ХІХ ғасыр тіл білімінде қалыптасқан тіл білімі мектептері мен ағымдары.
1. Натуралистік немесе биологиялық қөзқарастар.
2 Психологиялық бағыт. Жас грамматикалық бағыт.
3. Қазан және Мәскеу тіл білімі мектептері.
Тіл білімі өзінің бүгінгі көтерілген сатысына ішкі қайшылықтарсыз, талас-тартыссыз бірден жеткен жоқ. Оның даму тарихында әр түрлі ағымдар, пікір таластары болып отырды және қазір де бар. Осындай көзқарастағылар өткен ғасырдың екінші жартысынан бастап өз алдарына лингвистикалық мектептер болып қалыптасты. Олардың қатарына натуралистік, психологиялық, жас грамматикалық деп аталатын лингвистикалық мектептер жатады. Ғылымда натуралистер деп аталатындар – қоғамдық құбылыстарды зерттеуде жаратылыс заңдарын басшылыққа алып, мәселені соған негіздеп шешуге ұмтылушылар.Тіл білімінде натурализм көрнекті неміс ғалымы,
А. Шлейхер есімімен байланысты. Натуралистерге қарсы күрес үстінде дүниеге келген екінші бағыт – психологиялық ағым деп аталады. Тіл психологиясының объектісі – адамдардың сөйлеу әрекетіне болатын психикалық процестер. Тіл психологиясының қалыптастырушылардың ең бастылары қатарына Берлин университетінің профессоры Г.Штейтальды жатқызуға болады.
Жас грамматикалық көзқарас ХІХ ғасырдың 70 ж. бастап қалыптасты. Бұл ағымның Германиядағы өкілдері К. Бургман, Г. Остгоф, А Лескин т.б. Францияда М Бреаль, Швейцарияда Ф де Соссюр,Россияда Ф.Фортунатов бастаған Москва лингвистикалық мектебі мен Бодуэн де Куртенэ бастаған Қазан лингвистикалық мектептері болды.
Қазан және Мәскеу тіл білімі мектептері ХІХ ғасырдың аяқ кезінде қалыптасты. Оған демеу беруші поляк лингвисі, Қазан университетінің профессоры И. А. Бодуэн де Куртенэ. Бұл саладағы көрнекті еңбектері: «Тіл білімі және тілдер туралы кейбір ескертпелер» (1871), «Фонетикалық альтернация теориясының тәжірибесі» (1895), «ХІХ ғ тіл білімі, т.б.
Мәскеу лингвистикалық мектебін ХІХ ғ 70-80 ж. Москва университетінің ғалымдары қалыптастырды. Оны басқарған академик
Ф.Фортунатов.Ол еуропа тілдерінің фонетикасының морфологиясын зерттеп, бұл саладағы біраз еңбектер берген. Олардың ішіндегі ең елеулісі «Салыстырмалы тіл білімі» (1898)ж «үнді – еуропа тілдерінің салыстырмалы фонетикасы» т.б. жатады.
Дәрісті қорытындылау:
1. Натурализм жеке ағым ретінде көркем әдебиетте, өнерде, ғылымда ХІХ ғасырдың екінщі жартысында Дарвин ілімінің әсерінен пайда болды.
2. Жас грамматикалық көзқарас ХІХ ғ. 70 ж. бастап қалыптасты.
3. Қазан және Мәскеу тіл білімі мектептері Қазан қаласындағы университетте ХІХ ғ. аяқ кезінде қалыптасты.
Бақылау сұрақтары:
1. Натуралистік немесе биологиялық көзқарас дегеніміз не?
2. Жас грамматикалық бағыт дегеніміз не?
3. Қазан және Мәскеу тіл білімі мектептерінің маңызы?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. М. Березин. История лингвистических учении М 1975
2. Звегинцев В.А. История язкознания ХІХ – ХХ в в очерках и извлечениях. М. 1960,1965.