Фразеология және оның зерттеу нысаны, өзіндік белгілері, зерттелуі, түрлері.
1. Фразеологияның зерттеу нысаны, басты белгілері .
2. Фразеологиялық оралымдар және олардың түрлері.
3. Фразеологиялық оралымдардың құрылымы жағынан топтастырылуы.
Фразеология — тұрақты тіркестер туралы ғылым. Фразеология термині белгілі бір тілдегі фразеологизмдердің тұтас жиынтығы деген мағынамен қатар, тіл білімінің фразеологизмдерді зерттейтін саласы деген ұғымда да қолданылады. І. Кеңесбаевтың авторлығымен шыққан «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі» қазақ фразеологиясына ғана емес, қазақ тіл біліміне де қосылған елеулі үлес. Кемінде екі сөздің тіркесуінен жасалған, мағынасы біртұтас, құрамы мен құрылымы тұрақты, даяр қалпында қолданылатын тілдік бірлік, әдетте, фразеологиялық оралым деп аталады. Фразеологиялық оралымға тән, басты белгілер – оның даяр қалпында жұмсалу белгісі, мағына тұтастығы, тұрақтылық қасиетімен сипатталады. Фразеологиялық оралымдардың түрлері: фразеологиялық тұтастық, фразеологиялық бірлік, фразеологиялық тізбек.
Қазақ фразеологиясына қазақ тіл білімінде қосқан ғалымдар қатарында І.Кеңесбаев,Ә.Қайдаров, С.Сәтенова, Х.Қожахметова,Г.Смағұлова тәрізді ғалымдарды жатқызуға болады.
Дәрісті қорытындылау:
1.Фразеология термині белгілі бір тілдегі фразеологизмдердің тұтас жиынтығы деген мағынамен қатар, тіл білімінің фразеологизмдерді зерттейтін саласы.
2. Фразеологиялық оралымға тән, басты белгілер – оның даяр қалпында жұмсалу белгісі, мағына тұтастығы, тұрақтылық қасиеті.
3. Фразеологиялық оралымдардың түрлері: фразеологиялық тұтастық, фразеологиялық бірлік, фразеологиялық тізбек.
Бақылау сұрақтары:
1. Фразеологияның зерттеу нысанына не жатады?
2. Тұрақты тіркестерге тән басты белгілерге қайсысы жатады?
3. Фразеологизмдердің түрлері қандай?
4. Фразеологиялық оралымдар құрылымы тұрғысынан қалай бөлінеді?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Кеңесбаев І., Ғ.Мұсабаев «Қазіргі қазақ тілі». Лексика, фонетика, А.,1975.
2.Болғанбаев Ә. Қазақ тілінің лексикологиясы, А., 1988.
3.Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы.А., 1997.
4.ҚожахметоваХ.Фразеологизмдердің көркем әдебиетте қолданылуы.А. 1972.