Қазақ тілінің сөздік құрамы, оның қалыптасуы мен дамуы, ерекшеліктері.
1. Қазақ тілінің сөздік құрамы, оның қалыптасуы мен дамуы.
2.Қазіргі қазақ тілі лексикасының құрамы, шығу арналары, қалыптасуы.
3. Негізгі сөздік қоры. Негізгі сөздік қорға тән басты белгілер.
5.Туынды сөздерді тудыру тәсілдері.
Белгілі бір тілдегі сөздердің жиынтығы сол тілдің сөздік құрамын немесе лексикасын құрайды. Сөздік құрамның ең басты және тұрақты бөлшегі – негізгі сөздік қор. Негізгі сөздік қор – бүкіл лексикалық байлықтың басты тұлғасы, негізгі ұйтқысы. Қазақ тілінің негізгі сөздік қорына, мысалы, мынадай сөздер енеді. 1. Табиғат құбылыстарының атаудары : жер, су, өзен, көл, тас, жел, ай, күн, және т.б. 2. Еңбек үдерісіне байланысты сөздер: егу, ору, жырту, кесу, пісіру және т.б. 3. Еңбек құралдарының аттары: орақ, күрек, айыр, біз, пышақ және т.б. 4. Мал атаулары: жылқы, ат, байтал, құлын, өгіз, түйе, қозы және т.б. 5. Аң-құс атаулары: түлкі, қоян, қасқыр, аю, қарға, бүркіт, тауық және т.б. 6. Анатомиялық атаулар: бас, қол, аяқ, ауыз және т.б. Негізгі сөздік қордағы сөздер сол тілде сөйлеушілердің барлығына ортақ болуы тиіс. Негізгі сөздік қор талай замандар бойында өмір сүреді де , тұрақтылық қасиетімен сипатталады. Негізгі сөздік қор уақыт өткен сайын , әрине, өзгереді, бірақ оның өзгеруі, тілдің сөздік құрамына қарағанда, баяу болады. Қоғамдық өндірістің, әлеуметтік- экономикалық қатынастардың дамуы мен материалдық және рухани мәдениеттің барлық салаларының дамуына байланысты туған жаңа заттар мен құбылыстарды және олардың ұғымдарын тілде сөзбен атаудың қажеттілігінен туынды жаңа сөздер жасалады немесе олар тілде бұрыннан бар сөздермен аталып, ол сөздердің мағыналарына туынды мағыналар қосылады. Осыдан тілдің сөздік құрамы үздіксіз дерлік толығу, даму күйінде болады.
Дәрісті қорытындылау:
1.Белгілі бір тілдегі сөздердің жиынтығы сол тілдің сөздік құрамын немесе лексикасын құрайды.
2. Сөздік құрамның ең басты және тұрақты бөлшегі – негізгі сөздік қор. 3.Негізгі сөздік қор – бүкіл лексикалық байлықтың негізгі ұйтқысы.
4.Тілдің сөздік құрамына тән қасиет туынды жаңа сөздермен толығып, үнемі даму үстінде болады.
Бақылау сұрақтары:
1. Қазақ тілінің сөздік құрамы дегеніміз не? Негізгі сөздік қор дегеніміз не?
2.Қазіргі қазақ тілі лексикасының құрамының шығу арналарына на жатады?
3.Қазақ тілінің сөздік құрамы, оның қалыптасуы туралы не білесің?
4. Туынды сөздерді тудыру тәсілдеріне не жатады?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Болғанбаев Ә. Қазақ тілінің лексикологиясы. А., 1988
2.Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. Алматы:Санат, 1997
3.Кеңесбаев І., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика. А.,1975.
4. Аханов К.Тіл білімі негіздері. А., 2002.