ҚӨКТЕМГІ АҢ ТЕРІЛЕРІ

ҚӨКТЕМГІ АҢ ТЕРІЛЕРІ

Көктемгі аң терілеріне қыс айларында аулануы киын немесе аулануы мүмкін емес жануарлар жатады, өйткені олар қысқы үйқыға жатады. (суыр, сарышұнақ) немесе терең ініне кетеді (көртышқан). Суыр мен көртышқанды көктемде аулауға тиым салынған, себебі бүл кезде олар күшіктейді. Көртышқанды аулау жазда басталып, қар түскенде аяқталады, Суырды күзде, терісі түлеп біткенде аулайды.

Қысқы үйқыға жататын жануарлардың барлығына тән ерекшелік — олар жылына бір рет түлейді.

Суыр мен тарбаған терілері

Суырлар жазық далада мекендейтін суырлардың өзінен және биік таулы шалғында мекендейтін тарбағандардан түрады. Біздің елде суырдың екі түрі —суырбайбақ (дала суыры) және забайкалье суыры; тарбағанның төрт түрі (ферғаналық, алтайлық, камчаткалық, таластық) мекендейді.

Суыр терісінен тарбаған терісінің ерекшелігі жүні едәуір өскелең, үлпілдек, түбітінен едәуір ұзарып өскен кылшығы жақсы жетілген. Қылшығының үзындығы 4 см-ге жуық.

Байбак суыр Россияның Европалық бөлігінің оңтүстк аудандарының далаларында, Солтүстік Қазақстанда мекендейді. _ Забайкалье суыры Оңтүстік Забайкалье далаларында кездеседі. Бұл суырлардың терісі жұмсак, тығыз, бірақ қылшығы қысқа, ол түбіттен сәл ғана жоғары шығады. Байбақ суыр терісінің түсі сарғыштау, қара-қоңыр «вуалы;» шамалы білінеді, жотасына қарағанда бүйір жүндері біршама ақшылдау бауыр жүні ақшыл-сары. Басы қоңырқай, жотасы, құйрығы сарғыштау.

Жылына суыр мен тарбаған терілері 250—300 мың данадай дайындалады. Терінің көпшілік белігі Қазақстан мен Қырғзыстан, Чита облысынан. Алтай өлкесінен, Тувадан әкелінеді. Суыр мен тарбаған терілері бауырынан тік кесіліп сыдырып алынады, терінің барлық бөліктері сақталуы, майынан жақсылап тазартылуы, керілуі, құрғақтай жазып консервіленуі тиіс.

Мех өнеркәсібі суыр мен тарбаған терілерін табиғи және боялған түрінде шығарады. Терісі көбінесе қара немесе қызыл-қоңыр түске бояп, қаракүзен немесе бұлғын түсіне келтіреді. Суыр мен тарбағанның иленген терісінің орташа аумағы 8—9 дм 2 , 3-тен 18 дм 2 дейін ауытқиды. Иленген терінің салмз-ғы 140 г.

Суыр терісі жүнінің өскелеңдігі орташа терінің әр жеріндегі жүннің ұзындығы түрліше. Жүнінің қоюлығы онша емес, тері аумағы бойынша да әркелкі. Жүнінің ең қою өсетіні санында, ең сирегі бауырында. Суыр жүні ерекше жылтыр, серпімді, кейде қатқыл келеді, тозуға беріктігінің орташа керсеткіші шамамен камшат терісінің 30 %-індей. Тері ткані тығыз, ірі теріде қалың (орташа қалыңдығы 0,8 мм, ауытқуы 0,7-ден 1 мм-ге дейін). Терінің созылуға беріктігінің шегі 2,3—2,6 кг с/мм. Суыр мен тарбаған терісінің шикізатын ГОСТ 11162-65, &і иленген теріні ГОСТ 11615-65 бойынша сорттайды, Оларды 4 кестеде келтірілгендей түрлерге бөледі.

Кесте 4

Суыр мен тарбаған терілерінің шикізатының және табиғи шала өнімнің бөлінуі

Түрлері
Жүн талшығының ұзындығы
Жүннің қоюлығы
Жүннің жұмсақтығы
Жота жүнінің түсі

Ортаазиялық

Ферғаналық
Онша ұзын емес

ұзын
Қою

Қылшығы сирек
Қатқылдау

қатқыл
Ақшыл-сұр сарғыштау


Боялған терілер екі топқа бөлінеді: жұмсақ жүнділер — талшығы

қою, жұмсақ, жылтыр, жібектей және қатқыл жүнділер — талшығы сиректеу, қылшығы қатқыл.

Тері шикізат күйінде үш өлшемдік категорияға белінеді. Иленген теріні 4-кестеде келтірілген талапқа сәйкес мөлшері бойынша алты топқа бөледі, :

Иленген терілер үш сортка бөлінеді. I сортқа жүні толық жетілген, қылшығы біркелкі, бүкіл аумағындағы түбіті қою терілер; II сортқа — жүні онша еспеген, әсіресе сан жүні жетілмеген, басында көктемгі жабағы жүні болатын терілер, III сортка — жүні жартылай өскен, қылшығы қысқа, түбіті сирек (әсіресе мойнында), түлемеген талшықтары қалған терілер жатады.

Иленбеген тері ақаулары — тесілу, жыртылу, ұйпалақтану, қырқылу, қалжалу, тері бөліктерінің жетіспеуі. Иленген теріде-гі ақаулардың аз-көптігіне және аумағына қарай қалыпты және ақаулы (А, Б және В топтары) деп бөледі.

Зорман терісі

Зорман немесе сарышұнақ — біздің. елде тараған осы түрдің ең ірісі. Зорман терісі тақыр (2 см-ден аспайды), жүні он-ша қою емес, бауыр және шап жүлндері өте сирек, жота жүні онша қою емес, бауыр және шап жүндері өте сирек, жота жүні қою, бірақ бүйір жүндерінен қысқа.

Түсі бірыңғай сұрғылт-сары, жотасында едәуір , қоңырқай, оның ұшындағы жабын талшығы кара түсті. Бүйір жүні ақшылдау, бауыры— сұрғылт-сары түсті.

Зорман оңтүстік Заволжьеде, Қазақстанның оңтүстігі мен батысында және Орта Азия жазығында мекендейді.

Зорманның ең сапалы мехтық терісі Ақтөбе даласынан, сонымен шектесетін Қостанай жәнс Қарағанды облыстарынан алынады.

Зорманның қыргыздық түрі де болады. Ол жүнінің біршама қоюлығымен, әрі жұмсақтығымен, сұрғылттау түсімен, жота-сындағы коңырқай қылшығымен ерекшеленеді, Оңтүстік Заволжьедегі зорман терісінің жүні онша қою емес, жүні біршама қысқалау, түсі ақшылдау, сарғыш реңі басым, жота қылшығы қоңыр.

Орта Азия мен оңтүстік Қазақстанның жазығы мен тау етегі аудандарынан өндірілетін зорман терісі (ортаазиялық зорман) сапасының өте төменділігімен ерекшеленеді. Терісі шағын, жүні сирек, түсі сарғыш, қылшығы қара түсті.

Зорман терісінің экономикалык мәні өте зор. Қазіргі кезде негізінен Қазақстаннан 500—700 мыңдай тері дайындалады.

Зорманды ерте көктемде, қысқы ұйкысынан оянғаннан бас-тап түлеуі басталғанға дейін аулайды. Ерте көктемдегі зорман терісінің күзгі түлеген терісінен айырмашылығы жок, тек майы болмайды. Терісін құрсағынан тік тіліп сыпырады, мұқият май-сыздандырады, лас пен қанынан тазартады. Теріні ұзынынан керіп жаяды, мұндайда енінің ұзындығына қатынасы 1:1 болуы тиіс және құрғақтай қаттап консервілейді. Терінің көпшілігі кы-зылқоңыр түске боялады (қаракүзен түсіне келтіреді).

Иленген зорман терісін сорттайды. Теріні мөлшеріне карай үш топқа бөледі: ірі—аумағы 350 см астам, орташа — аумағы 250-де.н 350 см 2 дейін және ұсак—аумағы 172-теи 250 см дейін,

Жүн талшығының жетілу дәрежесіне қарай екі сортқа бөлінеді. I сортқа — букіл аумағында жүні қою және біртегіс келетін терілер, II сортқа — жүні сирек, тықыр терілер жатады.

Зорманның иленбеген терісіндегі ақау түрлері суырдікімен бірдей. Теріні а-қау дәрежесіне қарай қалыпты, ақауы орташа және көп деп беледі.

Жүні түлей бастаған, жаңа талшықтары өсе бастаған, тері ткані қоңырқай, майлы, сондай-ақ жаңадан түбіттене бастаған теріні алуға және қабылдауға болмайды. Сондай-ақ әлі түлеп бітпеген, тері ткані қалың әрі майлы терілерді де өндіруге жә-не қабылдаүға тиым салынады.

Зорманның иленген терісің сорттайды. Тері жүнінің сипаты мен сапасына карай екі категорияға бөледі- I—жүні жұмсақ, өскелең терілер; II—жүні қатқылдау, қысқа терілер.

Зорман терісін мөлшеріне қарай үш категорияға бөледі (5-кесте)


Кесте 5

Зорман терісін әр түрлі категорияға бөлу

Тері мөлшері
Табиғи
Боялған

Ірі
320-дан астам
300-ден астам

Орташа
220-дан 320-ға дейін
200-ден 300-ге дейін

Ұсақ
150-ден 220-ға дейін
150-ден 200-ге дейін

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *