бір проценттік ерітіндісін бер.
  2. Новокаинның дозасы қойға 0,5 г, тер астына 0,25% ертіндіні рецепке жаз.
  3. Совкаинның дозасы итке тер астына  0,1г,  ампулды түрінде рецепті жаз.  Бір ампулада 0,5 %- 1 мл бір инъекцияға бер.
  4. Анестезин -1 бөлік, ментол- 1 бөлік, этилды спирт 70º -50 бөлік, шошқаға сұртпе май жаз.
  5. Итке сынап монохлоридтың дозасы 0,1 г.  Рецепті ботқа түрінде жаз.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *