Витадерм-Vitadermum, каротиннің майлы ерітіндісі, бетанфтол және эвколиптық май қосылған парафинның сүртпе майы. Сыртқа қолданады: қолдану алдында 5-6 минут 100° ке дейін қыздырады. Балқыған майда мақтадан жасалған кішкентай ормалмен немесе дәкі салфеткасымен немесе бүріккіш арқылы зақымдалған жерге жағады.
Витамин — В ның препараттары. Витамин – В деп бір витаминді ғана емес, бүтін комплексті түсіну керек, оның құрамына онбір компонент кіреді, оларды В1 В2 т.с. әріптермен белгілейді, бұлардың бәріде суда ериді және өсімдік азықта, негізінен астық тұқымдас азықтың дән қабығында (бидайдың, күріштің, арпаның, сұлының т.б) ашытқыда, баданада, капустада, картопта, помидорда жеткілікті мөлшерде болады.
Витамин В1 яғни тиамин, көмір сутегі белок және май алмасу үшін, жүректің бірқалыпты жұмыс істеуі үшін, нерв системасын қоздыру процесы үшін, сүт бірқалыпты шығу ішін қажет.
Витамин В2 (рибофлабин) Ribovlavinum. Сарғыштау келген ұнтақ кристалл, жарықтың және сілтінің әсерінен бұзылады.
Витамин В6 (пиридоксин) Piridoxynum. Кристалл дәрі. Жоғарғы температураға және оттегіне берік келеді, өте күлгін сәуледен тез бұзылады.
Пиридоксин дәнді ұрықта, бауырда және ашытқыда көп болады.
Никотин қышқылы (пеллагреге қарсы РР факторы)- Acidum nicotinicum. Ақ кристалл ұнтақ, суық суда 1:70 бөлікте, ыстық суда 1:15 бөлікте ериді, спирт пен эфирде жақсы ериды.
Натрий никотины-Natrium nicotinicum. Никотин қышқылы сыяқты қолданылады жанама әсері жоқ. Натрий никотинының 1% ерітіндісін дайындау үшін 0,86 никотин қышқылын алып белгі салынған ыдыстың (100 мл дейінгі) түбіне себеді, аз мөлшерде су қосып ерітеді, содан кейін сол жерде 0,53 натрий карбонатын қосып, белгіленген жерге дейін су құйады.
Витамин — С препараты (аскарбин қышқылы)- Acidum ascorbinicum. Бұл қырғұлаққа қарсы әсер ететін суда ерігіш витамин. Оның мал азығында немесе адам тамағында аз не жоқ болуы қырғұлақ ауруына ұшыратады. Витамин –С көк шөпте, пішенде, сүрленген шөпте, жемістамырлы өсімдіктерде, помидорда, итмұрында, қарақатта, қарағай және шырша қалқандарында, жас етте, капустада, т.б. болады. Бұл витамин тұрақсыз тамақты пісіргенде жоғалады.
Витамин Д препараттары (рахитке-мешелге қарсы витамин). Витамин Д (кальциферол)-майда ериді, суда ерімейді. Азықта оның жоқ болуы организмнің кальцийді және фосфорды сіңіруін бұзуға, сүйек тканьдарының қатаюына әкеп соғады: төлде жиі кездесетін рахитке ұқсас ауру болады. Витамин Д қандағы кальций мен фосфордың процентін көбейтеді және олардың ішек арқылы сіңіп, сүйекке жыйналуына көрсетеді. Ол эргостеролдың туындысы. Эргостеролды ультрофиолеттеу (өтекүлгін сәуле кварц шамымен) оны әсерлі, сіңгіш етеді. Витамин Д күнде кепкен пішінде, тресканың майында (балық майында), сүтте, капустада, т.б. болады.
Препараттары. Балық майы-Oleum iecoris Aselli. Витамин Д-ның басты препараты, треска балығының бауыр майынан алынады, онда витамин Д-дан басқа, жоғарыда көрсетілгендей витамин А-да бар. Бұл, сарғыштау, мөлдір, өзіне тән иісі бар май. Организмде балық майы тез сабынданып, сіңеді.
Витаминол- Vitaminolum. Вигантолдың бір түрі, Витамин Д-ның концентрацияланған ерітіндісі. Төл рахит болғанда ішке қолданылады.
Витамин Е препараттары (токоферол). Витамин Е бидайдың ұрығында, барлық өсімдіктің жасыл жұмыртқаның саруызында, шошқа майында, сүтте және майда болады, плацентте (шаранада) және гипофизде көп ұшырайды.
Витамин – К препараттары (филлохинон). Бұл майда еритін витамин көбіне, негізінен алғанда беде де болады. Ол қанның ұюын тездетіп, қан ағуды тоқтатады. Организмге ол ішек арқылы, егерде міндетті түрде өт болса ғана сіңеді. Витамин К паренхиматозда, атап айтқанда, жатырдан қан ағуда, операциядан кейін, қанағыш өлі еттерге, жәй жетілетін жараларға, байыр ауруларына әсерр ету үшін қолданады.
Препараттары: 1. Табиғи витамин К өсімдіктен алынады.
- Синтездік препараттары. М е т и н о н-Methynonum. Көкшілсары, өткір иісті және қуырғыш дәмі бар ұнтақ. Жалпы алғанда суда ерімейді. Жарықтан бұзылады, сондықтан да жақсы тығындалған ыдыста қараңғы және құрғақ жерде сақтаған жөн. Препаратты қолдану алдында өсімдік майында, не 90° спиртте ерітеді. Спирттік ерітіндіні ішке қолданады. Метинон да 1 грамдық ампулада шығарылады, мұнда ол 5 мл метинон болады. Көк еттің ішіне жіберуге тағайындалады.
В и к а з о л-Vicasolum Берік, ащы дәмді, иіссіз, суда еритін ұнтақ.