Кіріспе
Өткен ғасырдың аяғында медицина және ветеринариялық микробиология дамыған кезде, еттен улануды паратифозды бактериялардың әсерінен деп есептеген көптеген
ғалымдар. Бұл қоздырғыштар етте дамып, улы заттар шы ғарады депте айтқан. Зерттеушілердің қорытындылауынша , улану тек қана етте болатын улардан басқа,
әртүрлі улы химиялық заттар және жануарлар мен өсімдіктердің өнімдері де ауру (токсикоздар) туғызады сонымен басқа балықтардың еті, уылдырығы, бауыры, аналық клеткалары өзінің табиғатында уытты болып келеді.
Міне көріп отырғанымыздай зерттеушілер, ғалымдар улану жайлы көптеген
мағлұматтар жинап оны зерттеп оның түрлерін ашып дәлелдеген. Сол сияқты
Агарарлық Қазақ Ұлттық Университеттің «Ветеринариялық-Санитариялық»
кафедрасының да ғалымдары көп еңдек сіңірген осы мәселе аясында. Олар «еттен»,«балықтан» уланған деген сөздерді, «тағамдық аурулар», «тағамдық токсикоздар» дегенге алмастырған. Осыдан олар жаңа бағытты дүниеге әкеліп яғни барлық
улануды біріктіріп, бір ғана топқа жинақталуына көмек берді.
Сонымен сойыс малдарының өнімдері адамдарда пайда болатын індетті және
инвазиялы аурулардың (топалаң, бруцеллез, тениаринхоз, туберкулез) көзі болуымүмкін. Сол себепті сойыс малдарының улануын, токсикозына біз дұрыс санитариялық баға бере білуіміз керек!
Улану өте қауырт өткенде бронхылардың түйілуі немесе тыныс алу орталығын паралич соғуы салдарынан мал тұншығып өледі. Улану жіті өткенде сілекейдің шамадан тыс көп ағатыны, малдың жалпы тынышсызданатыны, жүріс-тұрысының бұзылатыны, көз шарасының кішірейетіні, жүректің жиырылу ырғағы сирейтіні, жас ағатыны, малдың тіс қайрайтыны, ішек қарынның, өңештің жедел жырылып-созылатыны, дамылсыз нәжіс тастайтыны, бұлшық еттердің дірілдейтіні, тырысып – құрысу түрінде ауық-ауық қатты дірілдейтіні, танау және ауыз кілегей қабықтарының көгілдендірленіп кететіні, малдың тыныс алғанда қиналатыны, рефлекторлық сезімнің күйзелетіні байқалады.
Мал жіті түрде уланғанда, мысалы, фосфамидпен, хлорофоспен және фталофоспен уланғанда құрысып-тырысып, паралия соққан белгілері, қаңқа бұлшық етінің қабынуы, ішек-қарынның түйілу белгілері біршама тез дамиды, мал несепті жиі шығарады, жалпы ылғал көп шығады, жүрек қызметі бұзылады.
Созылмалы түрде уланғанда сілекейі өте көп ағады, терлейді, іші өтеді, арықтайды, жалпы әлсірейді, дене температурасы төмендейді.
Фосфор-органикалық қосылыстар өсімдік кенелеріне, қаракүйеге, трипистерге, қандала-бақашықтарға және басқа да өсімдік зиянкестеріне қарсы күрес жүргізуде инсектицидті, акарацидті дәрі-дәрмек ретінде қолданылады. Улы заттар малдың терісіне тигенде, тыныс алу жолдары мен ас қорыту жолы арқылы енгенде малдың уланып қалуы мүмкін.
Жемшөпте және суда фосфор-органикалық қосылыстары қалдығының қанша екенін бақылап отыру қажет; мал азығындық егістік өнімін жинап алуға кемінде 6 күн қалғанда бір-бірімен үйлесе әсер ететін препараттармен өңдеуге және жүйелі түрде әсер ететін препараттарды – кемінде 45 күн қалғанда қолдануға жол бермейді; жемшөпті және суаттарды келіп түсуі мүмкін улы химикаттардан қорғау ісі ұйымдастырылады.
Ауыл шаруашылығы зиянкестеріне қарсы күрескенде бұл топтың улы химикаттары шекиеулі түрде қолданылады. Хлор-органикалық қосылыстар сыртқы ортада мейлінше төзімді, жемшөпте, суда, топырақта едәуір мөлшерде жинақталады, олар мал организміне түскенде де жинақталатыны айқын байқалады.
Маңызды органдардың көптеген жерлерінде қан құйылған, өкпе ісініпкеткен, ішек қанталап қабынған, бауыр ұлғайған, қан тез қоюланады, ми қабының тамырларына қауырт қан шашырған, бүйректері ісінген, қуықтың кілегей қабығына дақ тәрізденіп қан құйылған.
Негізгі бөлім
Мал дәрігерлік токсикологияның негізгі міндеті-жануарлар ағзасы мен улы заттар арасындағы арақатынасты талдау.Сол себепті бұл ғылым ауыл шаруашылық малдарының патологиясы,ішкі жұқпайтын аурулар секілді ғылымдарымен ұштасып жатыр.Жануарлар ағзасының уланғандағы улы заттарға қарсы әрекеті және улану кезіндегі клиникалық белгілері,жалпы мал ағзасының уға қарсы реактивтілігін зерттеу токсикология ғылымының міндеті.Мал дәрігерлік токсикологияның ең негізгі басты міндеті-ауыл шаруашылық малдары мен үй жануарларының,пайдалы жәндіктердің улануларының алдын алу бағытында атқарылатын іс-шаралар.Бұл міндет қазіргі кезде өте қауырт белең алып отыр.Мал басының уланулардан өлім-жітімге ұшырауы немесе лажсыз сойылуы салдарынан шаруашылықтар шегетін зиянды,шығынды зерттеу және ол шығындарға ғылыми талдау жасау,мынадай қорытындыға әкеліп отыр:мал басының улануынан болған жылдық шығынның 50 % ын улы химикаттармен улану,30 % ын әртүрлі патогендік саңырауқұлақтармен зақымданған азықтармен,құрамында көп мөлшерде фтор,мышьяқ,госсипол,мочевина,натрий хлориді бар минералдық азықтанулардан улану және 20 % ын улы өсімдіктермен улану құрайды екен
І.1 Жалпы уланудың сипаттамасы
Уланудың клиникалық белгілері
Уланудың ерекше клиникалық белгісі – сау малдың кенеттен ауруы. Осыған орай ескерген жөн-дерттену мал азықтағанда су ішкенде пестицидтермен өндегенде және де басқада химиялық заттарды пайдаланғанда байқалады; сондайақ мал қораларында дезинфекция жүргізгеннен кейін. Жануардың қандай затпен уланғаның нақтылы балау тек қана кешенді зерттеулер арқылы іске асады. Алколоидтармен, сапониндермен және де басқа өсімдік уларымен уланған жануарларда көз қарашығының ұлғайғаның не кішірейгені байқауға болады, сондай ақ ауру мал желігед, денесі құрысып дірілдейді.
Нитрат қосындылармен уланған малдың тынысы тарылып ентігеді, кілегей
қабықтары көгеріп, танауынан қан араласқан көбікті сұйық шығады, жүрек
жұмысы бұзалады.
Уланудың патологиялық-анатомиясы
Кейбір созылмалы улануларда ағза тоқымаларда патанатомиялық өзгерістер оларға өте тән болады, айталық алмаспрен улануда байқалатын бүйректің некрозы. Көптеген улардан болатын дистрофиялық және қабыну өзгерістерінің басқа ауруларда байқалатын зақымдарадан айырмашылығы жоқ.
І.2 Тағамдық улану кезіндегі ұшаның және мүшелердегі болатын өзгерістер
Жаз айның ортасында немесе сонында малдардың азы ққұрамына қарбыз-қауын көкеніс дәнді дақылдарын қосып береді. Азық құрамына мұндай заттарды көптеп бергенде көп жағдайда малдар уланып жатады. Оның себебі азық құрамына қосқан жәнегі дәнді дақылдар ол яғни қарбыз-қауын көкеніс дәнді дақылдарынның құрамында нитраттар мен нитритердің көптеп кездесуі. Қалыпты жағдай да бұл дәнді дақылдардың құрамында мұндай мөлшерде нитраттар мен нитриттер кездеспейді. Оның мұндай мөлшерде болуы ол адами факторға байланыстылығы. Қарбыз-қауын көкеніс дәнді дақылдарды өсірген кезде оның тез өсуі үшін көптеген химиялық қосындыларды көкеніс ішіне арнайы шприц арқылы енгізеді немесе сол химиялық қосындылармен суғарып жатады. М ұндай көкеніс
дақылдарын көптеп қоректенген жануарлар нитраттар мен ниттриттерге олардың организмдары ұшырап, уланады.
Нитраттармен нитриттермен улану кезінде ұшалар мен мүшелердегі болатын
өзгерістер:
Ойық-жаралы геморрагиялық гастроэнтеритан ы қталады;
Ішкі ағзаларда гиперемия және геморрагиялар көрінеді.
Қаны ашық-қызылнемесе қошқыл-қоныр түсті.
Ет және ет өнімдерін соттық ветеринарлық-санитарлық сараптау
Ветеринарлық санитариялық сараптау – ветеринарияның
негізгі бір саласы болып саналады. Ол азық-түлік
өнімдерімен жануартектес шикізаттарды санитарлық-
гигиеналық әдіспен оқытып, ветеринарлық санитарлық баға
беру арқылы анықтайды. Сонымен қатар жалпы жүйеде
дайындалған ветеринарлық дәрігерлер оқу жүйесін
қарастырып, ветеринарлық санитариялық сараптау курсын
жануартектес өнімдерімен стандартты технологиясымен
тікелей байланысты.
Соттық-ветеринарлық медицина немесе
соттық-ветеринарлық сараптау –
адамдардың құқықтары мен жануарлар
әлемін қорғау мақсатында
ветеринарлық медицина, биология және
жануарлар патологиясы саласында
нақты құқықтық (заңдылық), арнайы
ғылыми және ғылыми-қолданбалы
білімді интегралдаушы кешенді
(жинақты) ғылым. Оның мақсаты —
ветеринарлық білімді қолдана отырып,
құқықтық, тергеушілік және соттық
заңды тәжірибесінде кездесетін
әлеуметтік сұрақтарды шешу. Сонымен
қатар, халықты адам мен жануарға
ортақ аурулардан және де мал
шаруашылығының өнімдерінің толық
құндылығы мен қауіпсіздігін
қамтамасыз ету болып табылады.
Сойылған жануарлардың ұшасымен дене мүшелерін тексеру кезінде өлген жануарлардың сау емес екендігін қарап анықтауға болады.
Қылмыстық және төрешілік соттарда, пракуратураларда, іс жүргізушілік
органдарда соттық немесе азаматтық істерді қарастыр ғанда осы аталған
органдар арнайы ветеринарлық сұрақтарды шешу үшін, ветеринарлық
медицина мамандарын эксперт ретінде тағайындайды.
Осындай күрделі жағдайларды анықтау үшін ветеринарлық эксперттің көмегі мына жағдайларда қажет:
Сойыс алдында, мал сою кезінде, ет ж әне ет өнімдерін сараптау кезінде;
мемлекеттік ветеринарлық санитарлық қадағалау н ұс қау бойынша жүргізілмеген жағдайда;
Еттің шығу тегін анықтау, оның ауру немесе өлген, өлтірілген екені белгісіз болған жағдайда;
Орнатылған стандартқа сай келетін та ған өнімдерінің жарамдылығы төмен өнімдерге немесе жарамсыз заттарға ауыстырылған жағдайда;
Қолданылуға зиянды өнімдерді, ветеринарлық-санитарлы қ талаптарға сай
емес жануартектес өнімдерді пайдаланған жағдайда тағамдық улануға немесе
микробтардың денеге таралуына әкеп соқтырған жағдайда;.
Сойыс алдында, өнімді жануарларды сою кезінде, ет және ет өнімдерін сараптау
кезінде мемлекеттік санитарлық бақылаудың ережеге сай болмауы немесе орындалмауы.
Ауру жануарларды мысалы, сібір жарасы, бруцеллез, қарасан,
ірі қара обасы, африкалық оба, туляремия, ботулизм, маңқа, ірі
қараның ішкі қызбасы, індетті лимфангоит, классикалық оба,
ньюкасл тағы басқа аурулар болған жағдайда немесе осы
аталған аурулардан өлейіндеп жатқан кезде жануарларды
ветеринариялық заңнама бойынша ет және ет өнімдері үшін
союға немесе тапсыруға қатаң тыйым салынады.
Союға арналған жануарларды сойыс алдында міндетті түрде
ветеринарлық тексерістен өткізіледі жәнеде міндетті түрде
термометрия әдісі жүргізіледі. Ет және ет өнімдерін, шикізаттарды сау
жануарлардан алған жағдайда алған жағдайда да міндетті түрде
ветеринарлық-санитарлық сараптаудан өткізеді, қажет болған жағдайда
зертханалық, микробиологиялық, биохимиялық тексерістен өткізеді.
Өнім стандартқа сай болса куәлікте арнайы мөр басылады.
Соттық ветеринарлық сараптау кезінде қолданылатын негізгі әдістер.
Органолептикалық зерттеулер. Дені сау жануарлардан алын ған ет және ет
өнімдерінің түсі ақшыл қызылдан қою қызыл түске дейін болады,
сырты кепкен құрғақтау болады, кесілген жерлері кішкене дым қыл
болып келеді, бірақ шырышты болмау керек, еттің суы түссіздеу.
Сезімдік зерттеу тәсілі (органолептикалы қ). Бұл зерттеуде сезім м үшелерінің көмегімен, еттің иісі, түсі, пішін үлесімі, консистенциясы және қаңқа сүйектертің ерекшіліктері ескеріледі.
Еттің қасиетін (Михаэлистің жинағы) колориметриялық және
Электропотенциометриялық әдіспен тез әрі дәл анықтауға болады.
Дені сау
жануарлардан алынған еттің рН 5,7-ден 6,2-ге дейін.
Ал ауру немесе жан
тәсілім күйіндегі жануарлардың рН 6,3 және оданда көп.
Жануар ұшасының қансырату дәрежесін ет сығындысындағы гемоглобин мөлшеріне байланысты анықталады, оны сали гемоглобинометромен анықтайды.
Преципитация реакциясы.
Реакция ет және ет өнімдерінің құрамында болатын,
көжектерді спецификалық ақуыздық антигенмен өңдеу ар қылы алын ған,
преципитация сарысуыны ң,1:1000 м өлшерде ерітілген сәйкес ақуыздармен 10 минут бойы преципитация сақинасы — антиген мен антидененің кешендік
байланысы пайда болғанша әрекеттесуіне негізделген ( оң реакция).
Ет және ет өнімдерінің сапасын және түрін анықтау.
Заң қорғаушы және администраторлық органдар көп
жағдайларда ветеринарлық дәрігер мамандарына жануар түрін
анықтауды міндеттейді. Мысалы: ол ұрланған ба, браконьерлік
жолмен өлтірілген бе немесе өнімдер алдамсыратылғанба жоқпа
соны анықтауды жүктейді. Ет өнімдерін немесе тірі жануарларды
ұрлап етке тапсыру кезінде жауапты адам өз қылмысын
жысырады. Ет және ет өнімдерінің түрін алмастыру, ол аса
бағалы ет және ет өнімдеріінің орнына төмен сапасыз өнімдерді
алмастырады, мысалы базарларда жылқы етінің орнына сиыр
етін, қой етінің орнына ит етін немесе ешкі етін, қоян етінің
орнына мысық етін алмастыруы мүмкін. Ет және ет өнімдерінің
түрін, құрамын алмастырғаны үшін кінәлі адамды соттық
немесе администраторлық жауапкершілікке тартылады.
Жануар және өсімдік тектес сапасыз өнімдерді азыққа пайдаланудан
болған улануды азықтық уланулар деп атайды. Сойыс малдарына
қадағалау жүргізетін ветеринар дәрігер, сотты қ және тергеу органдарына
ветеринария мәселесі жөнінен сұрақтар туындағанда шақырылады; яғни
олар: жануарларды сойыс алды қарау және транспорттау кезінде құқық
бұзушылықтар; ет, ет өнімдерімен балық және өсімдік өнімдерін
сараптау кезінде ветеринарлық санитарлық ережелер сақталды ма, азық
өнімдерін сақтау және технологиялық қайта өңдеу кезінде ережелер
сақталды ма; ет және басқа да ет өнімдерінің патогенді және токсигенді
микроорганизмдермен бүлінуі болдыма және тағы басқа.
Малдәрігерлік санитариялық сараптау кезінде ет ауру малдан
алынған емеспе деген күдік тудыруы м үмкін. Бұл әсіресе ет
базарында жиі кездеседі. Өмірде малды лажсыздан сою деген ұғым
бар. Ауру мал емдеуге келмейтін болса немесе емдеу өзін
ақтамайтын жағдайда лажсыздан сою жүргізіледі. Сонымен қатар
кейде өлексе еттерін мүшелеу немесе жанталасып жат қан малды
сою кездеседі. Мұндай малдан алынған ет адам денсаулы ғына
қауіпті болуы мүмкін.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
I. Х.С. Жұмабеков, К.Ю. Дербышев, «Жануарлардың патологиялық
анатомиясы», Алматы 2011 ж.
II. Дюсембаев Серғазы Тұрлыбек ұлы, «Ветеринариялық экспертиза» оқулығы.
III. Дюсембаев Серғазы Тұрлыбек ұлы, «Ветеринариялық экспертиза» практикумы.
IV. Макаров В.А., Фролов В.П., Шуклин Н.Ф., «Ветиринарно-санитарная экспертиза с основами технологии и стандартизации продуктов
животноводства, Москва ВО «Агропромиздат» 1991 г.
Ұлттық энциклопедия 4-6 том.