Этимологияның лексикология ғылымы үшін мәні.
1.Этимологияның лексикология ғылымы үшін мәні.
2.Этимологияның негізгі зерттеу объектісі
3. Халықтық және ғылыми этимологияұғымдары.
Тарихи лексикологияның бір саласы-этимология. Этимология сөздің шығу тегін зерттеп, олардың ең алғашқы мағынасының қандай болғандығын айқындайды. Этимологиялық зерттеулер белгілі бір тілдің лексикасына ерте заманда енген кірме сөздердің ену тарихы мен оның жолдарын да қарастырады. Этимологиялық зерттеулердің жеке сөздердің шығу төркінін ғана емес, сонымен бірге жалпы тілдің тарихын танып білуде маңызы күшті. Этимологиялық зерттеулердің екі түрлі проблемаға қатысы бар. Оның бірі — тіл мен тарих проблемасы, екіншісі — тіл мен ойлау проблемасы. Сөз этимологиясы жайында қазақ тіл білімінде бұрын соңды айтылған пікірлер де жоқ емес. Қ.Жұбанов, Ғ.Мұсабаев, А.Ысқақов, Н.Қарашева т.б. тәрізді тіл мамандары қазақ сөздерінің төркінін іздеудің ұстанымдарын, әдістерін сөз етумен қатар, кейбір жеке сөздердің этимологиясын да берді. Этимологияның ғылыми этимология, халықтық этимология және қызықты этимология деп аталатын түрлері бар. Бұлардың әрқайсысының қарастыратын нысандары бар. Қазақ тіл білімінде 1966ж. шыққан «Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі » жарық көрді.
Дәрісті қорытындылау:
1. Этимология сөздің шығу тегін зерттеп, олардың ең алғашқы мағынасының қандай болғандығын айқындайды.
2. Этимологияның ғылыми этимология, халықтық этимология және қызықты этимология деп аталатын түрлері бар.
Бақылау сұрақтары:
1. Этимология нені зерттейді?
2. Этимологияның қандай түрлері бар?
3. «Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі » қай жылы жарық көрді?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Кеңесбаев І, Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. А.,1962
2.Болғанбаев Ә. Қазақ тілінің лексикологиясы. А., 1988
3.Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. А., 1997.
4.Мұсабаев Ғ.Қазақ тіл білімінің мәселелері.А.,2008.