1.1. Интерфейс – бұл ақпаратты кескіндеу түрі және машина мен адам арасында диалог жүргізу.
1.2. Қолданушы интерфейсі- қолданушының компьютермен байланысын жүргізетін программалық және аппараттық жабдықтар жиынтығы.
1.3. Диалог дегеніміз ақиқат уақыт масштабында жүргізілетін және нақты бір есепті шешуге бағытталған адам мен компьютер арасындағы ақпарат алмасу.
1.4. Хабарлама- ақпарат алмасуға қатысатын ақпарат бөлігі.
1.5. Формалар- қолданушы интерфейсін құрастырушы блоктар.
1.6. Процедуралық негізделген интерфейстер- «процедура» және «операция» ұғымдарына негізделген қолданушымен әсерлесудің моделі.
1.7. Нысандық негізделген интерфейстер- белгілі-бір облыстағы нысандарды басқаруға арналған.
1.8. Примитивті интерфейс деп қолдануышмен консольдық режимде қарым-қатынас жүргізуді айтады.
1.9. Ақпараттық терезе- бұл екі түрде болады: хабарлама терезесі және көмек терезесі.
1.10. Пиктограмма дегеніміз онымен байланысқан буфер мазмұнын көрсететін графикалық кескіні бар кішкене терезе.
1.11. Метафора – бірінщіге ұқсас түрде, бірінщі нысанның қасиетін басқаға ойша түрде тасымалдау.
1.12. Нысан-Мәліметтер қолданушыны ақпаратпен жабдықтайды.
1.13. Кестелер- мәліметтерді тұрақты сақтауға аранлған.
1.14. Сұраулар- ары қарай өңдеу үшін белгілі-бір шаблон бойынша кестеден мәліметтер шақыру.
1.15. Формалар- мәліметтерді ыңғайлы түрде кіргізу және қарау үшін.
1.16. Сигнал- ақпаратты беруге арналған физикалық процесс