ескеру қажет болады: осыдан бұрын айтылған санақтың өзгеше тәсілі оннан жүзге дейін аралықта қолданылған. Ал жүздіктердің мелшерін білдіруде осы күнгідей санау жүйесі бар. Мысалы, йеті йүз ер болмыс (КТБ)—Жеті жүз ер болды. Олай болса, бүгінгі тілдердегі қалыптасқан санақ жүйесінің алғашқы негізі де сол кезден бар. Жүзден бастап санау жүйесі оннан жүзге дейінгі аралықта қолданылған жүйені ығыстырып шығарған. А. М. Щербак Шығыс Түркістан текстеріндегі санақтың осындай жүйесі болғандығын көрсетеді. Қазіргі түркі тілдерінің көпшілігінде дерлік (сары ұйғыр тілінен басқа) қалыптасқан санаудың жалғыз тәсілі сол XI ғасырлардан-ақ басталса керек. Бірақ, әрине, V—VIII ғасырлар ескерткіштерінде Щербак айтатын «ескі» тәсіл ғана қолданылған. Сөйтіп мұның өзі түркі тілдерінде кейінгі дәуірлердің бойында санау жайлы ұғымның өзгеріске ұшырағанын дәлелдейтін факт болады.
Қазіргі қазақ тілінде реттік санды білдіретін сөздерді жасайтын -ншы аффиксінің прототипі сонау ежелгі жазбаларда ұшырасады. V—VIII ғасыр жазбаларында көбінше -нч түрінде ұшыраса, кейінгі дәуірлерге қатысты ескерткіштерде оның ұзақ түрі — нчы ұшырасады. Сонымен қатар, VIII ғасыр жазбаларында екі сын есімінен реттік сан -нті аффиксімен жасалған (екінті). Ескі жазбалар тіліндегі реттік сандардың ұзын ырғасы қысқа айтқанда мына әлпеттес болып келеді: екінті (екінші), учунч, бешинч (үшін-ші, бесінші), алтынч (алтыншы), йетинч (жетінші), секизинч (се-гізінші), тоқузунч (тоғызыншы), онунч (оныншы), беш йигрминч (он бесінші), йети йигрминч (он жетінші), т. б. екинті сөзінің құрамындағы -нті мен -нч аффикстерін салыстыра қарағанда, бұлардың қайсысын да кұранды аффикстер деп қарауға болар еді. Оған себеп — екінші дыбыстардың өзгеше (бірінде -ч, бірінде -т) болып келуі. Екінші жағынан, әр тайпа тілінің өзгешелігіне қарай қалыптасқан дыбыстар сәйкестігі болуы да мүмкін. Қазіргі якут тілінде реттік сан есім -ис, -ыс, -ус, -үс, -с аффикстері арқылы жасалады. Бұдан т~ч~с дыбыс сәйкестігі келіп шығады. Хронологиялық жағынан қысқа түрі (нч) байырғы деп қарауға негіз бар. Өйткені қысқа тұлғаланған вариант (-нч) ең көне жазбаларда (V—VIII) кездеседі. Зерттеушілердің біразы -нч, -нчы (ншы) аффикстерін ескі түркілік севінч (сағыныш) сезінің құрамындағы -нч аффиксімен салыстырады. Ол жағдайда -ншы аффиксінің соңғы элементін (-ы) тәуелдік жалғаудың үшінші жағы деп түсіну орынды. Қимыл есімдерінің тәуелденуі әдеттегі жағдай болғанмен, мынадай бір тарихи фактіні ескеру қажет: қимыл есім құрамындағы -нч аффиксі морфологиялық тұрғыдан құранды, -н және -ч. Егер алдыңғы таза етістік түбірге ғана жалғанса (ездік етіс), соңғы аффикс (-ч) етістік негізден қимыл есімін жасайды. Қазіргі қазақ тілінде қимыл есім тұлғасы -нч тек жеке сөздер құрамындағы өлі тұлғалар: сағыныш, қуаныш, сүйініш, аяныш, т. б. Сонымен қатар, кейбір сөздер қурамында күрделі -нчі тұлғасы да ұшырасады: сүйінші.
Қазіргі қазақ тілінде, сондай-ақ, басқа да түркі тілдерінде жинақтық сан есім жасайтын қосымша -ау-еу. Қене түркі тілінде осы қызметте -ағу, -егу, кейде -гу қосымшасы қолданылған. Егер осы фактілерді еске алсақ, қазіргі тілдердегі -ау, -еу қосымшасының қалыптасуын мына жолмен түсіндіруге болар еді: -ауЦеу, -ағуЦегу, екінші сөзбен, -ғ, -г дыбыстарының түсіп қалуы. Осымен байланысты мынадай бір жайды еске алу орынды: V—VIII ғасырлык рун жазбалары тексінде жинақтық сан есімдер тәуелдіктің III жағында ғана берілген: Табғач, оғуз, қытаң, бу учегу қабы-сар — Табғач, оғыз, қытаң, бұл үшеуі қосылса. Үчегүн қабысып сүлелім—Үшеуміз бірігіп шабуылдаймыз (Т). Осы қолданыста учегү сын есімнің соңғы дыбысын аффикстің құрамына енетін элемент деп қарау дұрыс па, әлде тәуелдіктің III жағы деп есептеу дұрыс па? Зерттеушілердің қайсысы да бұған жауап бермейді, өйткені ондай сұрақ қойылған жоқ. Әрине, егер контекстен тыс, тек сан есім мәнінде қолданылуына факт болса, мұндай сұрақ та тумас еді. Көне жазбалар тіліндегі тәуелдіктің үшінші жағы еріндік дыбыстармен де (-у, -ү) берілетінін және жинақтық сан есімдер қолданылуының сол ерекшелігін еске алсақ, Ф. Т. Исхаковтың ізімен алтау жинақтық сан есімінің арғы сипаты алтағ, сол сияқты үчег, төртег, т. б. деуге негіз бар. Онда қазақ тілінде, сол сияқты тағы да бірсыпыра түркі (әсіресе, қыпшақ) тілдерінде -ау, -еу қосымшаларының қалыптасуын -ағ, ег, т. б. дыбыстар тіркесінің дифтонгілерге айналу заңдылығымен түсіндіру керек. Бұл аффиксті (үч — ег) этимологиялық жағынан санащ, таяқ сездерінің құрамындағы -қ аффиксімен жақындастыруға морфологиялық жалғану ерекшелігі мүмкіндік бермейді (соңғылар тек етістік түбірлерге ғана жалғанады).
Қазіргі қазақ тіліндегі болжал санды білдіретін бірер сөзі көне жазбалар тілінде топтау мәнді сан есімін жасаған. Топтау сан есімдердің жасалуының басқа тәсілдерінің қалыптасуы хронологиялық жағынан жаңа құбылыс. Бұған дәлел — топтау сандарды білдіретін сөздердің есімдердің өзгеруіне ұқсас болып келуі: үш-үш-тен, төрт-тен, т. б. X—XIII ғасыр жазбалары тілінде арагідік осындай сан есім жасайтын -дейін қосымшасы кездеседі. Алайда нақ осы қосымшамен қазақ тіліндегі -дан (-ден, -тен, -тен) қосымшасын салыстыра қарауға келе бермейді. Сонымен бірге, қазіргі қазақ тілінде топтау сан есімдері етістік моделімен де жасала береді: бес-бестеп, төрт-төрттеп, екеулеп, т. б. Мүнда екі түрлі аффиксті байқауға болады: -ла (есімнен етістік жасайтын), -п (моди-фикациялық аффикс).
Болжалдық сандардың ең көне түрі -екі -үш, -бес-алты тәрізді қос сөз түлғаластары болса керек. Болжалдық сандардың басқа түрлері тіл қолдану барысында басқа сөздермен тіркесіп, тұрақталу