«Қайшылау» тәсілімен ұзындыққа секіру тәсілі
Бұл секірілу жүгіріп келуден итерілуге ауысуда және ұшу жағдайындағы қозғалыста адымдау қадамының құрылымын үйлестіру есебінен неғұрлым тиімді. «Қайшылау» аты қозғалыс сипатын толық бере алмайды. Ұшу кезінде тіктелген аяқпен бір – біріне қарама – қарсы қозғалыс болмайды. Секіру кезінде аяқтар 2 (қарағанда) 3 адымдау жағдайындағыдай бірақ неғұрлым еркін және серпілмелі қозғалыс жасайды. Сондыұтан бұл тәсілді «ауадан жүгіру» деп атайды.
Содан кейін сол аяқ серпілетін өте бүгілген жағдайда жоғары артқа қарай жіберіліп, жерге түсер алдында түзетіліп, итерілетін аяққа қосылады.
Аяқ алға қарай жіберілгенде дене алға қарай енкейеді.
Адымдап келіп ұшқаннан кейін қолдар жоғары көтеріліп, әр түрлі шеңберлі қозғалыстар арқылы теңдіктер сақтайды. Серпірілген аяқ жерге түсірілгенде «сол аяқ), оң қол шынтақ тұсынан түзетіліп, жоғары көтерілу арқылы артқа жіберіледі. Бүгіген басқа қол итерілудің соңында түзетіліп, содан кейін жоғары жіберіледі. Аяқты алға қарай жібергеннен кейін қол төмен түсіріліп, дене бүгіліп, жерге түсумен аяқталады. Секірудегі барлық қозғалыстар табиғи түрде жасалып, бірінен кейін бірі жалғасады.