Әлемдік тілдер.
1.Әр ғасырда даму кажеттілігінен туған ұлтаралық тілдердің даму қажеттілігі.
2. Волапюк, эсперанто ұғымы.
3. Жасанды тілдер немесе эсперанто тілі
Қоғамның, ғылым мен техниканың, халықтар қатынасының дамуы түрлі халықаралық кеңестердің, ұйымдардың, информацияның молаюы әлемдік тілдің болуын қай замандардағыдан да молырақ қажет етуде.
Қазіргі заманда кейбір ұлтаралық тілдердің бір мемлекет шеңберінде қалмай, дүние жүзінің түрлі аймақтарына таралу фактілері бар.Мұндай тілдер қоғам дамуының барлық дәуірінде бірдей болған емес, тіл қызметінің әлемдік дәрежеге көтерілуі ол тілдің иесі болып табылатын халықтың халықаралық қатынастардағы салмағына, орнына, ғылыми, мәдени, шаруашылық өрісіне байланысты болады.Антикалық Еуропада латын тілінің бүкіл Еуропа халықтарына канондық тіл болғаны сияқты, араб тілі де ислам діні тараған аудандар үшін канондық тіл болған, 17-18 ғасырларда жер шарының әр түрлі аймақтарына кең тараған испан, француз, неміс тілдері болса, 19 ғасырда мұндай дәрежеге ағылшын тілі, 20 ғасырда орыс тілі көтеріліп отыр. Солардың ішіндегі ең елеулісі — волапюк, эсперанто деп аталатындар.Мұның алғашқысы — әлемдік тіл деген мағынаны білдіретін ағылшынның вола, пюк деген екі сөзінің бірігуінен жасалған.Бұл жобаны 1880 жылы неміс католигі Шлейер жасаған.Кейбір әдебиеттерде бұл жасанды тілді 200 мыңдай адам қолданған дегенді айтады.Бірақ волапюк өріс ала алған жоқ. Жасанды тілдер ішінде көптеген елдерде тарап, кең етек алған қазіргі түрі эсперанто деп аталады. Эсперанто 19 ғасырдың екінші жартысынан бері қарай белгілі болып келеді.Оны қалыптастырушы және оған осы атауды беруші – поляк дәрігері Заменгоф.
Дәрісті қорытындылау:
1. Әр ғасырда даму кажеттілігінен туған ұлтаралық тілдердің даму қажеттілігі.
2. Қазіргі заманда кейбір ұлтаралық тілдердің бір мемлекет шеңберінде қалмай, дүние жүзінің түрлі аймақтарына таралу фактілері бар.
Бақылау сұрақтары:
1. Әлемдік тілдер туралы қандай мәліметтер бар?
2. Жасанды тілдер дегеніміз не?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. А. 1985
2.Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. Алматы,2000
3.Қордабаев Т.Р Жалпы тіл білімі А,1975 және 1981,1999ж
4. Аханов К. Тіл білімдерінің негіздері. А., 1973, 1977, 1993
5. Қордабаев Т. Тілдің структуралық элементтері. А.,1975
6. Хасенов Ә. Тіл білімі А., 1996