Сөз таптарының сөйлем мүшесі болу және тіркесу касиеттері
Сөз таптарының синтаксистік қызметінде, басқа сөздер
мен тіркесу қабылетінде қазіргі әдеби тіліміз синтаксисінен
айта қаларлықтай ерекше өзгешеліктері жоқ. Қазірдегі сияқты тұлғалық құбылыстарына, сөйлемдегі орнына қарай зат
есім бірде бастауыш, бірде тұрлаусыз мүше; сын есім мен сан
есім, негізінде, анықтауыш мүше; үстеу пысықтауыш мүше
етістік баяндауыш мүше қызметінде қолданылған. Бірақ соған қарамастан олардың аталған синтаксистік қызметтерде
қолданылу дәрежесінде, басқа сөздермен синтаксистік байланыстарында қазіргі синтаксисіміздегіден бірсыпыра өзгешеліктері де жоқ емес. Ол өзгешеліктерді байқау үшін әр сөз табының синтаксистік қызметтері мен сөз тіркесін жасау қабылеттеріне жеке-жеке тоқталған жөн.
Зат есімнің зат есімге тіркесуі
Сөйлемдегі зат есімдер тіркесі, негізінде, олардың бір-бірімен тетелес, тіркес айтылулары арқылы жасалған. Мұндай
тіркестердің мағыналық және синтаксистік дербестіктері біркелкі емес: ондай тіркестер кейде өзара тығыз байланыста, бірлікте айтылып, сөйлемнің бір ғана күрделі мүшесі болып тұрса, кейде әрқайсысы өз алдына дара бір-бір мүше болып келеді.
Зат есімдердің бір-бірімен тіркесу тәсілі, негізінде, екі түрлі болып келген:
а) Атау тұлғалы зат есімдердің бір-біріне тіркесе, қабыса айтылуы арқылы: Мысалы:
қымыз сабасыны яба тұрған т ер і т о нның арасында яшұрұп алып қалдылар (34). Падшаһлық мүлік уа салтанат ғаламда заһар болды (30). С а р х а д хо р асонға ибәрді (85). Уалаят Тибетке (82).
Бір ескеретін нәрсе — анықтауыш болуға тиісті сөздің анықталушы болуға тиісті сөзден кейін келіп отыратындығы. Қазіргі әдеби тіліміз тұрғысынан алғанда мысалдағы сархад Хорасан, уалаят Тибет дегендер Хорасан сархад (шекарасы), Тибет уалаят (тибет елі, тибет халқы) болып айтылар еді. Мұндай тіркестер шежіреде жиі ұшырайды.
ә) Зат есімдердің бір-бірімен изафеттік қатынаста тұруы арқылы —Мысалы:
Уа бағзы ел ұлұғлары 0ңханныц хақында яман кеңәш қылып ерді (56). Бұлар с у бойынд а иығын (жиын) қылдылар (57). Тоңыз иылы атасыдин қалды, т оңы з иы л ы падшаһ болды, уа тақы тоңыз иылы офат тапды (60-бет). Хұдай тағала иер юзінде падшалық сәңә бергәй (61-бет). Шыңғысхан, падшаһлар падшаһы болдұң (62). Ол мемлекетнің ғ ад а т ы ол ерді. Найманның падшаһы Таян ханға мадад қылмасұн. Аға уа інісін иығып Шыңғысхан ұрұш қылорға Таянханның үстіне атланды (62). Ол қашып, Тұркстанның хакімі қара қытай Көрханға барды (63). Ол ғұлан ана сының сүтін еме башлады (20).