Фразеологизмдердің мақал-мәтелдерге және сөз табына қатысы, фразеологизмдердің лексика-семантикалық топтары, шығу арналары

Фразеологизмдердің мақал-мәтелдерге және сөз табына қатысы, фразеологизмдердің лексика-семантикалық топтары, шығу арналары.
1. Фразеологизмдердің мақал-мәтелдерге және сөз табына қатысы.
2. Фразеологизмдердің сөз табына қатысы.
3.Фразеологизмдердің лексика-семантикалық топтары.
4. Фразеологизмдердің шығу арналары.

Сөйлеу кезінде жасалынбай, даяр қалпында қолданылу жағынан мақал-мәтелдер фразеологизмдерге ұқсайды.Мақалдар негізінен екі бөлімді болып келеді де, алдыңғысында іс-әрекеттің жағдайы айтылып, сонымен сол пікірді түйіндеп қорытындылайды. Мысалы, суық шаршатады, жылы жасытады. Сұлу сұлу емес,сүйген сұлу. Фразеологизмдер сияқты мақал-мәтелдер де орныққан,бекем болады. Көп мағыналық( полисемия) пен омонимия құбылыстары әдетте жеке сөздердің төңірегінде көзге айқын байқалады. Полисемия құбылысы әредік фразеологиялық тіркестер арасында байқалып қалады. Көп мағыналы фразеологизмдердің ішінде лексикадағыдай көп мағыналық жиі кездеседі. Фразеологиялық тіркес аясындағы полисемияның өзін де бір текті құбылыс емес.Яғни белгілі бір фразаға тән көп мағыналылық түрлі жолмен жасалатын сияқты.Оның бірі – жалғаса туатын мағына,екіншісі – жарыса туатын мағына.
Қазақ тіліндегі фразеологизмдерді сөз табына қатыстылығы жағынан төрт топқа бөліп қарауға болады. Олар: етістік мағыналы , сындық мағыналы, заттық мағыналы, үстеу мағыналы фразеологизмдер.
Дәрісті қорытындылау:
1. Даяр қалпында қолданылу жағынан мақал-мәтелдер фразеологизмдерге ұқсайды.
3. Полисемия құбылысы әредік фразеологиялық тіркестер арасында байқалып қалады.
4. Фразеологизмдердің ішінде лексикадағыдай көп мағыналық, синонимдік, антонимдік, варианттылық құбылыстар жиі кездеседі.
5. Қазақ тіліндегі фразеологизмдерді сөз табына қатыстылығы жағынан төрт топқа бөліп қарауға болады. Олар: етістік мағыналы , сындық мағыналы, заттық мағыналы, үстеу мағыналы фразеологизмдер.
6. Фразеологиялық оралымдар тарихта болған кейбір жайлардың, дағдылардың негізінде пайда болуы мүмкін.
Бақылау сұрақтары:
1. Фразеологизмдердің мақал-мәтелдерге және сөз табына қатысы қандай?
2. Белгілі бір фразаға тән көп мағыналылық қандай жолмен жасалады?
3. Фразеологиялық синонимдер, фразеологиялық антонимдер дегеніміз не?
4. Фразеологиялық варианттар дегеніміз не?
5.Фразеологизмдердің шығу арналарына не жатады?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Кеңесбаев І, Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. А.,1962
2.Болғанбаев Ә. Қазақ тілінің лексикологиясы. А., 1988
3.Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. А., 1997.
4.Мұсабаев Ғ.Қазақ тіл білімінің мәселелері.А.,2008.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *