Сын есімді тіркестер

Сын есімді тіркестер

Сын есімдердің зат есімге тіркесуінде қазіргі әдеби тіліміз синтаксисіндегіден айтарлықтай өзгешелігі жоқ. Мұнда да сын есім атау тұлғада айтылып, зат есіммен тұрған орнына қарай қабыса байланысады, оның анықтауышы қызметін атқарады. Мысалы:

Жүмләт алқарыстан падшаһ хазратлары Барыс Федорович — ұлұғ, бик ақ хандұр (3). Ол яш ұғлан анасыға айтор (20). Карахан ұлұғ той қылды (22). Бірнеше күн анда балшықлы су іштіләр (42). Аның ұлұғ шаһары бар ерді (60). Шыңғысхан бұ иылларда өз ордасында келіп ұлұғ құрылтай қылды (66).

Шежіреде кездесетін сын есімдер келтірген мысалдағыдай әрдайым зат есімге ғана тіркесіп тұрмайды. Олар кейде етістікке тіркесіп келеді. Мұндай жағдайда ол не күрделі баяндауыш жасайды, немесе амал пысықтауышы функциясында тұрады. Мысалы:

Үғлан б иғ аят а у р у, с а хып жа ма л у а хұп с о р т л ы ғ болды (20). Соңғы келіндин бұ екі келін пә кз а л ыр ақ, көріклұкірәк тұрор (23). Ол бұл ішні ұлұғ көрді (21). Хатұн яшұрұн иман келтірді (20). Бір күн Оғұз  яшұрұн  ол қызға айды (21).

Мысалдың алдыңғы үш сөйлеміндегі сын есімдер (алдыңғы екі сөйлемде олар бірыңғай болып келген) болды, тұрор, керді деген көмекші етістіктерге тіркесіп, күрделі баяндауыш жасап тұрса кейінгі сөйлемдердегі  яшұрұн (жасырын) деген сын есімдер келтірді, айды деген етістіктерге тіркесіп, сын пысыктауышы болып тұр.

Бірақ барлық жағдайда да сын есім өзі тіркесетін сөзімен кабыса байланысып келген.

Қазіргі әдеби тіліміздегі сияқты сын есім кейде Үғлы б иік  бойлығ ерді. Ол аласа б о йл ы ғ ерді (83) деген тәрізді сын есімге де тіркесіп келеді. Бірак мұндай тіркес өте сирек кездеседі.

Сан есімді тіркестер

Шежіреде кездесетін сан есімдердің негізгі түрлері — есептік, реттік сандар мен болжалды сан. Бұл сандар не зат, бұйым есебін білдіру үшін, немесе мезгілдік есепті білдіру үшін ғана қолданылған.

Сан есімдердің өте көп және жиі кездесетін түрі — зат есіммен тіркесе айтылатындары. Мысалы:

Айналасы — а л т ы хан. төңірегі — төрт хан (3). Тақы екінші ағасы Көзханның қызын жаһат аңа алды (21). Иолын тосып, иолда с е л і з  ұглұн өлтірді, тоқұзыншы ұғлын таба алмадымер (34). Ол юз бегі, м ы ң бегі болды (72). Ол тө рт қордаға башлық ерді (72).

Айтылғандармен катар сан есімнің етістікпен тіркесетін түрі де кездеседі. Мысалы:

Үғлан бір яшады. Үғлан бір яшар ерді (20). Бұ шақта Шыңғысхан   и е т м і ш   ү шт е   ерді (68).

Кейбір сөйлемдерде сан есімнің септік формасында айтылып, етістікпен тіркесетіні де кездеседі: юзін өлтірді, м ыңға иеткәрді (жеткізді), екісіні қайтарды, Шыңғысхан е кі с ін  де алды (80), т. б.

Үшбу иолдан шықты (21). Тағ арасында бір ұғлан иығлар. Ш о л иердә ләшкәр башлығы болды һәм б ар ш а ұғланлары аның ләшкәр бггі болды (76). Анлар бұ уалаятқа келді (77).

Матасу негізінде тіркес жасайтын есімдіктердің көп кездесетін түрі жіктеу, сілтеу, өздік есімдіктері. Бұлар, көбінесе, зат есіммен, ара тұра есімшемен байланысады. Мысалы:

Анларның бегі Айбоқа ерді (77). Оғұз аны һәм дост тұтмады, аның қасына бармады. М енің сөзімні тынламады. Мен хұдайыны ешіткәнім иоқ, уа ләкін се н ің сөзіңдән шықмайын (22). Анларның айтқанын ешітті (24). Менің айтқанымны иеткіз (32). Һишбірісінің айтқанны тыңламады (75). Атасы Карахан өз ағасы Көрхандин туған ғаят хұп Сахып-Жамал қызы бар ерді (20—21). Шыңғысхан   өз   юртыға қайтты (63).

Мысалдағы бөліп көрсетілген есімдіктердің барлығы да өздерінен кейінгі зат есім, есімшелермен изафеттік қатынаста тіркескен. Бұлардағы ілік жалғауынсыз байланысып тұрған тек өздік есімдіктері. Бірақ олардың байланысы кейінгі сөздегі тәуелдік жалғауынан байқалып тұр.

Есімдік тіркестің меңгеріле байланысатын түрі септік жалғаулық есімдіктер мен етістік арасында   кездеседі. Мысалы:

Мен сенісоң дост тұтармын уа саңа (яуықлық) қылармын. Оғұз бұ себепдин мұң а ілтифат қылмады, ан ы дост тұтмады. А н д ин бұрұн һишкім ерсэ екі хатұнны ибэрмэс ерді (21). Мен анлар б и лә сұхбат қылмадым (21).

Еңбекте есімдіктердің соң, үшүн шылауларымен тіркесіп келетін (андин соң, аның үшүн, сенің үшүн, т. б.) түрі де кездеседі. Мұндай тіркестегілер белгілі бір етістіктерге жалғасып, оны пысықтап тұрады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *