«Сезімтал аффереттіқ нерв талшықтарына сергіткіш әсер ететін заттар».
Ішжүргізгіш заттар
Ішжүргізгіш заттар деп ішектің перистальтикасын күшейтіп және оның қыйдан босануын тездететін заттарды айтады.
Ішжүргізгіш заттар: 1) ішектің перистальтикасы баяулаған әрбір жағдайда; 2) ішек-қарыннан улы және басқа заттарды тез шығарып тастау керек болғанда, 3) ішекті дезинфекцияланғанда және оны дегильминтизацияланғанда және тиісті операция жасаудың алдында ішек-қарынды қыйдан тез босату үшін, 4) көз, мый және басқа органдар ауруға ұшыраған кезде олардан қанды басқа органдарға аударып қабыну процесін бәсеңдету үшін және 5) ісік сары суын бойға сіңіру үшін қолданылады.
Іш жүргізгіш заттар өздерінің әсеріне қарай: 1) нәжіс қый қоюлығы мен оның сыртқа шығу жылдамдығын өзгертпестен ішек жұмысын байрғы қалыпқа келтіретін Aperitiva; 2) нәжіс қоюлығын өзгертіп (сұйық немесе ботқа тәрізді қойыртпаққа айналдырып) және оның сыртқа шығуын жиілететін ішек перистальтикасын күшейтетін Laxantia яғни Purgantia; 3) нәжісті судай сұйылтып және оның сыртқа шығуын жиілетіп шаншу тигендей ішек перистальтикасын төтенше қатты күшейтетін Drastica топтарына бөлінеді. Кейбір ішжүргізгіш заттар қан тамырларын кеңейтіп ішек-қарынды гипермияға ұшыратады, сондықтан бұл жағдайда ол дәрілерді буаз малдарға тағайындағанда әркезде есте ұстау керек. Олар кейде ішек-қарынды түгелдей немесе оның бір бөлегін қабындырады.
Ішжүргізгіш заттар әсер тигізу механизміне қарай: 1) ішектің нерв аппаратын қоздыратын заттарға; 2) өзінің көлемімен әсер ететін тұзды ішжүргізгіш заттарға; 3) а) ішектің кілегей қабығын және б) ішектің тегіс еттерін тітіркендіретін заттарға бөлінеді.
Дәріс 11. « Қанға, жүрек-тамырларына әсер ететін заттар ».
Жүрек гликолидттер
Жүректік дәрілер қанға енгенде ылғый дерлік жүрек етіне және нерв жүйелеріне әсер етеді. Бұлардың тигізетін әсері нәтижесінде жүректің жұмыс істеуі жақсарады немесе белгілі қалыпқа келеді.
Арнаулы жүректік дәрілер ретінде жүрек гликозидтері қолданылады, олар организмде глюкозаға (гликон), яғни қантты әсерсіз бөлікке және қантсыз-әсерлі бөлікке (генин яғни агликон) жіктеледі. бұндай глюкозидтердің көпке белгілі дәрілері оймақ гүл (наперстянка) тобына жататын дәрілер.
Жүрек гликозидтерін барлық ткандер да сорып алады, бірақ 1 г.тканьге арнап есептегенде бәрінен гөрі жүректің көк етіне көп сіңеді, сондықтан да мұның тарапынан дәріден алынған әсер жақсы көрінеді.
Жүректік гликозидтердің әсері үш сатыға бөлінеді. Олар: терапиялық, уыттық және өлтіру сатылары. Жүректік гликозидтар терапиялық сатыда жүрек көк етінің жыйырылу қабілетін арттырады, оның жалпы жағдайын жақсартады, сондықтан да систола мықты және күшті болады, жүрек көк еттеріндегі n bagi орталығы және оның талшықтары қозудан барып диастола ұлғаяды. Мұның үстіне систоланың күштілігі диастоланы ұзартады, ал керісінше систоланың нашарлығы диастоланы қысқартады. Диастоланың ұзаруы, жүрек соғуының сиреуі жүрек көк етінің дем алуына көмектеседі. Диастоланың ұзаққа созылуы жүректің қанға барынша толуына, ал систоланың күшті болуы жүректен қанды толық кері шығаруға себеп болады, яғни жүрек бір жолғы жыйырылғанда кері соғып шығаратын қан көлемінің артуына алып келеді. Жүректік гликозидтердің әсер еткенде қанның минуттік көлемінің өзгеруі негізгі артериалдық және венолық қан қысымына тікелей байланысты болады.
Жүрекке осындай қолайлы әсер етудің нәтижесінде қан бөлініп, тарауы жақсарады, венолық іркілу жойылып, ісіктер қайтады. Жүрек кеңейгенде гликозидтер диастоланы азайтып, оны бір қалыпқа келтіретінін атап өту керек.
Екінші уыттық сатысы тек уландырғыш дозаларын қолданған жағдайда ғана байқалады. Ол жүрек көк етінің өте қатты қозуымен сыйпатталады, бұл клиникалық тұрғыда жүрек көк еті жыйырылуының жиіленуінен, демек соғу көлемінің кішіреюінен көрінеді. Қан тамырлары тарылғандықтан қан қысымы артады. Жүрек көк еттері жиі және күшті жыйырылғандықтан вагус аппаратының әсері байқалмайды.
Үшінші, өлтіру сатысы жүректің нервтік өткізгіш системасының импульс өткізгіштігінің бұзылғандығы салдарынан болатын аритимиямен сыйпатталады, пульсі жиілейді және үздік-создық болады, жүректің қарыншалары дірілдейді, қан қысымы төмендейді. Жүрек нерві мен көк етінің жұмысы толық бұзылғандықтан жүрек қарыншалары жүрек құлақшаларына қарағанда сирек жыйырылады, жүрек көк етінің күшті тонусы өзгеше сыйпатта жүрек тоқтауына келіп тіреледі. Жүректің қарыншасы жыйырылып құлақшалары созылады, ол қарыншаны бөрікше сыяқты жауып тұрады. Жүректің бұндай өзгеше тоқтауы тек көлбақада ғана емес жылықанды жануарларда да болады, жүректің бұндай тоқтауы ірі малды сойып қарағанда байқалмайды.