Зат алмасу  процесіне әсер ететін заттар.

Зат алмасу  процесіне әсер ететін заттар.

ВИТАМИНДІ ПРЕПАРАТТАР

 

         Организмнің дамуына және  оның бірқалыпты қызметінде витаминдердің зор маңызы бар. Олардың  біреуі дұрыс  өсуге қажет, екіншісі жыныс қызметін арттырады, үшіншісі  қандайда болсын аурулардың алдын алады.

         Қазіргі кезде витаминдар А,В,С,Д,Е,К деген  латин әріптерімен белгіленеді. Олар  таза  күйінде немесе препараттар түрінде  қолданылады. Олар суда және  майда  еритін витаминдер болып бөлінеді.

 

Витаминдердің жіктелуі

 

Әріп белгілері

Қызметіне сай аты

Химиялық аты

 

В1

В2

 

В3

 

С

 

 

 

А

 

Д

 

К

С у д а  е р и т і н  в и т а м и н д е р

Антиневритикалық витамин

Өсу витамині

 

Пеллаграға қарсы егеуқұйрық факторы

Пеллаграға қарсы (РР-факторы)

Қырқұлаққа қарсы (антискор буттық)

 

М а й д а   е р и т і н  в и т а м и н д е р

Антисерофтальмикалық витамин (көз ауруына қарсы)

Антирахиттық витамин (рахитке қарсы)

Антигемррагикалық витамин (қанталауға қарсы)

 

Аневрин, тиамин

Рибофлавин лактофлавин

Адермин, пиридоксин

Никотин қышқылы

Аскарин қышқылы

 

 

Аксерефтол

 

Кальциферол

 

Филлохинон

 

Витамин — А ның препараттары. Бұл витамин (аксерофтол) майда  еріп, суда ерімейді. Ол  организмнің дұрыс дамып жетілуіне және өсуіне қажет: ұрықтануға өсіп-өнуге жәрдемдеседі, организмнің  инфекцияға қарсылығын  арттырады, сәуле және түсті  сезуге, тері мен  кілегей қабықтың дұрыс қызметін істеуіне керек. Ол балық майында, сарымайда, сүтте, жұмыртқаның сарысында, қызыл сәбізде, көк шөпте, жақсы пішенде, сүрленген азықта болады. Өсімдіктерде  оның өзі тектес коратин деп  аталатын витамин кездеседі.

Витамин-А препараттарының белгілері: балық майы (витамин Д-ны қара), каротин, каротон, каротол, витадерм.

КаротолCarotolum, кристалл каротиннің тазаланған (рафинирован) майда  ерітілген 0,1 % ерітіндісі. Әрбір ампулада 0,001 каротин болады. Тері астына  жіберуге  тағайындалады.

Каротон-Carotonum. Көзге немесе мұрынға  күніне бірнеше рет тамызатын тамшы есебінде сыртқа  қолданылатын каротиннің суколлоидтық ерітіндісі. Оны 1 грамдық  ампула  немесе 5 мл шишадан  тағайындайды.

Витадерм-Vitadermum, каротиннің  майлы ерітіндісі, бетанфтол және  эвколиптық май  қосылған  парафинның сүртпе майы. Сыртқа қолданады: қолдану алдында 5-6 минут 100° ке дейін қыздырады. Балқыған майда мақтадан жасалған кішкентай ормалмен немесе дәкі салфеткасымен немесе бүріккіш арқылы зақымдалған жерге  жағады.

Витамин — В ның препараттары. Витамин – В деп  бір витаминді ғана емес,  бүтін комплексті  түсіну керек, оның құрамына онбір  компонент кіреді, оларды В1 В2  т.с. әріптермен белгілейді,  бұлардың бәріде суда ериді және өсімдік азықта, негізінен астық тұқымдас азықтың дән қабығында (бидайдың, күріштің, арпаның, сұлының т.б) ашытқыда, баданада, капустада, картопта, помидорда  жеткілікті мөлшерде болады.

Витамин В1 яғни тиамин, көмір  сутегі белок және  май  алмасу үшін, жүректің бірқалыпты жұмыс істеуі үшін, нерв  системасын қоздыру процесы үшін, сүт бірқалыпты  шығу ішін қажет.

Витамин В2 (рибофлабин) Ribovlavinum. Сарғыштау келген ұнтақ кристалл, жарықтың және  сілтінің әсерінен бұзылады.

Витамин В(пиридоксин) Piridoxynum. Кристалл дәрі. Жоғарғы температураға және оттегіне берік келеді, өте күлгін сәуледен тез бұзылады.

Пиридоксин дәнді ұрықта, бауырда және  ашытқыда көп болады.

Никотин қышқылы (пеллагреге қарсы РР факторы)- Acidum nicotinicum. Ақ кристалл ұнтақ, суық суда 1:70 бөлікте, ыстық суда 1:15 бөлікте  ериді, спирт пен эфирде жақсы ериды.

Натрий никотины-Natrium nicotinicum. Никотин қышқылы сыяқты қолданылады жанама әсері жоқ. Натрий никотинының 1% ерітіндісін дайындау үшін 0,86 никотин қышқылын алып  белгі салынған ыдыстың (100 мл дейінгі) түбіне себеді, аз мөлшерде су қосып ерітеді, содан кейін сол  жерде 0,53 натрий карбонатын қосып,  белгіленген жерге дейін су құйады.

ВитаминС препараты (аскарбин қышқылы)- Acidum ascorbinicum. Бұл қырғұлаққа қарсы әсер  ететін суда  ерігіш витамин. Оның  мал азығында немесе адам  тамағында  аз не жоқ болуы қырғұлақ  ауруына  ұшыратады. Витамин –С көк шөпте, пішенде, сүрленген шөпте, жемістамырлы өсімдіктерде, помидорда, итмұрында, қарақатта, қарағай және шырша  қалқандарында, жас етте, капустада, т.б. болады. Бұл витамин  тұрақсыз  тамақты пісіргенде жоғалады.

Витамин Д препараттары (рахитке-мешелге қарсы витамин). Витамин Д (кальциферол)-майда ериді, суда  ерімейді. Азықта  оның жоқ болуы  организмнің кальцийді және фосфорды сіңіруін бұзуға, сүйек  тканьдарының қатаюына әкеп соғады: төлде жиі кездесетін рахитке ұқсас ауру болады. Витамин Д қандағы кальций мен  фосфордың процентін көбейтеді және  олардың ішек арқылы сіңіп, сүйекке жыйналуына көрсетеді. Ол эргостеролдың туындысы. Эргостеролды ультрофиолеттеу (өтекүлгін сәуле кварц шамымен) оны әсерлі, сіңгіш етеді. Витамин Д күнде кепкен пішінде, тресканың майында (балық майында), сүтте, капустада, т.б. болады.

Препараттары. Балық майы-Oleum iecoris Aselli. Витамин Д-ның басты препараты, треска  балығының бауыр майынан  алынады, онда  витамин Д-дан басқа,  жоғарыда көрсетілгендей витамин А-да бар. Бұл, сарғыштау, мөлдір, өзіне тән иісі бар май. Организмде балық майы тез  сабынданып, сіңеді.

Витаминол- Vitaminolum. Вигантолдың бір түрі, Витамин Д-ның концентрацияланған ерітіндісі. Төл рахит  болғанда ішке қолданылады.

Витамин Е препараттары (токоферол). Витамин Е бидайдың ұрығында, барлық өсімдіктің жасыл  жұмыртқаның саруызында, шошқа  майында, сүтте және майда  болады, плацентте (шаранада) және гипофизде көп  ұшырайды.

Витамин – К  препараттары (филлохинон). Бұл майда еритін витамин көбіне, негізінен алғанда беде де  болады. Ол қанның ұюын тездетіп,  қан ағуды тоқтатады. Организмге  ол ішек арқылы, егерде  міндетті түрде өт болса ғана  сіңеді. Витамин К  паренхиматозда, атап  айтқанда,  жатырдан қан ағуда, операциядан кейін, қанағыш өлі еттерге,  жәй жетілетін  жараларға,  байыр ауруларына  әсерр ету үшін қолданады.

Препараттары: 1. Табиғи витамин К  өсімдіктен алынады.

  1. Синтездік препараттары. М е т и н о н-Methynonum. Көкшілсары, өткір иісті және қуырғыш дәмі бар ұнтақ. Жалпы алғанда суда ерімейді. Жарықтан бұзылады,  сондықтан да жақсы тығындалған ыдыста қараңғы және құрғақ жерде сақтаған жөн. Препаратты қолдану алдында өсімдік майында, не 90° спиртте ерітеді. Спирттік ерітіндіні ішке қолданады. Метинон да 1 грамдық ампулада шығарылады, мұнда ол 5 мл метинон болады. Көк еттің  ішіне жіберуге тағайындалады.

В и к а з о л-Vicasolum Берік, ащы дәмді, иіссіз, суда еритін ұнтақ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *