Ассемблер программасының құрылымы
Дәріс сабағының құрылымы:
1. Ассемблер синтезі
2. Айнымалыларды сипаттау
3. Айнымалыларды сипаттау синтезі
1. Ассемблер синтаксисi дегенiмiз бұл командалар мен операндтардың белгiлi-бiр синтаксистiк ережеге бағынуы. Ассембелер тiлiнде программалау кезiнде жадыны адрестеу тәсiлдерi, массивтер, айнымалылар қолданылады.
2. Айнымалыларды сипаттау
Турбо Ассемблерде айнымалыларды сипаттау үшiн арнайы идентифиаторлар қолданылады:Оларға:
• DB (Dimension Byte) –1 байт өлшемдi айнымалыны сипаттау.
• DW (Dimension Word) – 2 байт өлшемдi айнымалыны сипаттау. (машиналық сөз)
• DD (Dimension Double word) – 4 байт өлшемдi айнымалыны сипаттау. (екiлiк сөз)
• DQ (Dimension Quadruple word) — 8 байт өлшемдi айнымалыны сипаттау. (4 сөз)
3. Айнымалыны сипатау синтаксисi:
Айнымалы аты тип бастапқы мән
Мұндағы, бастапқы мән- осы типке беруге болатын кез-келген сан. Санды жазу ондық, он алтылық, сегiздiк, екiлiк форматта, алдына есептеу жүйесiнiң әрпi қойылу арқылы жазылады:
• d (Decimal) – ондық сан. Мысалы 034d саны 34 санын бiлдiредi.
• h (Hex) – он алтылық сан. Мысалы: 3е5ah, 0ac44h, 0f0h.
• o (Octal) – сегiздiк сан. Құрамына 0,1,2,3,4,5,6,7 осы сандар кiредi.
• b (Binary) – екiлiк сан. Құрамына 0 және 1 сандары кiредi.
Ұсынылатын әдебиет:
1. Негізгі
Юров В. Asstmbler. – Издательство «Питер», 2000.
Финогенов. Основы языка Ассемблера.
2. Қосымша:
Нортон. IBM.PC, 1991.