Қайда, қайдан, қанша, қашан, қандай, қаны (кәні), қалай тәрізді сұрау есімдіктері

Қай түбірі қазіргі қазақ тіліндегі қайда, қайдан, қанша, қашан, қандай, қаны (кәні), қалай тәрізді сұрау есімдіктеріне негіз болған. Егер осы түбірлерді байқап қарасақ, бірде байырғы түбір мен қосымшаның (қайда, қайдан, қандай, қалай), кейде екі түбірдің бірігуін кереміз. Бірақ барлығына ортақ түбір — қай (қан). Әрине, кейбір сөздер құрамына қарай, бастапқы түбір қай емес, қа деп те ойлауға болар еді. Өйткені қай-да, -қай-дан болғанмен, қа-лай екені айқын. Алайда қазақ тілінде   қалай   есімдігіне  синонимдес қайтіп (кәйтіп) дейтін де сұраулық сөз бар. Қалай және қайтіп есімдіктерінің мәндестігін былай қойғанда, ортақ түбірге негізделгендігі де күмән туғызбайды. Бұлай деуге тікелей себеп — қазіргі түркі тілдерінің кейбірінде қалай сұрау есімдігі хайди (хақас т.), хайдах (якут т.), кайде (шор), қанайып, қандайып  түрінде де айтылады. Осы фактілермен салыстыра келгенде, ортақ түбір қа емес, қай (қан) болып шығады. Ф. Г. Исхаков қалай есімдігін мынадай кұрама беліктерге талдап қарастырады: қа(й) ла-й. Мұндағы -ла — етістік тудыратын аффикс, — көсемшелік форма. Сөйтіп қалай — сұрау есімдігі әуелі есім, одан туынды етістік, көсемше. Ал көсемше тұлғаларының сұрау есімдігі есебінде қалыптасуы әсте жат құбылыс емес. Ол үшін қайтіп сөзін (қай-ті-іп) еске түсірсе де жеткілікті.

         Жоғарыда келтірілген сұрау есімдіктері құрамындағы байырғы түбір бірде қай, бірде қан түрінде дыбысталған. Мұның үстіне қазіргі кейбір түркі тілдерінде сол сұрау есімдіктері хайдағ (қандай, хақас), ханна (қайда, якут) тәріздес те дыбысталатынын еске алсақ, сұрау есімдіктерінің едәуір тобына негіз болған түбір жалпы түркі тілдері құрамында бірде қан, бірде қай түрінде айтылуын көреміз. Көне жазбалар тілінде: қаны, қайуда, қайу, қайда, т. б. Сөйтіп кейде бір ғана ескерткіш тілінде бірде қанда (я-мен айтылған), бірде қайда (гг-мен айтылған). Осы бір ғана түбір ыңғайында байқалатын н-й сәйкестігі тайпалық тілдер ерекшелігі болуы да ықтимал. Алайда Орхон-Енисей жазбаларында сұрау есімдіктері тек қана қанта, қантан түрінде кездеседі. Егер осы фактіні ескерсек, н~й сәйкестігі кейін пайда болған құбылыс деп қарауға тура келеді. М. Қашқари қой сөзінің бірде й мен қой түрінде, бірде қон түрінде айтылатынын келтіреді де, н-мен айту арғу тайпасының ерекшелігі деп көрсетеді. Және Қашқари сұрау есімдігінің де екі түрлі айтылуын келтіреді. Ол былай деп жазады: «Түріктер қайу нең (қайсы нәрсе) десе, олар (арғулар) қану дейді». Бұған қарағанда, сұрау есімдіктеріне негіз болған түбірдің екі түрлі дыбысталуы Қашқари дәуірінде қалыптасқан құбылыс және бұның өзі тайпалық тілдердің қалдығы есебінде орнығып қалған деп қарауға дәлел бар. Қайтіп сұраулық сөзінің құрамын былай деп те қарайды: қай-ет-іп. Қай — сұрау есімдігі (әрине, ескірген) -ет көмекші етістік, ал соңғы морфема көсемшелік қосымша. Екі сөз (ескі сұрау есімдігі мен кемекші етістік) біріккен уақытта соңғы сөз құрамында элизия болып, е түсіп қалған.

         Сонымен, бұл айтылғандардан шығатын қорытынды қандай және қайда сұрау есімдіктері бір ғана түбірдің екі турлі фонетикалық варианттары негізінде қалыптасқан ұялас сөздер.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *