Тіл білімінің зерттеу методтары.
1. Ғылыми зерттеудің нысанды танып – білу үшін іске асырылды әрекетттер
2. Зерттеуде әр түрлі амал – тәсілдер
3. Тіл білімінің әдістері, олардың түрлері
Сипаттама әдіс – тіл білімі әдістері ішіндегі ең көнесі. Структуралық әдіс. Бұл әдіс тіл білімінде 20 ғасырдың 20-жылдарынан бастап қолданыла бастады.Бірақ ол ғылыми зерттеу әдісі ретінде басқа ғылымдарда бұрыннан қолданылып келген, тіл біліміне солардан ауысқан әдіс.Құрылымдық әдіс бұл күнде дүние жүзіне кең тарап, тіл біліміндегі ағым ретінде құрылымдық тіл білімі немесе структуализм деп те аталып жүр. Құрылымдық әдісті қолдануда Кеңес тіл ғалымдары арасында ала-құлалық бар.
Ал, дискреттік (латынша – бөлшектік) талдауда құрылымдық элементтер әрі қарай бөлшектеуге келмейтін ең ұсақ элементтерге дейін жіктеледі.
Салыстырмалы әдіс. Фактілерді бір-бірімен салыстыра тексеру – ғылыми зерттеу атаулының бәріне де қажетті тәсіл. Тарихи-салыстырмалы әдіс. Кейбір әдебиеттерде зерттеудің бұл түрін тарихи әдіс деп те атайды.
Типологиялық тіл білімі – тілдердің шығу тегіндегі өзара қатынасының қандай екеніне қарамастан, олардың құрылымдық және функционалдық белгілерін салыстыра зерттеу нәтижесінде 19 ғасырдың орта шенінде туған.
Ареалдық тіл білімі – (лат.аrea – кеңістік, аудан) – лингвистикалық география әдістері арқылы тіл құбылыстарының таралу жайын, тіларалық (диалектаралық) байланыстарды зерттейтін тіл білімінің саласы, 19 ғ. 2 – жартысы мен 20 ғ. басында пайда болған.
Структуралық тіл білімі – тілді таңбалар жүйесі деген қағидаға және тіл құрылымындағы жігі айқын элементтерге сүйене отырып, олардың формалды жағын қатаң түрде зерттейтін тіл білімінің саласы.
Психологиялық Компаративтік тіл білімін ығыстырған, жаңа бағыт совет тіл білімі тарихында « Тіл туралы жаңа ілім » немесе « Яфет тіл ғылымы » деп аталады. Бұл бағыт 19 ғасырдың орта шенінде пайда болған.
Этникалық тіл білімі.Этнолингвистика – грекше ethnos халық, тайпа) – тілдің халық мәдениетіне қатысын зерттейтін тіл біліміндегі бағыт.
Социологиялық (әлеуметтік) бағыт (социолингвистика) тілді адамдардың қоғамдық қызметіне, кәсіби тіршілігіне қызмет ететін әлеуметтік құбылыс, қарым – қатынас құралы деп қарайтын бағыт.
Эстетикалық бағыт — тілді эстетикалық философия тұрғысынан зерттеу нәтижесінде 20 ғ. басында Батыс Еуропа тіл білімінде туған бағыт.
Дәрісті қорытындылау:
1. Тілдің лексикалық құрамын оның басқа салаларының қай-қайсьісынан болса да өзгеріске бейім тұрады.
2. Фонетикалық ауытқу екі түрлі болады: а) алдыңғы үрпақ тілінде өзара жақын болғанымен, бір-бірінен елеулі өзгешеліктері бар екі дыбысты кейінгі үрпақтың біріктіріп, бір-ақ дыбыс ретінде қолдануы.
3. Грамматикалық жүйе – басқа қабаттар жүйесіне, әсіресе лексика жүйесіне қарағанда әлдеқайда күрделі, берік, қат-қабаты мол жүйе.
Бақылау сұрақтары:
1. Тілдің дамуының қандай заңдылықтары бпр?
2.Лексиканың дамуы, фонетиканың дамуы туралы не білесің?
3.Грамматиканың қалай дамыған?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. А. 1985
2.Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. Алматы,2000
3.Қордабаев Т.Р Жалпы тіл білімі А,1975 және 1981,1999ж