Қайта өркендеу дәуіріндегі тіл білімі. XVII-XVIII ғасыр тіл білімі.
1. 17 – 18 ғ. жаңа үлгіде жазылған грамматикалық еңбектер.
2.Қайта өркендеу дәуірінің лингвистикалық проблемасы.
3. Универсал грамматика бөлімдері.
Қайта өркендеу дәуірі тіл зерттеу мәселесіне бұрынғыдан басқаша тұрғыдан келу, бірінші орынға канондық тілдерді емес, әр халықтың әр ұлттық өзіндік сөйлеу тілін қоюды, соны зерттеп , соның сырын ашуды қойды. Осылардың нәтижесінде жаңа үлгіде жазылған грамматикалық еңбектер әр елде, әр жерде шығып жайтты. 1562 ж. П. Романің «Француз тілі граммтикасы». 1693 ж. Уоллистің «Ағылшын тілі грамматикасы». 1659 ж Лавренти Зизанидің «Славян грамматикасы». 1757 М В Ломоносовтың «Россия грамматикасы».
Еуропа тарихы тұрғысынан алғанда, Қайта өркендеу дәуірі 14-16 ғасырлар арасын қамтиды. Қайта өркендеу дәуірінде ерекше қолға алынған тағы бір мәселе – орта ғасырда жөнді мән берілмеген ежелгі грек, рим жазба нұсқаларын тауып жариялау болды. Өз дәуірі үшін бұл саладағы күрделі істер қатарында И. Скалигердің 1540 жылы шыққан «Латын тілінің негіздері туралы», Р. Стефанустың 1553 жылы шыққан «Латын тілі қазынасы» және «Грек тілі қазынасы» атты еңбектерін атауға болады.
Универсал грамматика 1660 жылы жарияланған. Оны француз ғалымдары – логик, философ, профессор Антуан Арно (1612-1694) мен грамматист, филолог, профессор Колод Лансло (1616-1695) екеуі бірігіп жазған. Бұлар өз заманында Франциядағы ғылым мен халық ағарту істерінің орталығы болған Пор-Рояль монастырының ғалымдары болғандықтан және грамматика сол монастырьда шыққандықтан, оны «Пор-Рояль грамматикасы» деп те, «Рационалды жалпы грамматика» деп те атайды.
Дәрісті қорытындылау:
1. 17- 18 ғ. жаңа үлгіде жазылған грамматикалық еңбектер жазылды.
2. Универсал грамматика 1660 жылы жарияланған.
3. Пор-Рояль грамматикасы ежелгі герк, еврей және француз тілдері материалдары негізінде жазылған.
Бақылау сұрақтары:
1. Қайта өркендеу дәуірінің тіл ғылымы үшін маңызы қандай?
2. Универсал грамматика қай жылы жарияланған ?
3. Рационалды жалпы грамматика дегеніміз не ?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. А. 1985
2.Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. Алматы,2000
3.Қордабаев Т.Р Жалпы тіл білімі А,1975 және 1981,1999ж