Өткен шақтық есімшенің -ша/-шә жұрнақты формада айтылған түрлері. Мысалы:
Үғланларым иігіт болғанша, өзім елге баш болұп тұрорым (41). Бердібек қайтұп иеткәншә, Жанібек хан халы зағыфланды (116). Өзі, ғаскар иылғанша, хаста болұп офат болды (118).
Бұл келтірген сөйлемдер компоненттері де бір-бірімен мезгілдік қатынаста айтылған. Мұндай мағыналық қатынастағы бағыныңқы компонент баяндауышы кейде бұйрық рай мағынасындағы етістіктің бірінші жағына -ша жұрнағы тіркесу арқылы да жасалады. Мысалы:
Әуел ол яманлық қылмайынш а, біз нешүк қылармыз (49). Бірақ сабақтастың мұндай түрі бірді-екілі жерде ғана кездесті.
Бірді-екілі жерде болса да өткен шақтық есімшенің шығыс жалғауында тұрып, бағыныңқы компонент баяндауышы болған түрі де кездеседі. Мұндай бағыныңқылар басыңқы сөйлеммен себептестік қатынаста айтылады. Мысалы:
Ғорның тағларына қар көп түшкәндин (түскендіктен деген мағынада), ғаскар халқы өтэргэ қиынсұндылар (14). Ол қарт, менің сөзім тұғри келгәнлікдин, һиш сөз қатамады, тек тұрды (204). Бізде атлы ғаскар б о л мад ықдин, яуның артяариндин қауып, кішіләрні алмадұқ (208).
Басыңқымен себептестік қатынаста тұратын бағыныңқы компонент баяндауышы құрамында кейде себебі деген сөз де айтылады. Мысалы:
Ол уақытда Үргенішнің қалғасы (қаласы) ш о л б о лғ анлық себепл і, Аму суының құбла тарафындағы яқасында қалғасының қаршысында қалға салұп, онда отырған едүк (196).
Есімшелердің басқа түрлері бағыныңқы компонент баяндауышы функциясында кездеспейді.
Шартты райлы сабақтас сөйлемдер
Бағыныңқы компонент баяндауышы қызметінде етістіктің шартты рай формалы түрі де кең қолданылған. Мұндай сабақтас сөйлемдер компоненттерінің бір-бірімен мағыналық қатынастары әр түрлі: олар бірде шарттылық мағынаны білдірсе, бірде мезгілдік мағынаны білдіреді. Мысалы:
Әгәр сен мұсылман болсаң, сені алар едім (11). Асфандияр қасына бармасақ, хиуада тұрған өзбекні қыра алмас (195). Ол өлсе яна бірісіні көтәрэрләр еді (25). Хұдай тағала мені ұятлы қылорға т і л е ме с е, сізге һэм ол ғажайып ішні көрсәтор (42). Баршасын тафсыла зәкір едүп хатқа язсақ, неше дәфтәрләр язарға тиішлі болор еді (52), Әгәр етфақ етмәй мұхолафат (ала ауыз, ауыз бірлік болмау) қылсаңыз, бір оқны нешүк сындыролар, сізні һәм шолай сындыролар (61). Әгәр барып Мәлік-Ашрафдин бізім дадымызны алұп б е р м ә с ә ң, қиямат күнінде сенің етдгіңде бізім қолұмыз болор (113).
Бұл келтірген мысалдағы сабақтас сөйлемдердің барлығы да шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемге жатады.
Бағыныңқы компонент баяндауышы болып тұрған шартты рай формалы етістік -да/-де шылауына тіркессе, бағыныңқы компонент басыңқы компонентпен қайшы мағынада айтылады. Мысалы:
Не шақлы мұсылман болыңыз діп айтсам да, қабыл қылмадылар (11). Ғараб-Мұхамед хан артындин қуып барып малны ва иесірні алып қ а л с а д а, даме қалмақның өзіні тұта алмады (179). Яқын отырған еллдрнің күчлісі бақынмаса да, күчсізі ва азрақы бірісі артындан бірісі келүп табығ болдылар (53). Халық иыл отырса д а, суға мұқтаж болмас еді (79). Бұ хатұн басқа хатұнларға не қыл са д а, аңа сөз айтмас еді (103).