Қазақ тілі сөздік құрамының актив және пассив қабаттары. Қазіргі қазақ тіліндегі неологизмдер мен көнерген сөздер.
1.Қазақ тілі сөздік құрамының актив және пассив қабаттары.
2. Қазіргі қазақ тіліндегі неологизмдер мен көнерген сөздер.
3. Архаизм сөздер және тарихи сөздер.
Дамудың барысында тілдің сөздік құрамынан кейбір ескірген сөздердің шығып қалуы немесе өте сирек қолданылуы мүмкін. Мұның есесіне сөздік құрамға уақыт озған сайын туынды сөздер қосылып отырады және ондағы сөздер мағыналық жақтан да дамиды. Сөздердің көнеру, қолданылудан шығып қалу үдерісінен гөрі туынды сөздердің жасалып, сөздік құрамға қосылып отыру үдерісі тілдің лексикасына өте-мөте тән үдеріс болып саналады. Тілдегі көнерген сөздер көнеру сипаты мен тілдегі қолдану ерекшеліктеріне қарай екі топқа бөлінеді: aрхаизм сөздер және тарихи сөздер. Әр халықтың тұрмыс-салтына, күнкөріс тіршілігіне, дүниетанымына байланысты әр дәуірде өзгеріп, әртүрлі баскаша сөздермен ауысып отырған немесе ескіріп мүлде қолданылмай қалып қойған сөз — архаизмдер деп аталады. Өздері белгілеген заттар не құбылыстар өмірден қолданылудан қалады да да, осының нәтижесінде олардың атаулары – сөздер де көнеленіп, активті сөздерден шығып қалады. Мұндай сөздер тарихизмдер деп аталады. Қазірде басқаша аталатын заттар мен құбылыстардың бұрынғы көнерген атаулары архаизмдер деп аталады. Неологизмдер- тілде жаңа ұғымдарды білдіретін сөздер неологизмдер деп аталады. Неологизмдер лексикалық және семантикалық болып екі түрде кездеседі.
Дәрісті қорытындылау:
1. Тілдегі көнерген сөздер екі топқа бөлінеді: aрхаизм сөздер және тарихи сөздер.
2. Қазірде басқаша аталатын заттар мен құбылыстардың бұрынғы көнерген атаулары архаизмдер деп аталады.
3. Өздері белгілеген заттар не құбылыстар өмірден қолданылудан қалады да да, осының нәтижесінде олардың атаулары – сөздер де көнеленіп, активті сөздерден шығып қалады. Мұндай сөздер тарихизмдер деп аталады. 4.Неологизмдер- тілде жаңа ұғымдарды білдіретін сөздер неологизмдер деп аталады.
Бақылау сұрақтары:
1.Қазақ тілі сөздік құрамының актив және пассив қабаттарына не жатады?
2.Көнерген сөздердің түрлері мен ерекшеліктері қандай?
3.Неологизмдер дегеніміз не және оның қандай түрлері бар?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Кеңесбаев І, Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. А.,1962.
2.Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. А.,, 1997.1 тарау.,89-98 б.б.
3.Кеңесбаев І., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика. А.,1975.
4.Мұсабаев Ғ.Қазақ тіл білімінің мәселелері.А.,2008.83-91 б.б.