Өздік есімдігі

Өздік есімдігі деп аталып жүрген топқа жататын бір ғана өз сөзі екені белгілі. Зерттеушілердін қайсысы да өз сөзі о баста «сущность, самость», яғни, «бүтін, түгел бәрі, негізі» дейтін мән берген дейтін пікірге ойысады. Сонда өз сезінің тәуелдіктің III жағында айтылуы кейін пайда болған құбылыс деп танылуға тиіс. Көне түркілік ескерткіштердің кейбірінде бұл сөздің айтылып отырған мәнде және тәуелдік жалғауынсыз қолданылуы ұшырасады. Өз ынча кергек болмыш (ҚБ). «Өмір де өзінше аяқталды». Қазақ тіліндегі өз-өзінен (сөйледі), өзі-өз болғалы, өзді-өзі, өз бетімен (бетінше), өз басы тәрізді тіркестер құрамынан да өз сөзінің алғашқы мәнін де, тұлғалық ерекшелігін де (өзі-ез болғалы, өз-өзінен) байқауға болады. Өзі-өз болғалы, өз-өзімен тіркестері құрамындағы қосымшасыз өз сөзі есімдіктен гөрі зат есім мағынасына жуық. Бұл фактілер түркологияда кең таралған пікірдің дұрыстығын дәлелдей түседі. Өз сөзі даму барысында тәуелдіктің III жағында есімдік есебінде қалыптасумен бірге, басқа да сөздерге негіз болған. Қазіргі тіліміздегі өзек (өз-ек), өзге (әз-ге), өзгеше // ез-ге-ше/, өзінше (ез-ін-ше) сездері осы түбірден тараған.

         Есімдіктердің қалыптасу тарихы жайында әңгіме қозғағанда тоқталуды қажет ететін жайдың бірі — есімдіктердің септелу ерекшеліктері. Қазіргі түркі тілдерін есімдіктердің септелу ыңғайында салыстырып қарасақ, біркелкі болмайтынын кереміз. Бұндай әркелкілік әсіресе барыс жалғауының тұлғасына катысты. Кейбір тілдер фактілерін байқап көрейік: башқүрт — миң-ә, татар — миң-а, ноғай — ма-ға, қазақ — ма-ған. Барыс септікте есімдіктер септелуінің қазіргі түркі тілдерінде ұшырасатын үш түрі (1. -э, -а, 2. -ға, 3. -ған) осы келтірілген тілдер фактілерімен айқындалады. Ноғай тілінің ерекшелігі ма-ға, са-ға есімдіктің байырғы түбіріне (ма, са) барыс септіктің біршама «жаңа» косымшасының жалғануы, яғни, жалпы есімдер тобына тән септелу үлгісімен ыңғайласуы болса керек (атқа, жерге, кекке, т. б.). Екінші жағынан, ноғай тілі бұл жерде түбір ыңғайында қазақ тілімен жақындасады. Салыстыр: ма-ға, ма-ған, ал басқа септіктерде ме, се (мен, сен) жіңішке. Басқа тілдерде түгелге жақын жіктеу есімдіктері барлық септік жалғауларында біркелкі айтылады. Қазіргі түркі тілдерінде ұшырасатын есімдіктер септелуінің осы үш түрі де көне түркілік жазбаларда бар. VII—VIII ғ. жазбаларында маңа, саңа. Әрине, -а, -е тұлғалары, әдетте айтылып жүргендей, оңтүстік тілдерінің үлесіне тиеді .де, -ға, -ге тұлғалары солтүстік-батыс түркі тілдерінің ерекшелігі болып қалады. Алайда, осы жерде қазак тіліндегі -ған жалғауының пайда болуын қалай түсіндіру мүмкін дейтін заңды сұрақ туады. Өйткені түркі тілдерінің бірде-бірінде, ежелгі түркі жазбаларында барыс септіктің мұндай қосымшасы кездеспейді. Бұл жайында түркологияда осы уақытқа дейін әр қилы пікірлер айтылып келеді. Э.В.Севортян -ған тұлғасын екі түрлі элементтен пайда болған деп қарайды: -ға-н. Соңғы -н, Севортянның ойынша, айрықша қолданылған ескі көлемдік септіктің қалдығы болса керек және ол мен, сен есімдіктерінің құрамындағы осындай элементпен бірдей. Ф. Г. Исхаков бұл тұлға туралы былай деп жазады: «возможно, по нашему, три варианта объяснений: 1) -ған -ғар, 2) оған «ему» — онға: ниғ путем метатезы поменялись местами, 3) оған «ему» оға оғар». Бұл жерде айта кететін бір жай, -ғар тұлғасы ортағасырлық ескерткіштердің біразында-ақ ұшырайды. Соған қарағанда, бұл тұлға көне түркілік -ғару (мұның езі -ға және элементтерінен құралғандығы айқын) тұлғасының қысқарған түрі болу керек. Алайда -ған тұлғасы -ғар-дың дамыған түрі немесе ол н және ғ дыбыстарының орын алмасуының нәтижесінде пайда болуы да ықтимал. Ортағасырлық жазбалар тілінде аңа, аңғар, аңңар тәрізді үш түрлі вариантта айтылған. Алайда онда да -ған тұлғасы әсте ұшыраспайды. Мен, сен есімдіктері барыс тұлғасындағы жеке күйінде де, басқа септік тұлғаларында да дауысты дыбыспен, яғни, жуан айтылуымен, екі-ақ дыбыстан (ма, са) тұратындығымен назар аудартады. Мұндай өзгерісті, ең алдымен, ежелгі кездегі осы есімдіктердің сипатымен байланысты қарастыру орынды. VII—VIII ғасыр жазбаларында арагідік болса да барыс тұлғасының мана, бана, сана түрінде, яғни, түбірдің жуан айтылуы ұшырасады. Оның бер жағында, қазіргі түркі тілдерінің кейбірінде қазірде де жуан дауыстылармен айтылу фактісі бар. Осыған қарағанда, қазіргі қазақ тілінде барыс тұлғасының ма-ған, са-ған түрінде, жуан дауыстымен келуін ескіліктің қалдығы деп қарау орынды.

         сімдіктер септелуінің бір ерекшелігі — ілік тұлғасында кездеседі. Түбір мен қосымшаның жігін ажыратқанда, ілік септік жалғауының -ның әлде -ың екендігін анық айта қою қиын. Өйткені есімдіктердің түбір күйі мен, сен, ол, т. б. деп айтылады. Сонда менің, сенің септелген есімдіктерінің түбірі — мен, сен бе, әлде ме, се ме, екінші сөзбен, ілік жалғауы бұл жерде -ның ба, әлде -ың ба дейтін сұрақ туады. Бұл сұраққа  жауап   беруде  түркологтардың арасында бір ізділік жоқ. Мысалы, Ф. Г. Исхаков менің дегенде ілік жалғауы -ің, яғни, септелудің оңтүстік тілдерге тән түрін сақтаған деп қараса, бірсыпыра зерттеушілер, әсіресе, қазақ тілі мамандары, түбірдің соңғы дыбысы мен қосымшаның басқы дыбысы -н-нің қабаттасуынан барып редукцияға ұшыраудан менің түрі қалыптасқан деп қарайды. Кейбір зерттеушілер түбірдің соңғы дыбысы болып табылатын — қосымшаның құрамына ауысқан деп те есептейді. Ілік септіктің есімдіктер жүйесінде ұшырасатын мұндай ерекшелігін түсіну үшін қазақ тілінің мына фактілеріне көз жүгірту орынды: менің, сенің, оның, бұның, соның, осының. Осылардың ішінде солтүстік түркі тілдеріне тән ілік септіктің толық түрі тек қана осы есімдігі септелгенде кездеседі. Басқаларының бәрінде де ілік жалғауының оңтүстік тілдерге тән түрі айтылады. Енді көне жазбалар тілінің фактілеріне жүгінсек, оларда мынадай жарыспалы тұлғаларды ұшыратамыз. X—XIII ғасыр ескерткіштерінде бенің, менің, меннің, сенің, сеннің. Бірақ Орхон-Енисей жазбаларында осы параллельдердің тек «оңтүстік» түрі ғана ұшырасады да, «солтүстік» түрі, яғни, толық түрі кездеспейді. Сонымен, ежелгі түркі ескерткіштері тілін хронологиялық жүйемен қарастырғанда -ның соңғы кезде пайда болса керек.

         Есімдіктердің шығыс септік тұлғасының менен, сенен түрінде, яғни, қосымшаның басқы дыбысынсыз айтылуы элизия құбылысының әсерінен болуы мүмкін. Ежелгі ескерткіштер тілінде сендін, сентін, сеніңден, сеніңтен түрінде ұшырасады. «Кодекс куманикусте» сенден, менден тұлғасында да кездеседі. Бұған қарағанда, қазіргі қазақ тіліндегі сенен, менен тұлғалары қосымшаның басқы н(д) дыбысының түсіп қалуының нәтижесі.

         Есімдіктердің табыс тұлғасында да н-сіз айтылуын редукция әсерінен деп ойлауға болар еді. Оған мынадай дәлел бар: «Кодекс куманикусте» сеніңні тұлғасы кездеседі. Осы аналогия жолымен меніңні, оныңны тұлғалары да қолданыс тапқан деуге әбден негіз бар. Оған тағы бір себеп: септік тұлғаларының қайсысы да ілік жалғау үстіне қабаттала айтылуы түркі тілдерінің құрылысына әсте жат емес. Сондықтан «Кодекс куманикус» фактісін соның бір ұшқыны деп есептеуге болады. Олай болса, екпін түспейтін буынның редукцияға ұшырауының нәтижесінде сені қалыптасқан: се-ніңні сені.

         Сонымен, қазіргі қазақ тіліндегі есімдіктер жүйесі өз бойына тілдің өте ескі кезіндегі қалпы мен кейін пайда болған жаңа құбылыстарын түгелдей сиғызған категория. Есімдіктердің бұндай ерекшеліктері олардың түбір қалпынан да, септелу парадигмасынан да айқын көрінеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *