Микропроцессордың командалар жүйесi
Дәріс сабағының құрылымы:
1. Регистрлер туралы жалпы
2. Жалпыға қолданылатын регистрлер
3. Сегменттік регистрлер
4. Индекстік регистрлер
1. Бұл дәрістің мақсаты студенттердi х86 процессорларының архитектурасымен таныстыру, MS-DOS жүйесiнде жадыны ұйымдастыру туралы алғашқы мәлiметтер, сонымен қатар ассемблер тiлiмен алғашқы жұмыс iстеу тәсiлдерiн алу.
Intel процессорларының архитектурасы
CPU (Central Process Unit) деп аталатын микропроцессор программист үшiн 16 разрядты регистрлер құрамын көрсетедi. Регистрлер – бұл процессор микросхемасына интегралданған жадының ерекше ұяшықтары. Оларды үш қызметтiк топқа бөлуге болады:
2. Жалпыға қолданылатын қолданылатын:
• AX (Accumulator) – аккумулятор. Аоифметикалық операциялардың көпшiлiгi соның көмегiмен жүргiзiледi.
• BX (Base) – сегменттiң iшiнде мәлiметтредi адрестеудi жүргiзетiн регистр.
• CX (Counter) – есептегiш. Циклдарды ұйымдастыру үшiн қолданылады.
• DX (Data) – қосымша мәлiметтер регистрi. Кей кезде аккумуляторға қосымша ретiнде қолданылады.
Барлық жалпы қолданылатын регистрлер 16 биттi ретiнде (AX, BX, CX, DX) және сонымен қатар 8 биттi ретiнде (AH, AL, BH, BL, CH, CL, DH, DL) қарастырылады.
3. Сегменттiк регистрлер:
• CS (Code Segment) – код сегментiнiң регистрi.
• DS (Data Segment) – мәлiметтер сегментiнiң регистрi.
• SS (Stack Segment) – стек сегментiнiң регистрi.
• ES (Extra Segment) – қосымша сегментiнiң регистрi.
4. Индекстiк регистрлер:
• SP (Stack Pointer) – стектегi ағымдағы позицияны көрсеткiш
• BP (Base Pointer) – қосымша көрсеткiш
• SI (Source Index) – ақпарат көзiнiң индексi
• DI (Destination Index) – қабылдағыш индексi.
• IP (Instruction Pointer) – орындалатын программаның ағымдағы позицясын көрсету
Осы айтылғандардан басқа жалауша регистрлерi де бар.
Ұсынылатын әдебиет:
1. Негізгі
Юров В. Asstmbler. – Издательство «Питер», 2000.
Финогенов. Основы языка Ассемблера.
2. Қосымша:
Нортон. IBM.PC, 1991.