Келтірген мысалдардың алдыңғы тобындағы тері тон, падшаһлық м ү л і к деген тіркестер жалғаусыз қабыса байланысып, алдыңғысы соңғысын анықтап тұр. Мысалдың екінші тобындағы зат есімдер тіркесі бір-бірімен изафет арқылы байланысқан. Бірақ мұндағы изафеттік байланыстың өзі де екі түрлі: мысалдағы ел ұлұғлары, су бойында, тоңыз иылы, иер юзінде, падшаһлар падшаһы деген тіркестердің алдыңғы сөздеріндегі ілік жалғау айтылмай, бұлардағы изафеттік қатынас тіркестің соңғы сөздеріне жалғанған тәуелдік жалғау арқылы берілген. Ал, мемлекетнің ғадаты, Оңханның хақында, Найманның падшаһы (падшасы), Таянханның үстіне, Түркістанның хакімі, анасының сүтін деген тіркестердегі изафеттік қатынаста тұрған зат есімдердің алдыңғы сыңарлары ілік жалғауының ашық түрінде айтылған.
Сонымен, зат есім сөздер тіркесі негізінде, екі түрлі синтаксистік байланыста кездеседі: оның бірі — қабыса байланыс та, екіншісі изафет арқылы көрінетін матаса байланыс. Мұндай байланыстарда кездесетін зат есімдер тіркесі құрамындағы сөз саны екіден артпайды.
Шежіреде зат есімдердің бір-бірімен кейбір септік жалғаулар арқылы байланысатын тіркесі де кездеседі. Алдыңғысы кейінгінің толықтауышы я пысықтауышы болып келетін мұндай тіркестер онша көп емес және кез келген септік жалғауында айтыла да бермейді, дегенмен аз да болса кездеседі. Мұндай тіркестер, негізінде, етістіксіз сөйлемдерде, баяндауышы есім сөзден, немесе көмекші етістікке тіркескен есім сөзден болған сөйлемдерде кездеседі. Мысалы:
Құллықдин мү р ад ол тұрор (4). Ай кебі, күн кебі халыққа ярүқлүғың бар (6). Айдин мұрад барша ғалам ішінде жануарға ярұқлығы тигәр (5).
Біздің бұл айтқандарымыздың барлығы да зат есімнің зат есіммен тіркесуі жайында. Зат есімді тіркестің ең бір өнімді және өте жиі кездесетін түрі — зат есімнің етістікпен тіркесуі.
Талданып отырған еңбекте тұрлаусыз мүше функциясындағы зат есім етістікпен бір ғана синтаксистік қатынаста, меңгерілу негізіндегі қатынаста ғана тіркескен. Өйткені етістікке тіркесетін зат есімдердің барлығы да септік жалғауынын бірінде айтылған. Мысалы:
Шын көңілі билән Шыңғыс ханға ел болүп, күш берді (80). Бұрғыл ноянның орниға олтүрды (81). Шерікке (әскерге) бермес еді (82). Пәндәліккә Шыңғыс ханға келді (83).
Зат есімді тіркестің тағы бір түрі — оның көмекші етістікпен тіркесуі. Мұндай тіркес құрамындағы сөздер бір-бірінен жекеленбей сөйлемнің күрделі бір ғана мүшесі, негізінде, баяндауышы болып келеді. Шежіреде кездесетін баяндауыштың ең басым түрі де осындай зат есім мен көмекші етістік тіркесінен болған баяндауыштар.
Зат есімдер көмекші етістікпен тіркескенде ешбір жалғаусыз кабыса айтылып та, кейде септік жалғау арқылы да байланысады. Мысалы:
Өктәй хан Шыңғыс ханның үшүнші ұ ғ л ы е р д і. Өзіндин соң ол хан б о л д ы (111).